Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы №21 жалпы орта мектептің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары Калбаева Айгуль Алишеровна

0

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
№21 жалпы орта мектептің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары
Калбаева Айгуль Алишеровна

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

20180210_121419

Елбасы Н.Ә. Назарбаев мем¬лекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдап, жаңа нұсқамен танысқан бо¬латын. Осы кездесуде Пре¬зидент қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру үдерісіне қа¬тысты ақпараттық-түсіндіру жұ¬мыстарын жал¬ғастыру қажет¬тігін айтты.
Елбасы жолдауда сөйлеген сө¬зінде: «… ең бастысы – қазақ тіліне жаңғыртуға жағ¬дай туғы¬зады», — деген болатын. Шы¬нында да, әліпби ауыс-тырудың саясатқа да, басқаға да қатысы жоқ, ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп отыр. Тілдің ішкі-сыртқы жағдайы қазіргі жазудың (орфография) айтылымға (орфоэпияға) кері әсер етіп, өзге тілден кір¬ген сөздердің салмағы арта түсіп, кірме дыбыстардың төл сөздеріміздің фонетика-грамматикалық талаптарын бұза бастауы секілді түрлі жағдайлар әліпби өзгерту мәселесін алға тартты. Демек, әліпби өзгерту тек кирилл әріптерін латынмен алмастыру ғана емес, жазу саласында да реформа жасау қажеттігін талап етеді. Яғни кирилл әріптерінде қалсақ, осы әліпбидің емле-ережелері де қапталдай жарыса кедергі келтіруін қоймайды. Себебі біз, қазақтар, орыс тілін өз ана тіліміздей еркін меңгерген, сөздерді араластырып айта беруге де үйренген, тіпті кейде қай тілде сөйлеп, қай тілде тыңдап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалатын дәрежеге жеттік. Екі тілдің әріптері де бірдей болғандықтан орыс тіліндегі сөздер де ешқандай кедергісіз ене береді.
Бір елден екіншісіне өткен кез келген адам да, түрлі бұйым заттар да кеден арқылы өтетін, рәсімделетін болса, тілден тілге өтетін сөздер де еш кедергісіз «сайран салып» жүруі тиіс емес. Сондықтан өзге тілден келген кірме сөздер басқа әліпбидегі жазуға кедергісіз, арнайы «рәсімделусіз» өтіп кете алмайды. Осы жағдай кірме сөздерді тіліміздің табиғи ерек¬шеліктеріне бейімдеп жазып, қазақы дыбыстауға мүмкін¬дік береді. Әліпби өзгерту мәсе¬лесі тек кірме сөздерге ғана қатысты емес, өз тіліміздегі төл сөздерімізді де жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектеседі.
Бүгінгі күні жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар.
Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын алфавитінен бастау алғаны тарихтан белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі алфавит ретінде кеңінен қолданысқа енді.
Енді, осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы бастама көтерілген болатын. Онда қазақ тілі арқылы ұлт болып сақталу, орыс және ағылшын тілінде әлемдік кеңістікке, халықаралық байланыстарға шығудың мүмкіндіктері ашылатындығы айтылған. Бұл да өте дұрыс ұсыныс, заманға лайықты өмір сүруге қажетті жағдайлардан туындаған қадамдар деп ұғуымыз керек.
Қортытындылай айтқанда, әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын алфавитін үйрену, жаза білу және оқи білу Қазақ еліне артық болмайды. Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін қалыптастыра түседі.

Пікір қалдыру