ОҚО Тулкібас ауданы Калыкулова Дилдайым Мухтарбековна

0

МКҚК « Қарлығаш» балабақшасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Көршісін ата»

Тобы: «Айналайын» ортаңғы топ.

Тәрбиеші: Калыкулова Дилдайым Мухтарбековна

2016-2017 оқу жылы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

 Тобы: «Айналайын» ортаңғы топ.

 Білім саласы: Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеумет.

 Өтілетін күні: 21.10.2016 жыл

 Тақырыбы: «Көршісін ата»

 

Мақсаты: «Көршісін ата» дидактикалық ойыны арқылы 4-ке дейінгі тура дұрыс санау дағдыларын бекіту. « Не артық ? », «Хан талапай» дидактикалық ойындар арқылы балалардың көріп-ажырату, заттық кеңістікте бағдарлау қабілеттерін жетілдіру.

Геометриялық пішіндерді қолдана отырып, ұлттық ыдыстарды құрастыру шеберліктерін арттыру. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Ұлтшылдыққа, адамгершілікке, сыйластыққа., тазалыққа, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

 

Қолданылатын әдіс-тәсіл: еске тусіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар, сергіту сәті, жұмыстандыру, мадақтау, қорытындылау.

 

Сөздік жұмыс: жайлау, көрші, торсық, қымыз.

 

Билингвизм: киіз үй-юрта, жылқы-конь,сиыр-корова.

 

Көрнекілік құралдар: заттық және үлестірмелі суреттер, сан таңбалары, қима қағаздар, фломастер, үлгі, «Жайлау» макеті, хат, қозғалмалы жылқы.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші қызметі Балалардың іс-әрекеті
 

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі

(Балалар залға әуенмен кіреді)

—            Сәлеметсіздер ме балалар!

—            Көңіл-күйлерің қалай?

—            Ең алдымен жан-жағымызға

қарайықшы, бүгін біздің ашық оқу қызметіне көптеген қонақтар келіп отыр. Олармен амандасайық.

—            Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Біздің «Қарлығаш» балабақшасына қош келдіңіздер.

—            Жарайсыңдар. Енді бәріміз

ұлкен «Жер шары» шеңберін құрайық.

Ортақ мекен- жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығы мен жарасқан

Туыспыз біз бәріміз

Біз Отанды сүйеміз

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз!

—            Туған жеріміз қалай аталады?

 

—            Амандасады.

—            Жақсы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—            Састөбе ауылы

 

 

 

Ұйымдастырушы ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мен сендерді жайлауға саяхатқа апарайын

—            Кілемше бетіне

жайғасып,көзімізді жұмайық

—            Біздің туған жеріміз-

жарқырап тұрған күн,ашық аспан,көрікті өзен, жап-жасыл дала (көзімізді ашамыз)

—            Біз қайда келдік?

—            Неше киіз үй бар? Нелер

жайылып жүр?

—            Қанша сиыр, түйе, қой,

жылқы бар?

 

Алдар көсе атпен келе жатып,балаларды қағып кете жаздайды.

—            Оу, балалар, аман-есенсіңдер

ме? Сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?

 

 

—            Ой, алдау деген не тұрады?

Мен сендермен «Хан талапай» ойының ойнап жіберейін.

Қызыл асық алған бала-қызыл қызғалдақ гүлі бар үстелге, ақ асық алған-түймедақ гүлі бар үстелге, сары-сары қызғалдақ гүлі

бар үстелге отырады.

Үлгі бойынша геометриялық пішіндерден торсық пен кесе бейнесін жапсырады.

—            Балалар, сендер не

құрастырдыңдар?

—            Кесемен не ішеді?

—            Торсыққа не құйямыз?

 

 

—            Алдар көсе,қараңызшы

біздің балалар лезде кесе, торсық құрастырып берді. Осыны сыйлық ретінде қабыл алыңыздар.

 

—            Жарайды

 

 

 

—            Біз жайлауға

келдік

—            Екі киіз үй бар

—            Үй жануарлары 3

сиыр, 4 түйе, 3 жылқы, 2 қой

 

—            Сәлеметсіз бе,

Алдар көсе. Біз жайлауда саяхаттап жүрміз.

—            Алдар көсе

алдай аласыз ба?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—            Кесе, торсық

құрастырдық.

—            Кесемен

айран,сүт, қымыз, шұбат ішеді.

—            Торсыққа

айран, қымыз, сүт, су құямыз.

Жетекші



 

—            Балалар, біз енді өз ауылымызға

оралайық.

—            Қайта кілемшінің үстіне

жайғасайық, көзімізді жұмайық (музыка әуенімен)

—            Ашық аспан аясында

бұлттардың қасынан орман үстінен өтіп, өз тобымызға келдік

—            Балалар, біз қайда бардық?

 

—            Жайлауда кімдерді көрдік?

 

 

—            Балалар бүгінгі оқу іс

әрекетінде не үйрендік?

 

 

 

 

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.

 

 

 

 

 

—            біз жайлауға

бардық

—            жайлауда Алдар көсені

көрдік

—            Төртке дейін

санауды, салыстыруға, түсті ажыратуды үйрендік

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білуі қажет:1-4 дейінгі сандарды санауды, геометриялық пішінді.

Қалыптасқан түсініктер: геометриялық пішіндерден қажетті бейнені құрастырады, түр-түсті ажыратады.

Орындаушылық қабілеті: «Хан талапай» ойынының шартын бұзбай ойнауды, артық затты таба отырып, қалғанын атай алады.

Тәрбиеші: Д.М.Калыкулова

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру