Ақмола облысы, Целиноград ауданы Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы №1 орта мектебі.Рамазанова Гайни Бейсебековна – бастауыш пәні мұғалімі.

0

Бастауыш сыныптардың қазақ тілі пәнінен жаңа әдіс — тәсілдермен жасалған сабақ жоспары.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы №1 орта мектебі.

Рамазанова Гайни Бейсебековна – бастауыш пәні мұғалімі.

 

Алғы сөз

 

Қазақ тілі —   мемлекеттік тіл. Сондықтан ертеңгі қазақ азаматтары болатын, бүгінгі жас жеткіншектерге рухани адамгершілік тұрғыдан бағыт-бағдар беру міндетін атқарады. Бастауыш сынып жасындағы тұлға бойында жалпы мәдениеттің негізі қаланады, қазақ тілге қызығушылығы артады, дербестілігі дамиды.

Қоғамымызға рухани байлығымен, тілімен мол пайда келтіретін, халқының қамын ойлайтын, мемлекетіміздің болашағына өзіндік үлесін қоса алатын жас жеткіншектерді қалыптастыру- Қазақстан Республикасының жастарды тәрбиелеуде алға қойған негізгі мақсаттарының ең бастысы — тіл болып саналады.

Сондықтан бастауыш сыныптардың тіл байлығын, сөздік қорын дамытуда «Сауат ашу», «Қазақ тілі» пәндерінің орны өте ерекше. Сол пәндердің жүзеге асырлуы заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақ беру болып саналады.

«Сауат ашу», «Қазақ тілі» пәні бойынша бастауыш сыныптарға арналған сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер, ойындар, шығармашылық жұмыстар т.б тапсырмалары бар, сабақ жоспар үлгілері бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауат ашу     1 — сынып

 

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі

 

Сабақтың мақсаты: • Ии дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. • Ии дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой — өрісін, тілін дамыту. • «Ит жеті қазынаның бірі» — нақыл сөзінің мағынасын түсіндіру, итті қорғауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: оқулық, оқу құралдары, мультимедиялық проектор, тақырыпқа байланысты парақшалар.

Сабақтың әдісі: СТО

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөліну.

Топ ережесімен таныстыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық дайындық

Таныстырар әріппен

Мынау кітап — Әліппең

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен?

 

Әліппе кітабының тапсырмасы көп:

 

Олар сөздерді оқу, буынға бөлу және жазу, жаттау.

 

Олай болса жаттау кезеңіне келеміз.

 

Әліппе тақпағын сұрау.

 

ІІ. Жаңа сабақ

Үш шырпыдан қайсы әріп

Шығар екен жасалып

Ал шырпыны төгіңдер

Құрастырып көріңдер

Балалар шырпыны алып И дыбысын құрастырады.

Олай болса бүгінгі сабақта И дыбысы мен әріпін өтеміз.

 

И дыбысы дауысты, жіңішке.

Оқушыларға и дыбысынан келетін сөздер ойлату. Ине, инелік, ит, иек, икем. И дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

Әліппенің айту кезеңіне келдік

Суреттерді айту

 

  1. Әліппенің оқу, буынға бөлу кезеңіне келдік.

Ит, кит, ине, инелік, иек, шие, киік, киім, тиын, тиін.

  1. Сөздікпен жұмыс.

 

  1. Сергіту сәті

Ие керек итке

Ине керек жіпке

Икем керек іске

Иық керек жүкке

 

Сөздердің жіктелуін талдау

 

Мен оқимын                                Мен тоқимын

Сен оқисың                                   Сен тоқисың

Ол оқиды                                       Ол тоқиды

 

 

 

Жұмбақ шешу: Үйіңді қорғайды,

Үйшікте тоңбайды. (Ит)

Ит мәтінін оқыту

 

Көмекші

Жеті   қазынаның бірі

Ит                                                    Құтқарушы

Қамқоршы

Дос

 

Ит болып үрдірту.

Кішкентай   күшіктің даусын,   үлкен   иттің даусын салу

Итке ат қою керек

Әліппенің жазу кезеңі:

Дәптермен жұмыс

Ии «Жазу үлгілерінен» үлкен және кіші Ии әрпін көрсетіп, таныстыру, и әрпінің баспа түрі мен жазба түрін салыстыру, и дыбысының бас әрпі мен кіші әріптерін үлгі бойынша жазу, тиек сөзін буынға бөліп, әр буынды іштей дыбыстап, сөзді жазу, жазғанды оқып, оның дұрыс жазылуын тексеру. « Икемді бала, епті бала» деген сөйлемді көшіріп жазу, әр сөзді оқушылардың іштей буындап оқуы арқылы дыбыстап жазғанын бақылау, жазылған сөйлемді дауыстап оқу арқылы тексеру, икем сөзіндегі дыбыстардың біркелкі жіңішке айтылғандығын байқату, оның себебін түсіндіру.

Ойын:

Адасқан әріпті тап

Ай                                  Ши

Ой                        Қи

Май                      Би

Шай                     Ти

 

Қорытындылау: СЕМАНТИКАЛЫҚ КАРТА жүргізу. Мақсаты: өткен әріптерді қаншалықты дауысты, дауыссызға ажырататындығын анықтау. Тапсырма: П А Т Н У Ғ Р О Ш Л Й Ы Д Дауысты дыбыс: Дауыссыз дыбыс:

 

Кері байланыс жасау.

Балаларды мадақтау. «Көңіл күй» ағашына алмаларын ілу.

 

Пікір қалдыру