ОҚО, Тулкібас ауданы Калыкулова Нурайым Мухтарбековна

0

 

«Қарлығаш» балабақшасы

«Жігіт сұлтаны» байқауы

Тақырыбы: «Жігітке жеті өнерде аз»

Тәрбиеші: Калыкулова Нурайым  Мухтарбековна

2016 – 2017 оқу жылы

                               Тақырыбы: «Жігітке жеті өнерде аз»

 

       Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақтарды сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату. Ата – салтын насихаттай отырып, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт – дәстүрімізді дәріптеуге тәрбиелеу. Ұлдардың бойына нағыз қазақ жігітінің қасиетін сіңіру. Сахына мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке тәрбиелей отырып, ұлттық тұлғаны қалыптастыру.

 

Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар,

бүлдіршіндер! Сіздерді бүгінгі «Жігітке жеті өнерде аз» атты жігіт сұлтаны сайысына қош келдіңіздер. Жігіттеріміз өз өнерлерін ғана көрсетіп қоймай, біздің салт – дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды, шеберліктерін көрсетеді. Олай болса жігіттерімізге сәт – сапар тілей отырып, «Жігітке жеті өнер де аз» атты жігіт сұлтаны сайысын ашық деп жариялуға рұқсат етіңіздер.

 

Дария:         Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ.

Ел дәстүрін қолдамақ.

Ер намысын қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ.

 

Арай:         Қайсысы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек,кім жылдам.

Таланттарын табайық.

 

Дария:       Әділеттен жаралған жанбысыздар.

Бейне бір жауатұғын қармысыздар.

Жігіттерге әділ баға беретұғын.

Әділқазы алқасы армысыздар!

Әділқазылар мүшелерін сайлап алсақ.

Балбақша меңгерушісі: Күлшарипа Қуанышқызы Бердибаева

Балабақша әдіскер: Балқия Насырқызы Аяпова

Балабақша тәләмгері: Ділдайым Мұхтарбекқызы Қалықұлова

 

Арай: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық.

  1. Сайлаубек Ерсултан
  2. Илиас Ерасыл
  3. Ергешбай Даниял
  4. Ерназар Али
  5. Нұрлыбай Нұрасыл
  6. Еңсебек Елнұр
  7. Садуақас Мейірман
  8. Ділдабек Нұрсултан
  9. Арысбек Мейіржан

 

Арай: Сайысымыз алты бөлімнен тұрады.

  1. Кел танысайық. (өзін таныстырады)
  2. Көрермен көз айымы ( өз өнері)
  3. Сен білесің бе? ( ұлттық затты сипаттау)
  4. Батаменен ел көгерер. ( Бата беру)
  5. Жеті атамызды білеміз бе?
  6. Жігітке жеті өнерде аз. ( жерден тартылу)

 

Дария:       Жігіттер келіп жетті танысуға.

Бойындағы бар дарынды дамытуға.

Жігерленіп сахынаға келіп жетті.

Әдеппен, ізетпенен табысуға.

 

Арай:    Келесі бөлім «Көрермен көз айымы» деп жігіттер өз өнерлерін көрсетеді.

 

Дария:  Келесі бөлім «Сен білесің бе?» Ұлттық заттарды сипаттайды. Ортаға үміткерлерді шақырамыз.

 

Арай: Бүгінгі сайысымыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен қатарлас келіп отыр. Сондықтан Наурыз мерекесіне арналған өлең – тақпақтарымызды тарту етеміз. Ортаға

 

Анель   Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз.

Көгерсін деп халқымыз.

 

Нүрай   Ұлы күні ұлыстың.

Күні мен түні теңелген.

Тәтті дәммен ырыстың.

Таттық наурыз көжеден.

 

Інкар      Ақ келді тойдық уызға.

Ақ шубат, саумал қымызға.

Ауылым тойға жиылды

Наурыз көже құйылды.

 

Нүргүл     Бата беріп атамыз.

Бата беріп апамыз.

Тәтті көже жасаған.

Наурыз көже татамыз.

