Кенжегалиева Лензат Болатовна

0

ШҚО Семей қаласы № 27 Орта мектебі

Кенжегалиева Лензат Болатовна – технология пәні мұғалімі

Тақырыбы: Cандық жасау, тарихы, үй тұрмысында қолданысы.

Негізгі мәлімет өлшемдері: Сандық негізгі төрт бөліктерден тұрады. 1. Асты – үсті 2. Екі жаны 3. Алды — арты 4. Қақпағы Материалға жұмсалатын қаражат: 5000 теңге ІІ. Ізденіс кезеңі 1. Жобаны таңдау себебі: Қазақ халқының ежелден тұрмыста қолданылатын ұлттық бұйым. Ұлттық қол өнерге деген қызығушылығын, дамыту, ұлттық бұйым сандықпен таныстыру. Салт – дәстүрлерді құрметтеу. Басқа пәндерден алған білімдерін еңбек сабағында дұрыс қолдана білу, қабілетін арттыру. 2. Жобаны орындауға қажетті талаптар, орындалу шарттары: Танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін шыңдау. Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрену. ІІІ.. Жоба жинағы туралы мәліметтер: 1. Сандық – ұлттық бұйым. Сандық әр түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған тұрмыста қолданылатын үй жиһаздары негізіне жатады. 2. Сандықтың шығу тарихы: Қазақ халқының қолөнері өте бай және ою — өрнектері терең философиялық мазмұнда салынған. Ежелгі бабаларымыз жалғыз сандықтың өзін өрнектермен нақыштап қана қоймай, зергерлік өнердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, алтын, күміс басқа да небір құнды асыл тастармен өрнектеген. Ондағы әшекейлердің байланыстары өте күрделі. Ежелгі шеберлер ағаш бұйымдарын көбіне сүйек пен әрлеген. Сандық киім кешек. Әр түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді — кішілі «қол сандық», «әбдіре», «жағдан», «кебеже»т. б түрлері көп. 3. Қолданылуы: Сандық киім – кешек салу үшін қолданылады. Сандықты қыз ұзатқан кезде артынан киім-кешегін салып апарғанға қолданады. Қазіргі кезде осы салт — дәстүріміз қалған жоқ. Сандықтың түрлері: Қол сандық: Бұл Қазақстанның барлық аудандарында ежелден бері көп тараған бұйымның бірі. Қол сандық бойжеткен қыздарға арнап жасалады, ол қыз ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Олай болса қол сандықтар бойжеткен қыздар мен жаңа түскен келіндердің еншісіндегі өте сәнді бұйымдардың бірі. Бұған қыздың жүзік, сырға, білезік, уақ-түйек бұйымдарын, боянатын опа заттарын салатын болған. «Кебеже»- тамақ азық – түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасалатын ағаш сандықтың бір түрі. «Жағдан»- қажетті сапалы былғары мен күмістен қапталған. Оларды табу оңай болмағандықтан, оны тек сән қуған ауқатты адамдар ұзатылатын қыздарына арнап өз қолдарындағы материалдарын беріп жасатқан. Сандықты әшекейлеу: Сандықты жұқа қарағай тақтайдан жасалған. Олардың сырты түгелдей қызыл немесе жасыл, көк бояулармен боялып, бет жағы ою өрнектерді кесу арқылы сүйек пен безендірілген, ол жез, күміс, алтын және түсті тастармен әшекейленген. Оның аспа құлыппен немесе құпия бітеу құлыппен бекітілген. Көбінде ою — өрнек салып сәндеген. Қазақтың ою — өрнектерінің түрлері өте көп. Жан – жануарлардың дене мүшесіне байланысты, табиғатқа құстарға, геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнектер көптеп салынады. Соның ішінде «Қошқар мүйіз, кемпірқосақ, тышқан із» т. б «Қошқар мүйіз» өрнегінің символдық мәні бақыт – береке, байлық, молшылық. «Кемпірқосақ» ою – өрнегі бірнеше түстен жинақтар жасап, алма кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің нышандық мәні бар, көк түс аспанның, ақ — ақиқаттың, қуаныштың, сары — ақыл парасаттың, жасыл — жастықтың, көктемнің символы. ІҮ. Технологиялық кезеңі 1. Жобаны орындау барысы қанша негізгі кезеңге бөлінді Сандық жасау — 8 кезеңнен тұрады. 2. Жобаны орындауда қанша және қандай материал түрлері қолданды: 1. Жұқа тақтай 2. Оракл – 3 метр 3. Қаңылтыр — 0, 5 метр 4. Құлып тілшесі — 1 дана 5. Топсалары — 2 дана 6. Тұтқалары — 2 дана Жобаны орындауда қандай құрал – саймандар, жабдықтар. б қолданылды. Сызғыш, қарындаш, сүргі, ара, қайшы, өрнек кесуге арналған біз шеге. Жобаны орындау барысында болған өзгерістер мен толықтырулар: Сандық ежелден пайдаланылған бұйым, салт – дәстүрге байланысты бойжеткен қыздарға арнап жасалады, ол қыз ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Сандық бойжеткен қыздармен жаңа түскен келіндердің еншісіндегі бұйым. Ү. Қорытынды кезең: 1. Жобаның сапалық бағасы: Өте жақсы 2. Жобаға жұмсалған материалды, уақытты және еңбегіңді есептегенде жобаның құндылық бағасы: Орындау уақыты 5 — 6 күн, есептегенде 5000 теңге 3. Жобаңызға ұқсас саудада тұрған заттан ерекшелігі және артықшылығы: Жобаның артықшылығы өте көркем, әдемі көз тартатын бұйым. Қошқар мүйіз өрнегі ерекше. Алып жүруге ыңғайлы, ерекше бұйым. 4. Жобаны орындауда ортаға қанша, қолдану барысында адам денсаулығына әсері: Сандықтағы заттар адам денсаулығына ешқандай әсер етпейді Оның ішіндегі заттар құрғақ және бір қалыпты сақталады.

