Оңтүстік Қазақстан облысы, Калыкулова Дилдайым

0

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Түлкібас ауданы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық

картасы

Тақырыбы: «Су мен ауа»

Тобы: «Айналайын» ортаңғы топ.

«Қарлығаш» балабақшасының

тәрбиешісі: Калыкулова Дилдайым  Мухтарбековна

2016-2017 оқу жылы

 

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

 

Тобы: « Айналайын » ортаңғы топ

 

Білім саласы: Таным.

 

Оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

 

Өтілетін күні: 25.01.2017ж

 

Тақырыбы: «Су мен ауа»

 

Мақсаты: Балалардың су мен ауа туралы білімдерін тиянақтап, тәжірибе арқылы танымдық белсендігіктерін дамыту., сөздік қорын, тіл байлығын молайту. Табиғатты қорғап, қадірлей білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: Шыны ыдыстар, мөлдір таза су, түрлі түсті бояу, қыл қалам, мақта жіп, шар.

 

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

Шеңбер болып тұрайык

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу сыйлайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.

— Балалар, бүгінгі табиғат аясындағы ашық оқуқызметін жұмбақ жасырудан бастайын.

Жұмбақ:

Аяқсыз – ақ жорғалайды, жүреді

Аузы да жоқ, сыңғырлайды күледі.

Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ

Айтыңдаршы, осыны кім біледі.   (Су)

«Су мен aya». Олар кандай құбылыстарға жатады?

— Балалар: Табиғат құбылыстарына жатады.

— Тәрбиеші: Табиғат туралы кім   қандай тақпақ біледi?

Данияр:

Табиғат деген — Жер Ана,

Балалар оны бағала.

Табиғат деген — Туған жер,

Қорғайды оны барлық ел.

— Балалар, суды кандай кажеттілікке пайдаланамыз?

— Ішуге, жуынуға, өсмідіктерге, тамақ жасауға қажет.

— Судың түсі, дәмі қандай болады?

— Tүccіз, мөлдір таза, дәмі жок.

— Балалар, су мен тәжірибе жасап көрейік.

Шыны ыдыстарға таза су құйып, түрлі — түсті бояулар арқылы тәжірибе жасайды.

1 бала: Су – адамға қажетті тағам.

2 бала: Сусыз тазалық болмайды

3 бала: Суссыз тіршілік жоқ.

4 бала: Суссыз тамақ піспейді.

5бала: Су арқылы үйді жылытады.

6 бала: Су отты өшіреді.

7 бала: Суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады.

— Қане, балалар, бойымызды 6ip cepгітіп алайық.

Сергіту сәті:

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайьң.

— Жарайсыңдар, балалар, тағы да жұмбақ жасырып керейін.

Аспанға жайып қойған

Ақ мақтам ғайып болған. (бұлт)

Әуен естіледі.

Бұлт: (бала) Қайда менің тамшыларым? Мен сендерді жерге саяхатқа жіберемін. Жердің шөлін қандырып оралыңдар. Өздеріңді жақсы ұстаңдар, бұзақы болмаңдар (бұлт кетеді)

«Тамшылар биі»

Тәрбиеші: Жаңбыр тамшыларын бақылаған қандай тамаша.

(күн шығады) Күннің көзі де шықты. Жерді қыздырады. Сол кезде, балалар, тамшылар буға айналып, аспанға көтеріледі. (тамшылар кетеді)

Әуенмен Қар ханшайымы кіреді.

Қар ханшайымы: Мен кіммін, мені танымасаңдар бәріңді қатырып тастаймын. Жаңағы алдымнан шыққан тамшыларды үсіріп, ақша қарға айналдырып жібердім, міне көріңдер. (ақша қарларды шашады)

Тәрбиеші: Сабыр сақтаңыз, Қар ханшайымы. Сиқырлы сүңгіңізді сермемеңіз.

Қар ханшайымы: Қорықтыңдар ма, бұл менің әзілім ғой. Менің жүрегім мұз болғанымен, өзім мейірімдімін.

Тәрбиеші: Құрметті ханшайым, сізді көргенімізге қуаныштымыз! Суық екенсіз, қане балалар, жақындап ұстап көріңдерш.

         Қар ханшайымы: Ұстамаңдар мені, мен еріп кетемін. Менің де суға қатысым бар. Менің жарқыраған қамалым, менің ақшақардай киімдерім судан жасалған.

Тәрбиеші: Білесіз бе, біз бүгін сиқырлы — су мерекесін тойлап жатырмыз.

  • Е, балалар, енді мен түсіндім. Сиқырлы су бізге тамшы боп, енді міне

Қар ханшайымы түрінде келіп тұр ғой, қандай керемет!

Тәжірибелер жасалған үстелге ертіп барады.

       Тәрбиеші: Қар ханшайымы, қараңызшы, балалармен жасалған түрлі –

түсті мұздар суға айналып кетті. Неге, білесіз бе? Онда балалардан сұрайық.

Балалар: Өйткені топтағы ауа жылы ғой. Мұздар еріп кетті.

Қар ханшайымы: Онда мен далаға, суыққа кетейін, әйтпесе еріп

кетемін.

Жұмбақ:

Барма, жоқпа, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің.   (Ауа)

Ойын: «Кімнің мақтасы жоғары ұшады»

Ойынның мақсаты: Жіптің ұшына мақтаны іліп, оны үрлейміз.

  • Өте жақсы балалар!)
  • Ауаға байланысты тағы бір тәжірибені шар арқылы жасап көрейік. Егер шарды артық үрлесек, шарымыз жарылып қалуы мүмкін бе?
  • Шарды ауа арқылы үрлейді. Артық ауа шарымызға сыймағандықтан ол жарылып кетеді.

 

Тәрбиеші баллардың жаңа сабақтан түсінгендерін қайталап айтқыза отырып, оқу қызметін қорытындылайды.. Оқу қызметіне өте жақсы, белсене қатысқан балаларды мадақтап, бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОҚО, Түлкібас ауданы

«Қарлығаш» балабақшасы

Тәрбиеші: Д.М.Калыкулова

 

Пікір қалдыру