 

Дария: Келесі бөлім «Батаменен ел көгерер» дей келе ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

 

Арай: Келесі бөлім «Жеті атаңды білесің ба?» дей келе ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

 

Дария: Келесі Наурыз туралы тақпақтарымызды тарту етеміз.

 

Медина   Наурызбен құттықтап

Алыс жақын қауышты

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты.

 

Айару    Наурыз нүры шашылды

Қыс ызғары басылды

Туған туыс көрісіп

Көңілдері ашылды

 

Жанбота      Уа, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойы көңілді

Бірге қарсы алайық

 

Гүлсімай       Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бір жақсылық болады.

 

Гүлсезім      Кел, балалар ойнайық.

Наурыз тойын тойлайық

Баянды болып мереке

Қыр гүліндей жайнайық

 

Арай: Келесі бөлім «Жігітке жеті өнерде аз» дей келе жігіттерімізді жерден тартылу сайысына шақырамыз.

 

Дария: Әділқазылар әділ бағасын бергенше Наурыз мерекесіне орай қыздарымыздың «Көктем биін» тамашалаңыздар.

 

Арай:         Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың

Баққытқа бөлеңдерші қазақ халқын, деп сөз кезегін әділқазылар алқасына сөз береміз.

 

Дария:       Бойларыңда от бар екен, байқадым.

Жүректерде шоқ бар екен, байқадым

Әрқашанда осы шоқты өшірмей

Жалындап шарықтаңдар әрдайым, дей келе бүгінгі «Жігіттер сайысын» осымен аяқтаймыз.

 

                                                 Таныстыру

  1. Сайлаубек Ерсултан

Армысыздар жиналған көпшіл қауым

Биік қойған жанынан намыс арын

Көпшілік менде өзімді сынға салдым.

Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын.

Топтан озу мақсатым болмаса да,

«Сұлтан» болу мақсатым халқым менің.

Ұлымын Ерланның «Ерсұлтан» атым

Боламын немересі Сайлаубектің.

Сұрасаңыз руымды айтып берем,

Ішінде ұлы жүздің «шуылдақпын».

 

  1. Илиас Ерасыл

Ассалаумағалейкум.

Армысын кең далам

Естимісін кең далам

Мен Ерасылмын ғой сенің ұлың

Тегім Илиас

Ұлтым қазақ

Сүйегім Темір кең далам

Бәйтеректей әкемнің

Аты Руслан.

Анашым Айгерім.

 

  1. Ергешбай Даниял

Көкте қыран самғаған

Тәуелсіздікке жеттік-ау сол аңсаған

Рухы биік дархан дала мекенің

Ассалаумағалейкум қазақ елі

Жігіттер сайысына келіп тұрған

Ұлы жүз Қусирақтың ұрпағымын

Атым Даниал Медетулы мен боламын.

 

4.Ерназар Али

Қазақтың баласымын тегі бүтін,

Елі бар жасайтұғын ер үгітін.

Жігіттің сұлтаны боп келіп тұрмын,

Ақтасам деп алдында ел үмітін.

Түскенде аламанда терге құлан,

Теңгеңді теріп жүріп жерден жұлам.

Ат құлағы ер астында ойнақтаған,

Ұлыңмын өзің ерке Али болам.

 

5.Нұрлыбай Нұрасыл

Қош келдіңдер бәрінде бұл сайысқа

Көрсетейік өнерді бұл жарыста

Жігіттің сұлтаны деп бақ сынасып

Келіп тұр құрдасым, достарым да,

Нұрасыл атты есімін, танып алғын

Жпрқырап ұшқын шашқан от жанарым

Қолдан бермес намысты елдің ұлы

Құдайқұлдың бір баласы мен боламын.

Абилов Жомарт-әкем, ақылшым.

Анам аты- Гулсара ғой

Екеуі де мейірімді асыл жан

Тәрбиелеп мені өсірген ата-анам.

 

6.Еңсебек Елнұр

Бисмиллә сөз бастайын арапшалап

Қонсын деп алашқа құс, қазаққа бал

Еліме өсуімен елші беріп

Сыбаға таратайын табақ-табақ

Ақ періште біздер біздер жайлы жеткізсін

Жаратқанға тез ақпарат

Сегіз қырлы бір сырлы мерекелерің құтты болып

Баршанызға, Алланың нұры жауып

Сәлем бердім баршаңызға қазақшалап

Қарлығаш менің бала-бақшам

Жанайым менің алтын тобым

Білім нәрін сусындатқан

Нурлайым мен Мадина апайларым мәңгі жасап,

Жігіттің сегіз қырлы бір сырлы султаны

Елнұр атты улдарың мен боламын.

7.Садуахас Мейірман

Ассалаумағалейкум халқым менің

Амандасу сөз басы салтым менің

Сәлем бердім білім берер ұзтаздарым

Бірге өтер өздеріңмен қыс жаздарың

Алдыңда сынға тускен ұлдарыңды

Жебей гөр әділ алқа қазылпрым

Қазақтың баласымын тегі бүтін

Елі бар жасайтұғын ер үгітін

Жігіт сұлтаны сайысына келіп тұрмын

Ақтасам деп алдында ел үмітін

Садуахас Мейірман мен боламын

Руым Ботпай шыққанбыз улы жүзден

Әрқашан әділдікке басымды ием

Ұлықтап қазағымның дәстүр-салтын

Әлімжан асқар тауым аяулы әкем

Бәйтерегім саялы Ғалия анам

Қошемет болсын онда батыр улға

Көнбені бұзам тубі ақырында

Әлі де асу асып жетер едім

Жарыста топты жарып өтер едім

Көрермен мені қолдап отырсаңдар

Сендерді төбеме алып көтеремін.

 

8.Дильдебек Нұрсұлтан

Көпшілік менде өзімді сынға салдым

Ұлықтап қазағымның дәстүр-салтын

Топтан озу мақсатым болмасада

Сүлтан болу мақсатым ізетпен

Нұрсұлтан болды атым сурасаңыз

Сихым екен кешегң бңр атамыз

Әкешім Талғат пана болған біздерге

Жүз жасаңыз

Анашым Кәрібек қызы Жәмила

Жүзінен төгілген күннің нұры

Мойнымнан түсер мекен перзент жүгі.

Ұстаздарым Нүрлайым мен Мадина апй

Біздерден бар білгенін аямаған

Осындай ұстаздардың арқасын

Көпшіліктің көңілі тояр маған.

 

9.Арысбек Мейіржан

Шыр етіп туысымен адам болдым

Жыл сайын өсіп толып, өнер қудым

Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ

Бүгін мен жігіт сұлтанына келіп тұрмын.

 

 

                                                     Бата

  1. Сайлаубек Ерсултан

Ия жаратқан өмір берсең жайлы ғып бер!

Даулет берсең сыйлы ғып бер

Ұл берсең от болсын!

Қыз берсең шоқ болсын!

Келін берсең, келісті болсын!

Келешегі өрісті болсын!           Аумин!

 

 

  1. Илиас Ерасыл

Аумин десең маған

Құдай берсін саған

Алтыннан – жаған

Күмістен – тағаң

Оң жағынан кетпесін

Күрпілдек қара сабаң

Жортсаң жолын болсын

Жолдасың қыдыр болсын

Тілеуің қабыл

Мұратың асыл боласын

Ішкенің қымыз

Жегенің сырбаз

Кигенің түлкі болсаын

Жүрген жерің ойын – күлкі болсын!           Аумин!

 

 

  1. Ергешбай Даниял

 

Аумин десең маған

Берейін бата саған

Талмайтын талап берсін

Самғайтүғын қанат берсін

Баянды бақыт берсін

Ұзақ ғұмыр,                  бақыт берсін!     Аумин!

 

  1. Ерназар Али

Құдайым қолдасын

Жамандық ешбір болмасын

Дәулетің тасып бұдан да

Тепсең кетпес басыңа

Баянды бақыт орнасын

Ұзақ болып жастарың

Қызығын көріп балаңның

Ашық болсын аспаның!         Аумин!