Сандықтар кілттенеді, не сыртынан құлып салынатын етіп жасалынады.   Сандық үшін сыртынан кигізден ұлттық жиһаз сандыққап қолданылады.

Сандықты тоздырмай сақтап, түйеге артқанда жайлы және сәнді болу үшін сыртын сандыққаппен қаптап қояды.

Ата-бабамыз көшіп-қонып жүргендіктен ет, ыдыс-аяқ т.б, заттарды қолға ұстап жүру қиын болғандықтан сандықтың маңызы өте зор болған. Сандықтағы ет көп тұрса бұзылмай, ыдыс-аяқ сынбай сақталған. Сандықтағы заттар бір  ай емес, бір жыл бұзылмай тұрған. Қазіргі заманғы тоңазытқыштың рөлін атқарған. Басты ерекше  қорғаныштық, сақтандырғыштық қасиетіне қарап  аса көңіл бөлгіміз келеді. Осы қасиетіне орай сандықты қолдану қажеттілігін сезінеміз. Өйткені өзі ыңғайлы, ішіне не салсаңыз да сақталып, шашырамай, жинақылық көрсететін жиһаздың осы бір түрін мақтаныш тұтамыз.

Ежелгі ата-бабамыздың мұрасы сандықты қазіргі жаһандану заманында көп қолдана бермейміз. Сондықтан да ХХІ ғасырда одан кейінгі ғасырларда осы жиһаздың жоқ болып кету қаупі бар ма деп ойлаймыз. Өйткені қазіргі таңда қасиеті мен ерекшелігіне қарай қолданыста көп емес. Тек оны ата-әжелеріміз бар үйден көруге болады. Әрбір үйден сувенир түрі ретінде ғана көрініс табады.

Ұлттық мұра, қазақ халқының сандығын жаһандану заманындағы жиһаз түрлерінің ішінен көргіміз келеді.

ХҮІІІ ғ. Италяан шеберлерінің мәрмәр асыл тастардан, мозайкалық жапсырмалардан әспеттеген шкафы мен қазақтың сандық түрі асадалды салыстыра қарасақ. Сандықтың айырмашылығы, ағаш түрі, ұлттық нақыштағы ою- өрнек, зергерлік өнер қолданылған. Жұпыны көрінеді. Бірақ біз, нағыз шебердің кейінгі дизайн үлгісін пайдаланып, сақтандырғыш, қорғаныштық қасиетін ескеріп, қазіргі заман талабындағы жиһаз түрлерін көргіміз келеді. Ұлттық өзгешелігіміздің бір қыры ағашты көркем өңдеу әдісін, егер де, өндірісте ұлттық ерекшелікті сақтай отырыа, технологиялық әдіс көркем оймыш, құйманы пайдаланып, ою- өрнектеп, асыл тастармен безендіріп, бедерлеп жасалса нағыз қымбат, көздің жауын алатын басқа  елдердің жиһазынан кемде- кем болмас еді. Өйткені, қазақ қолданбалы өнері эстетикалықкөзқарасты тәрбиелейді.

Әсемдік пен әдемілікті сезініп, түсініп ұғынуда, қабылдауда бабалар мұрасына деген қызығушылығымыз артады. Бабалар мұрасын ұрпақтар мұратына айналдыруға өз үлесімізді қосуға талпынудамыз. Соның айғағы, ежелгі киіз үй жиһазы сандық үйіміздің төрінен орын алса. Сондықтан, ізденушілік жұмысымыз арқылы, келешектегі сандық түрінің жобасын ұсынамыз.

Бұл уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлауда қосқан үлесіміз деп білеміз. Келешекте, біз сандықтың әр пішінді, оюлары көз тартарлық әдемі болғанын көргіміз келеді. Алдағы уақытта ауылда ғана емес, қаладағы адамдарға пайдасы тигенін қалаймыз. Оны ХХІ ғасырдағы технологиялық әдіс және материалдарынан жасағымыз келеді.  Ұлтымыздың асыл мұрасы сол замандағыдай халық игілігіне жараса, тіпті жақсы болар еді. Қазақтың қазақ екенін содан білер едік. Шіркін, сандық жасайтын фабрика болса, дүкендерде алуан түрлі сандық көрсек,  ұлттық рухани байлығымыздың еншісі екендігіне еш  күмәніміз болмас еді.

Жаһандану мәселелері, өркениетті елдер қатарына қосылу қарсаңында, жаңа мәдениетті енгізуді талап етіліп отырғандықтан «Сырлы аяқтың сыры кетсе де , сыны кетпейді»,- дегендей сандықты қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі ұлттық ерекшелігі бар, жасампаз, этикалық, эстетикалықмәдениет қалыптастырудағы қолданбалы өнердің бір бөлшегі ретінде бағалағымыз келеді.

Мүліктік мәдениеттің дамуына үлес қосу, технологиялық білім алу. Ғылыми ізденіс арқылы болашақтағы қажеттілікті анықтау болып табылады

 

Кері қайту

Ілмек сөздер: кебежежағданқол сандыабдыраұлттық қол өнер

Пікір қалдыру