ОҚО, Тулкібас ауданы Калыкулова Нурлайым Мухтарбековна

0

МКҚК « Қарлығаш» балабақшасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Төрт мезгіл.»

II – ші сәбилер тобы.

 

Тәрбиеші: Калыкулова Нурлайым  Мухтарбековна

2016-2017 оқу жылы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

 

Тобы: II — сәбилер тобы: «Балдырған»

 

Білім саласы: «Қатынас. Таным. Денсаулық. Шығармашылық. Әлеумет».

 

Білім бөлімі: Тіл дамыту. Қарапайым математикалық ұғымдар. Құрастыру. Қоршаған ортамен танысу. Дене тәрбиесі. Жапсыру. Мүсіндеу. Сурет.

 

Өтілетін күні:

 

Тақырыбы: Төрт мезгіл.

 

Мақсаты: Сюжеттік рөлдік ойындар арқылы, жыл мезгілдерін әңгімелеу,                                                     сурет бойынша әнгіме құрап, өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету.

Балалардың танымдық қызметін ұйымдастыру. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

 

Міндеті: Көрсету, түсіндіру, сахналау, өлендер оқу. Зейін, есте сақтауын, сөздік қорларын дамыту.

 

Көрнекіліктері: Ертегі кеіпкерлері, жыл мезгілінің суреттері, әртүрлі ойындар, ай аттары жазылған қағаздар,теледидар.

 

Билингвалдық компоненттер: Жыл-год, қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз- осень.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің қызметі. Балалардың қызметі.
Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі. Балалар бір-біріне, достарына деген ыстық   лебіздерін білдіреді. Аппақ қардай көңілмен,

Көк өрім көктем өмірімен.

Жаздай жарқын сеніммен,

Күздей жеміс төгілген

Төрімізде көрінген

Сәлем бердік сіздерге.

Ұйымдастыру ізденушілік. -Ал, ендеше балалар біз бүгінгі келген қонақтарымызға «Төрт мезгіл» атты ертегіні сахналап жіберейік.

— Ерте, Ерте ертеде жыл Ақсақалдың төрт баласы болыпты. Екі ұл, екі қызы болыпты. Үлкен ұлының аты Қыс тентек, қатты,суық болып өсіпті. Одан кішісі Көктемгул көңілді ашық жарқын болыпты.

Екінші қызы Жазгулдің мінезі жайдарлы бопты. Кенжесі Күз сылбыр, ерке болып өскендіктен көңілшек көзінің жасы бырт-бырт жас тамшылап шыға келеді.   Бір жақсысы қолы ашық, жомарт болыпты.

-Жыл ақсақал төртеуінде өте жақсы көрген. Балаларыда оны қатты құрметтеп, сыйлапты. Жыл ақсақал балаларын өскен кезде шақырыпты.

— Ұлдарым мен қыздарым ақылдарың толысты енді мен сендерге төрт мезгілді беремін. Келешектеріне үлкен сенім арттып отырмын деп, үлкен ұлы Қысты шақырады.

 

Жыл: -Бар бол, балам.

 

Жыл: -Жарайсың ұлым,

Мына менің алдымда ай аттары жазылған қағаздар бар. Өзіңе ұнағанын ал.

 

Балалар, қыс мезгілінің түсі қандай?

 

 

Тәрбиеші: Балалар, қыс мезгіліне жататын ай аттарын атаңдаршы?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл: Жарайсыңдар балалар!

Ендеше келесі Көктем қызымызды шақырайын.

Жыл: Сәлеметсің бе?

Көктем аруым!

Менің алдымда тоғыз ай қалды. Қыс ағана үшеуін сыйладым. Саған да үшеуін сыйлағым келіп тұр.

Балалар, менің түсімнің қандай болғанын қалайсыңдар?

Балалар көктем айларын еске түсірейікші.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл:

Ал,жарайды Жазым менің, саған берер еншім бар.

Менің алдымдағы қызыл жапырақтардан ала ғой.

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Балалар Жаз мезгілінің айларын айтып жіберейікші.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл: Жарайсындар балалар!

Рахмет саған Жаз көңілімізді бір көтеріп тастадын.

Соңғы баламды шақырайық ортаға.

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Балалар Күз айларын атап жіберейікші.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыл: Сонымен сендер жыл он екі ай жұмыс істейтін боласыңдар. Бірақ бір ескертерім бар, әрқашан халық үшін адамдар үшін қызмет ететіндерінді ұмытпандар.

Тәрбиеші: Жыл ата кетпес бұрын бата берініз.

 

Жыл: Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейін!

Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті төгейін.

Қуат әкелсін жеріме

Бейбітшілік елде болсын

Бақ дәулет қонсың еліме

Балалар- ақылды болып

Елін, жерін қорғасын

Әумин!

Сау болындар балалар?

Тәрбиеші: Атамыз айтқан ақыл сөзді ойымызда сақтайық.

Ал, енді балалар осы төрт мезгілдің ауылына саяхатқа барайық.

Төрт мезгілдің суреттері бойынша әңгіме жүргізу, сұрақтарға жауап беру.

4 топқа бөлініп жұмыс жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар біз бүгін ертегілер елінде «Төрт мезгілмен» кездестік. Олардың жақсы- жақсы сөздерін естідік. Енді біз келген қонақтармен қоштасайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс: Азамат Армысың ата.

 

Қыс: -Жалп-жалп жауды қар,

Тоң киіндік, боран бар.

 

Ақ Қыс:

Ендеше мен ақ түсті қалаймын.

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

1.    Балжан

Азынайды бораны,

Желтоқсан бұл жыл басы.

2.    Тайр

Қаңтар келді ышқынып,

Сірескен қар жап-жарық.

3.    Жамбыл

Ақпанда, бір қатады, бір жібіп.

 

 

 

Көктем:

Күн жылына бастады,

Ұнатамын бетімнен өпкен желді.

 

 

 

 

 

 

Наурыз. Сәуір. Мамыр.

1.    Асқар

Наурыз келді шуақты

Жылғалармен су ақты.

2.    Әсем

Сәуір келіп жетті енді

Жырға қосып көктемді

3.    Селена

Мамыр келді ән- думан

Жұпар иісі аңқыған.

 

 

 

Жаз: Лаура

Менің түсім қызыл

Қызыл гүлді

Қызыл күнді

Алмаларды

Бояу үшін

Қызыл түс

Маусым , Шілде, Тамыз.

1.    Балауса

Маусым келді жаз мейрам

Жан-жануар мәз мейрам

2.    Айзере

Шілде келді

Бұл бір ай

Жаз айы ғой ең ыстық.

3.    Данияр

Тамыз Жомарт бұйырды, Жүзім алмұрт үйілді.

 

 

 

Күз: Бейбарыс

Күз келді, күз келді

Күдерін жаз үзгенді

Күз келді, күз келді

Айнала сары түске енді.

 

Қыркүйек,Қазан, Қараша.

1.    Ш. Ерқанат

Қыркүйек келіп,күз келіп

Шопан көшті күздеуге.

2.    Ләззат

Қазан келіп,көсілді

Аяқтап жұрт жұмысты

3.    Жанерке

Қараша кеп шіренді

Аспан жиі түнерді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыста коньки тебеміз

Көктемде ағаш егеміз.

Жазда суға шомылып

Күзде жеміс тереміз.

 

 

1-топ: Қыс

Қоянды мүсіндеу.

2-топ: Көктем

Қоянды бояу.

3-топ: Жаз

Қоянды құрастыру.

4-топ: Күз

Қоянды жапсыру.

 

 

Біздің топтық ұл –қыздары,

Тату- тәтті ойнайды

Әлемді бар адамға,

Тек жақсылық ойлайды.

 

Біз ақылды баламыз.

Айтқан тілді аламыз

Бүгін келген қонаққа,

Рахметімізді айтамыз.

 

 

 

 

                                         Күтілетін нәтиже:

 

Білуі қажет: Төрт мезгілдің ерекшеліктерін.

 

Қалыптасқан түсініктер: Төрт мезгілді толық меңгеру,он екі айды толық             атай алу. Сурет бойынша әңгіме құрастыра білу. Жаңа сөздердің мәнін түсіну.

 

Орындаушылық қабілеті: Берілген сұрақтарға жауап беру. Құрастыру,       жапсыру, мүсіндеу, сурет салуды толық орындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру