Батабиева Сәттігүл Ғабитқызы МКҚК №13«Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Атырау қаласы Тақырабы: «Ай, Күн және Әтеш достығы»

0

Батабиева Сәттігүл Ғабитқызы                         

МКҚК №13«Балапан» балабақшасының тәрбиешісі

Атырау қаласы 

 

Тақырабы: «Ай, Күн  және Әтеш достығы»

Мақсаты:

Білімділігі:Балаларды ертегі тыңдауға, өз ойларын жеткізіп сөйлей алуға үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, қолдарының ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды айналаға деген сүйіспеншілікке, достық қарым қатынасқа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Флонелограф ертегіні сахналау үшін күн, ай, әтеш суреттері, түрлі түсті қағаздар, а көлемінде.

Сөздік  жұмыс: достық

Қостілді компонент: күн- солнце, ай- луна, әтеш -петух,  достық- дружба.

Мотивациялық түрткі: Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша!

Терезеге қараңдаршы, күн сендерге өзінің сәулелерін молынан шашып тұр.   Ондай болса, күнге ұқсап, шаттық шеңбер құрайық!

«Сәлем дедік күнге біз,

Сәлем дедік жерге біз.

Сәлемдесіп достармен,

Бірге ойнап, бір жүрген!»

Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

Ендеше, мен мендерге «Ай, Күн және Әтеш» атты ертегіні әңгімелеп берейін.

Сендер жақсылап көріп,тыңдаңдар.

Ұйымдастыру іздестіру

«Ерте, ерте ертеде аспанда ағайынды үш бала өмір сүріпті. Үлкені Күн, ортаншысы Ай, кіші сі Әтеш екен. Күн жердегі тіршілік ететін адамдарға, өсімдіктермен жануарларға жарық пен жылу таратып кеткенде, үйдегі кіші інілері Ай мен Әтеш үнемі келіспей қалатын. Бір күні әбден ыза болған Ай Әтешті айдарынан ұстап алып, жерге лақтырып жібереді.

Кешке үйге келген Күн болған жағдайды естіп, ашуланып Айға:

Туған ініңді көзің қиып, қалай лақтырдың?! Сендей рақымсызды көргім келмейді.Бұдан былай аспанда мен күндіз,сен түнде шығатын боламыз. Ал Әтеш жақын інім болып қала береді.

Сол уақыттан бастап Әтеш таң атысымен Күнді көргенде, «Кукареку» деп айғай салатын болыпты. Бұл «Амансыз ба Күн аға» деген сөз екен. Ал кеш түссе қонақтауға кетеді екен

Күндер өтеді. Ай өзінің кінәлі екенін біліп, Күннен көмек сұрайды.

Күн, менен қателік кетті. Әтеш бауырымды қатты сағындым, мені онымен татуластыршы.

Сонда, күн былай деді.

Мен саған ешқандай көмек көрсете алмаймын. Саған тек бала лар көмектесе алады. Басы салбырап Ай кете барады.

Балалар Айға көмектесеміз бе?

Балалар , маған Күннен хат келді. «Құрметті, балалар! Мен сендердей достарымның барына қуанамын. Сендер мені ауыздарыңнан тастамайсыңдар. Сендерден өтінетін бір өтінішім бар. Айға көмек көрсетулеріңді сұаймын. Айдың Әтеш бауырымен татуласқысы келеді. Әрине ол оңай емес. Ол үшін, балалар, менің тапсырмаларымды орындауларың керек. Мына жіптің бойымен жүре берсеңдер тапсырма алдарыңнан шығады. Сәттілік тілеймін сау  болыңдар!»

Домаланған жіп бойымен жүру.

1.Тапсырма: «Уақытты бағдарлау. Тәулік тізбегін  атаңдар» (таңертең, түс, кеш, түн)

2.Тапсырма: Ойын түрінде «Сыйқырлы қапшық» (қапшық ішінде қарамай, қолмен сезіну арқылы,қандай зат екенін айту.)

3.Тапсырма: «Сан мен затты сәйкестендіру. Қанша қоян бар, сонша санды көрсет» (әр болған әр мөлшерде қояндар мен сандарды тарату.)

4.Тапсырма: «Үлгіге қарап,сызықтарды қосып,аюдың бұтағын боя» (аюдың суретін аяқтау)

Ойын: « Ине мен жіп» (ойын ойнап, сергіту. Ойын шарты: балалар бір бірінің белдерінін ұстап тез тез жүреді,үзілген бала ойыннан шығады.

5.Тапсырма: «Қағаздан әтешті құра,және оған сыйлыққа желдеткіш жаса»

Балалар, Күннің тапсырмалары аяқталған сияқты. Ондай болса, орындарымызға жайғасайық! Ертегінің немен аяқталғанын көрейік.

Сөйтіп,қараңғы түскен кезде, Ай Әтештен кешірім сұрайды.

Кешірші мені Әтеш бауырым ! Мен сені қатты сағындым! Дос болайықшы!

Сонда Әтеш:Жарайды мен сені кешіремін. Маған жерде ұнады, достарым да көбейді. Мен енді жерде қаламын. Дос болсақ, болайық!

Сөйтіп, Ай  әрқашанда Әтеш бауырының ұйқысын қорғап жүретін болады.

Рефлексивті түзету

  • Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
  • Ертегі не туралы?
  • Балалар, қандай жағдайда болмасын әрқашан достық жеңеді.
  • Ертегідегі қай кейіпкерлер сендерге ұнады неге?

Жылулық шеңбері

«Үлкен болып өсеміз,

Үлкенді де тыңдаймыз.

Кішіге көмек көрсетіп,

Әрине, қамқор боламыз».

Күтілетін нәтиже:

Білулері керек: ертегі желісімен әңгіме құру

Түсінулері тиіс: Достықтан асқан еш нәрсе жоқ

Істей алады: Қағаздан құрастыру жұмыстарын жасап,тапсырмаларға сай сұрақтарға жауап береді.

 

Пікір қалдыру