 

  1. Нұрлыбай Нұрасыл

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жолын болсын

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын

Ұлыс береке берсін

Пәле – жала жерге енсін!               Аумин!

 

  1. Еңсебек Елнұр

Бисмиллә – Рахман – Рахим!

Аумин десең міне бата

Қолдасын қыдыр ата

Қыдыр қияласын, періште ұяласын.

Құдайым жарылқасын

Бақ даулет арылмасын

Ұлыс оң болсын

Ырыс мол болсын

Аман болсын аймағым

Асқақтасын айбарым

Ұлы күні, Ұлыстың ұуанышпен қауыстым

Амандығын тілеймін ағайын мен туыстың

Шаттық тұздан жаралған

Ақ батадан нәр алған

Жаңа жылда халқыма

Бақыт берсін бір аллам

Қазынасы кең халқымның

Сынығындай алтынның, қабыл болып баталар,

Мерейің толсын

Елім аман болсын, бейбітшілік заман болсын!                   Аумин!

 

  1. Садуахас Мейірман

Бай қылсын

Төрт түүлік сай қылсын

Кетпес даулет берсін

Отауыңа саулет берсін

Бастарыңа бақыт қонсын

Дұшпандарың жоқ болсын

Көре алмаған қаскөйдің

Іші күйіп шоқ болсын

Ризық нәсәбің тасып

Көңілдерің тоқ болсын

Туған балаларың ер – жетіп

Өсіп үлкен ел болсын

Бақталасың кем болсын

Даулетің шалқып, сел болсын

Дастарқаның кең болсын

Ұлыс оң болсын!                   Аумин!

 

8.Дильдебек Нұрсұлтан

Түндерің тыныш болсын

Үйлерің ырыс болсын

Ұлдарың есті болсын

Немерелерің жубаныш әкелсін

Орындарың төр болсын

Дастарханың мол болсын

Уайым – қайғыларың жоқ болсын

Еліңде бірлік болсын

Жарасты тірлік болсын!           Аумин!

 

 

9.Арысбек Мейіржан

Бата десеі берейңн

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қой жайсаң

Ақ тілекті төгейін

Дастарқаның тоқ болсын

Уайым – қайғың жоқ болсын

Бақ – даулет берсің бастарыңа

Ғұмыр берсін жастарыңа

Пәле – жала, жын шайтан

Жоламысын қастарыңа!           Аумин!

 

 

Жеті атасы

  1. Сайлаубек Ерсултан

Жеті атасы:   Ерлан, Сайлаубек, Сейсенбей, Бегалы, Қосалы, Шыналы, Қарқабат,

  1. Илиас Ерасыл

Жеті Ата: Байжігі, Айдар, Оспан, Абдрахман, Илмас, руслан, Ерасыл

  1. Ергешбай Даниял

Жеті Ата: Тоқсейіт, Серік, Байтоқ, Бибол, Әлімқұл, Базарбай, Ергешбай, Медетбек, Даниал

  1. Ерназар Али

Жеті Ата:   Санатбай, Қанатбай,Құдайберген, Пірназар, Ерназар

  1. Нұрлыбай Нұрасыл

Жеті Ата: Жомарт,Нұрлыбай,Танабай, Айдар, Қарабатыр, Наурызбай, Тәжібай

  1. Еңсебек Елнұр

Жеті Ата: Мади, Еңсебек, Ыбырайм, Қойбағар, Дәуімбет, Сәуікбай, Ырысбек

  1. Садуахас Мейірман

Жеті Ата: Алымжан, Нартай, Садуахас,Әмірбай, Әлімқұл, Калымбет,Құрман

  1. Дильдебек Нұрсұлтан

Жеті Ата: Нурсултан, Талғат, Әйнек,Танабай, Асылбек,Қоштай,Сағынбек

  1. Арысбек Мейіржан

Жеті Ата:     Муратбек, Арысбек, Сайлаубек, Қуралы, Бекмурат, Қуатай, Игілік, Тәңірбек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру