ШҚО Аягөз ауданы Т.Есімжанов орта мектебі Тарих пәнінің мұғалімі Азимбаева Рыскул Тлеккалиевна

0

Бағыты: Қазақстан тарихының ескерткіштері және туризмді дамыту
Секция: Тарихи зерттеу
Жоба жетекшісі: Тарих пәнінің мұғалімі
Азимбаева Рыскул Тлеккалиевна

2016-2017жж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………….3
I. ШЕШЕНДІК ӨНЕР ХАЛЫҚТЫҢ МОЛ МҰРАСЫ…………………………….8
1.1. Тарихқа тағзым……………………………………………………………………………….8
1.2. Билер және олардың шешендік өнері………………………………………………9
II. НИЯЗ ТІЛЕУҰЛЫНЫҢ МҰРАСЫ…………………………………………………..16
2.1. Қазақтың бір туар биі……………………………………………………………………….16
2.2. Нияз бидің таусылмас мұрасы………………………………………………………….20
Қорытынды…………………………………………………………………………………………….23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………..25
Қосымша…………………………………………………………………………………………………26

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Зерттеудің мақсаты:Ұлт болып ұйығаннан бері берік қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамының саяси — әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің тарихи мұраларын тауып, зерттеп, танып-білу, олардың кейінгі дәуірлердегі рухани процестерге тигізген әсерін, алатын орнын, мән-мазмұнын айқындау халқымыздың әлемдік өркениеттегі орнын да белгілемек.
Еліміздің тәуелсіздігін алуы, халқымыздың өзінің өткенін, тарихын, мәдениеті мен әдебиетінің бастауларын тануға бетбұрыстар жасауы, жаңа көзқарас, ғылымдағы жетістіктер тарих ғылымының да алдына жаңа міндеттер қояды. Солардың бір саласы – билер мәселесі.
Еліміздің тәуелсіздігін алуына орай «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде соңғы жылдары халқымыздың өткен тарихын, мәдениеті мен әдебиетінің бастауларын тануға бетбұрыстар жасалынып, тарихи деректермен мұраларға ерекше назар аударылуда. XY ғасырдаауыздан- ауызға, немесе қолжазба күйіндегімұралардыңтарихпен арақатынасын айқындау қазақ тарих ғылымының қажеттілігіне байланысты туындап отырған мәселелердің бірі.
Сондықтан, Нияз бимұрасының тарихи арақатынасын, ежелгі дәстүрмен байланысын, дәстүр сабақтастығының көріністерін саралау;
қазақтың тарихи сахынасындағы шешендік, тәрбиелік, ақындық, заңгерлік, бітімгерлік, батырлық, саясаткерлік, ойшылдық, тапқырлық, білімпаздық, келешекті болжай білушілік қасиеттер анықтау;
дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық билікті айқындау — осы ғылыми жұмыстың мақсатын айқындамақ.
Бұл қазақ хандығының дәуіріндегі тарихи дәстүрлерді игеруін, олардың таным-түсініктерін, рухани сабақтастық жалғастығының деңгейін танып-білуімізге оң ықпалын тигізеді.
Зерттеу әдістері: Жұмысты жазу барысында салыстыру әдісі тұрғысынан тарихи дәстүрдің қаншалықты дәрежеде көрініс тапқандығын анықтауға назар аударылды. Зерттеу пәні ғылымның әр саласын қамтуды талап ететіндіктен жүйелеу, жинақтау, типологиялық салыстыру, аналитикалық талдау әдістері қолданылды.
Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері:
– Нияз би мұрасының тарихи арақатынасын, ежелгі дәстүрмен байланыстыра отырып, дәстүр сабақтастығының көріністері анықталды;
– қазақтың тарихи сахынасындағы билердің шешендік, тәрбиелік, ақындық, заңгерлік, бітімгерлік, батырлық, саясаткерлік, ойшылдық, тапқырлық, білімпаздық, келешекті болжай білушілік қасиеттері айқындалды;
– дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық билік салыстырыла көрсетіліп, құндылық дәрежесі арта түсті;
– бұл зерттеу жұмысы бойынша халықаралық, республикалық ғылыми басылымдарда мақалалар жарық көріп, баяндамалар дайындалып, конференция жұмыстарының талқылауына ұсынылды.

Введение
Цель исследования: С прочной жизни традиционного казахского общества, сложившейся системы исторического наследия демократической власти, найти, изучить, изучения, процессы и их влияние духовного последующих эпох, место, обстоятельства, определение содержания в нашего места в мировой цивилизации. Получение независимости нашей страны, нашего народа свое прошлое, истории, культуры и литературы начала признавать совершение тенденции, новый взгляд, ставит новые задачи перед исторической науки, так и достижения в науке. Сфера одна из них – судьи.Поэтому, Нияз би в соотношения исторического наследия, связи с традициями древней традиции преемственности в ораторстве, в исторических, воспитательных, поэтического, примирительный героизм-часть находчивости, определение перспективных прогнозов компетентности; традиционного казахского общества социально-политические определения в системе демократической власти — цель научных работ.
Это освоение традиций казахского ханства, исторических эпох, их познания,понятия, преемственности духовного уровня сознания окажет положительное влияние.
Методы исследования: С точки зрения исторических традиций и консолидации общества в ходе написания работы было уделено внимание на вид определить, в какой степени метод сравнения. Предмет исследования требует охвата различных отраслей науки, систематизация, накопление, типологическое сопоставление, анализа использовались аналитические методы.
Основные выводы научного исследования:
-Нияз би соотношения исторического наследия, в увязке с традициями древней, традиции определены, проявления преемственности.
-ораторское искусство биев — в исторических, воспитательных, поэтических, юридических, примирительный, героизм- часть находчивости прогнозирования перспективной компетентности;
– биев в казахском обществе традиционных социально-политических, демократической системы власти, с указанием степени ценности.
– по исследовательской работе международных, республиканских научных изданиях публикуются статьи, готовятся доклады конференции были представлены на обсуждение работы.

Introduction

Research aim: From durable life of traditional Kazakh society, folded system of historical heritage of democratic power, to find, study, studies, processes and their influence spiritual subsequent epochs, place, circumstances, determination of maintenance in our place in world civilization. The receipt of independence of our country, our people the past, histories, cultures and literatures, began to acknowledge feasance of tendency, new look, puts new tasks before historical science, so achievement in science. Sphere one of them – with.
This mastering of traditions of the Kazakh khanate, historical epochs, their cognition, concept, positive influence will render the succession of spiritual level of consciousness.
Research methods: From the point of view of historical traditions and consolidation of society during writing of work it was paid attention to define, in what degree method of comparison. The article of research requires the scope of different branches of science, systematization, accumulation, typology comparison, analysis analytical methods were used.
Basic conclusions of scientific research :
-Нияз би correlations of historical heritage, in tying up with traditions of ancient, traditions are certain, displays of succession.
-ораторское art of биев — in historical, educator, poetic, legal, conciliatory, героизм- part of resourcefulness of prognostication of perspective competence;
— биев in Kazakh society of traditional socio-political, democratic system of power, with pointing of degree to the value.
— on research work of international, republican нау

I. ШЕШЕНДІК ӨНЕР ХАЛЫҚТЫҢ МОЛ МҰРАСЫ
1.1. Тарихқа тағзым
Ұлт болып ұйығаннан бері берік қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамының саяси — әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесін би деп атаған. Зерттеушілердің, олардың ішінде В.В.Бартольдтың пайымдауынша, «Би» сөзі шамамен 14-15 ғасырларда ежелгі түрік тіліндегі «Бек» атауының бір нұсқасы ретінде пайда болған. Сөйтіп, ол басқарушы, ел билеуші мағынасын білдіреді. Уақыт өте келе би сөзі бастапқы сематикалық – тілдік реңкінен ажырады, негізінен, даужанжалды шешетін, кесімді төрелік айтатын, әділ үкім шығаратын адамды бейнелеу, атау үшін қолданыла бастады.
XYII ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәли өзінің «Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар» атты еңбегінде «Жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың» барлығы би деп аталғанын жазып кетті. Ал қазақтардың дәстүрлі түсінігінде би мынандай төрт түрлі мағынаға ие атау: 1. Ел билеушісі, иелік етуші; 2. Сот, төреші; 3. Батагөй, шешен; 4. Бітістіруші, дипломат, елші.
Халқымыздың Майқы биі, Аяз биі, Мөңке биі, Бейсенбі биі, Әнет биі, Бұхар биі, Төле биі, Қаз дауысты Қазыбек биі, Әйтеке биі, Нияз биі (Тілеуліұлы), Шоң биі, Шеген биі (Мұсаұлы), Мамашәріп биі, Беген биі (Азынабайұлы) және тағы да басқа билері осындай данагөй, қара қылды қақ жаратын әділ, ел мен елді, ағайынды бір-бірімен жарастырушы бітімгер, халық қатты құрметтеген тарихи тұлғалар. Тарихи, энциклопедиялық әдебиеттерде оншақты би-шешендер хақында айтылып жүргенімен, әлі де ескерусіз, елеусіз қалып келе жатқан қазақтың белгілі билері қанша ма!
Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д.Сұлтанғазин өзінің «Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы» атты зерттеуінде былай деп жазады: «Бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен, һәм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен. Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: «Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын» («Дала уәлаятының газеті», 1888 жыл, № 51).
Біздер Нияз Тілеуліұлы тәрізді атақты билердің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсінуіміз үшін сол кездегі олар өмір сүрген қазақ халқының тарихи-әлеуметтік, даму сатыларының ерекшеліктерін де жете талдап, таразылауымыз қажет. Баршамызға мәлім, XIX ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамыды. Сол заманда ең төменгі – бұқаралық билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпаға беделді, өмірлік тәжірибесі бай ақсақалдар атқарды, орта буындағы, яғни, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары – билер уысында ұстады. Мемлекеттік және мемлекетаралық дәрежедегі маңызды мәселелерді шешетін жоғары билікті хандар мен сұлтандар иемденді. Алайда Абылай хан Нияз Тілеуліұлы тәрізді айрықша құрметті билерін ханға балап, оларды мемлекеттік істерге де араластырды. Бұл жөнінде академик Манаш Қозыбаевтың ғылыми еңбектерінде, би-шешендердің мұрасын жинаушы Нысанбек Төреқұлұлының кітаптарында нақты айтылған. Шен қумаған Шеген би арғынан шыққан, «Қырда Беген тұрғанда» деп есімі мақалға айналған Беген би мен қарадан шығып хан атанған Нияз би қыпшақтан шыққан билер болса да, Торғай, Қостанай, Ақмола өңірінде үш жүздің балаларының ар-намысын қорғады. Бұл билердің әділдікте туысына бұрмай тура би атанғаны олардың барлық иісі қазаққа ортақ асыл перзенттер болғанын танытпайды ма?!
Кезінде ру – тайпа басылары – билер мен хан-сұлтандар екі билік жүйесін құрып, бүкіл қазақ қоғамының елдік тұтастығы олардың өзара тепетеңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделуі заңды еді. Билер мен батырлар халыққа жақын және оның кең қолдауына ие потестарлы билік иелері болғандықтан, хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Хандар мен сұлтандар атақты билердің елдегі билігінен қаймықты, олармен үнемі санасып отырды. Сол себепті де Абылай хан Нияз биді ерекше құрметтеп, ханға балады, ол халық арасында «хан Нияз» атанды. Өйтпегенде ше, мұрагерлік салтымен дала жұртын билеген Шыңғыс хан ұрпақтары – төрелер тұқымы хандық биліктің бұлжымауы үшін билердің әкімшілік, әлеуметтік – саяси және мәдени рөлімен міндетті түрде санасты.

1.2. Билер және олардың шешендік өнері

Мемлекеттік басқару жүйесінде билердің мынандай кейбір айрықша құқықтары болды: «Жеті жарғы» қағидаларына сәйкес олар өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде әкімшілік билік жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асырып, соған байланысты ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін терең білуге тиісті болды. Билер ру-тайпаның басшысы болғандықтан, әкімшілік қызметті де қоса атқарды, өз қауымының тәртіп, талабына жауапты болды. Сөйтіп, хандардың халық арасындағы тірегіне айналды. Осыған орай олардың ең данагөй, беделдісі хан жанындағы билер кеңесінің құрамына еніп, ескі қағидаларды жаңғыртып, заңи жосындар қабылдауға қатысты, ханның ішкі, сыртқы саясатына, әскери доктринасына оң ықпалын тигізді.
Билерге тән негізгі қасиеттердің бірі –шешенділік. Түрлі айтыс-тартыс, дауда билік айтқанда шешендік өнерді меңгере алмаған бидің шешімі әсерсіз, шалажансар болып шығады, лаулаған араздық өртін өшіре алмайды. Қазақ билерінің шешендік мектебі – халық, өздерінің бұл өнерге бейім тума таланты. Шешендік жас талғамайды. Нияз бидің он жасынан шешендігімен, тапқырлығымен билікке араласуы соның айғағы. Ол бір ауыз сөзбен құн кесіп, жалғыз уәжбен дау шешкен. Билердің шешендікпен шебер айтқан ақыл, нақыл сөздері жаратылыста, қоғам өмірінде болған өзгеріс, құбылыстарды жіті көзбен байқап, бақылап айтқан озық ойының жемісі. Әрбір бидің шешендік өнерді қолданғанда сөйлеу мәнері, стилі болған. Жалпы билер қатысқан шешендік дауларды: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы және ар дауы деп беске бөлуге болады. Нияз бидің көп қатысқан айтыс-тартысы негізінен, ел мен жер, ар дауы, құн дауы болыпты.
«Жеке адамдар бірде шешендік сөздердің авторы болып аталса, екінші бір нұсқаларда кейіпкер ретінде айтылады,- дейді Балтабай Адамбаев. Мысалы, қыпшақ Арғынбай мал мен басқа тапшы, бірақ ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін шешен кісі екен. Сонда бір жиында Қоңырат Жайымбай датқа кемітіп:
— Сөйле-сөйле, құлағы жоқ – шұнақ биім, құйрығы жоқ – шолақ биім! -депті. Сонда Арғынбай шешен: «жақсы айтасың, датқа! Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар. Сен мал мен басқа мақтандың, байлық түбі – бақыл, қазына түбі – ақыл; атадан алтау тусаң да бір жалғыздық бар; Асқа тойған кекірер, басқа толған кетілер. Ешкі егіз тауып қойдан көп болмас, ит сегіз тауып малдан көп болмас. Құлағым шұнақ болса – сұңқар шығармын, құйрығым шолақ болса – тұлпар шығармын. Құдайдың маған берейін десе – баласы жоқ па, саған жіберейін десе – бәлесі жоқ па?» — депті».
Шешендік өнерді меңгерген билер тақпақтап сөйлеген, ойын, шешімін жыр жолдарымен де толғаған. Тек олар өздерін ақынмын деп санамаған. Яғни, шешендік пен ақындықты тең ұштастырып сөйлеу – билерге тән қасиет. Үш заңгер биіміз Төле, Қазыбек, Әйтекенің әрбір сөзі, Шеген, Беген, Нияз билердің шығарған шешімдері жалындап жанған жыр болуы сондықтан ғой. Су төгілмес жорғадай шебер сөйлеген сол билеріміздің айтқандары қазір біздің асыл мұрамыз ретінде тарихта жазылып қалып отыр.
Әрі би, әрі жырау атанған Бұхар Қалқаманұлының (1685-1777) халқымен хоштасар алдында айтқан соңғы сөзін ғана еске алсақ, ол қаншама терең мағыналы, өлең болып өріліп тұрған қанатты сөз десеңізші. Бұхар бидің ақжолтай ақындығын танытып тұрған бұл ой-толғауы мынандай еді:
Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсің,
Ақ тәніңнің қадірін жаралы болсаң білерсің.
Бостандықтың қадірін жазалы болсаң білерсің,
Дәулетіңнің қадірін мал кеткенде білерсің,
Тіршіліктің қадірін жан кеткенде білерсің,
Аңдып жүрген дұшпаның дәл жеткенде білерсің.
Ел арасындағы даулар билер талқысына салынғанында екі жақтың билерінің бірі – айыптаушы (прокурор), екіншісі – ақтаушы (адвокат) болады және бір би – төрелік айтар төбе би болып тағайындалып, айтыс-тартысты шешуге үш би қатысады. Сол себепті билерді бәріне ортақ атаумен заңгер дегеніміз дұрыс. Себебі, билер айыптауда, ақтауда, төрелік айтуда Заңды білуге тиісті ғой.
Билер ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан келтірер дауларды шешумен қатар көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасауда хандарға кеңесші болған. Абылай ханның Ресеймен қарым-қатынаста Нияз би Тілеуліұлы тәрізді билерді жанына ертіп жүруі, олардың ақыл-кеңесіне арқа сүйеуі соны дәлелдегендей. Ал Абылай хан 1743 жылы жоңғар басқыншыларының қолына түсіп қалғанында Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкіметі жолдаған секунд-майор Миллер экспедициясының құрамында елшілікке барды. Сонда қазақ биінің: «Біз, қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз», — деп тақпақтай сөйлегеніне Қалдан Серен разы болып, Абылай ханның басына азаттық береді. Осындай оқиғаларға байланысты қазақ халқында «Жауластырмақ – жаушыдан, елдестірмек – елшіден», «Елшісіне қарап елін таны» деген қағиданың қалыптасқаны анық.
Халқымызда Жәнібек, Малайсары, Наурызбай, Райымбек, Сырым, Мүнасап тәрізді билердің батырлығымен де атақ-даңқы шыққан. Нияз би де жорықтарға қатысқан. Шеген би алғашқыда Кенесарыға малдан көмек көрсетсе, кейін оның қолына қосылмақ болып қарулы жасақ та құрған. Сарыбай би Айдосұлы (1821-1890) Сұраншы батырдың сенімді серігі болған. Кеңгірбай би Жігітекұлы (1720-1808) орыс патшасына тәуелді болмау үшін күрескен. Бұл жөнінде Ресейдің, Қазақстанның мемлекеттік мұрағаттарында тарихи деректер көп. Билердің батырлығы қолына қару алып жауларға қарсы шабуымен ғана емес, қылышынан қан тамған қаһарлы хан-сұлтандарға, елдесуден кеткен дұшпанына, басқа мемлекеттердің басшыларына қаймықпай қарсы тұрып, ақиқатты ашық айтуымен де бағаланғаны мәлім.
Қазақ елі мен басқа елдер арасында қоғамдық маңызы зор саяси мәселелерді шешуде билер хан, сұлтандарға көмек сөрсетіп, кеңесші болған. Айбатты хандардың өзі «Билер кеңесінде» көпшілік дауыспен қабылданған шешімдерді өзінің жеке билігімен бұзуға дәті бармаған. Тарихи деректер бойынша, Абылай ханның жанында үнемі кеңесшісі болып сегіз би бірге жүрген. Солардың бірі – Нияз би Тілеуліұлы. Оны академик Манаш Қозыбаевтың өзі жазып кетті. Ал енді Әз Тәуке хан «Жеті жарғыны» өмірге әкелгенінде Төле, Қазыбек, Әйтекелердің ақыл – кеңестерін басшылыққа алған дейді, тарихшылар.
1695 жылы Қазақ Ордасында болған орыс елшілері Ф.Скибин мен М.Трошин билердің ішкі, сыртқы саясатқа тікелей араласатыны туралы кейін былай деп жазыпты: «Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын (билерін, М.С.) өзіне шақырып алды да, біздің – Федка мен Матюшкенің – көзімше, әлгілерден мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды».
Ойшылдық, білімпаздық, келешекті болжай білушілік. Билер Күн мен Ай, Жұлдыз бен Көк аспан, Жер мен су, тау мен тастың, жер бетінде қыбырлаған жәндіктердің, жануар, құстардың, қоршаған ортаның табиғатын түсініп, қасиеттерін біліп, ой қорытқан. Ғылымнан, білімнен хабардар болып, пайымды пікірлер айтарда соларды салыстырмалы түрде пайдаланып, қанатты сөздерді ел жадында қалдырған. Әр мәселеде ой түюмен қатар келешекке де болжау жасаған. Нияз бидің өлер алдында балаларын жанына шақырып алып, Ақмола өңірінің Тілеулі ұрпақтарына тарлық ететінін, олардың Торғай өңіріне де барып қоныстануын, сол жақтың оларға жайлы болатынын өсиет етіп айтып кетуі ойшылдығынан, көріпкелдігінен, келешекті болжай білетіндігінен емес пе?
Ал енді Мөңке би Аманұлының (1763-1836) кесім, шешім, билік, шешендік сөздерінің ішінде халықтың болашағын болжан термелеген «Сары азамат» «Сардар бек» деп басталатын толғауы, «Ақырзаман болғанда» деп оның белгілерін дәл тауып айтуы – нағыз, әулие абыздарға тән ерекше көріпкелдік, көрегендік қой.
2007 жылы Балтабай Адамбаевтың құрастыруында «Ана тілі» баспасынан шыққан «Қазақтың шешендік сөздері» деген кітапта Нияз би Тілеуліұлы туралы былай деп жазылыпты:
«Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, басқа он биі бұларды күндеп: «Кенжетай мен Нияз ханды қалжақтайды, ал, оларды хан жақтайды», — деп мәтел қылып халыққа таратыпты. Мұны Абылай естіп бір күні күндеуші билерден: «Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не? – деп сұрапты. Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда Кенжетай мен Нияз келіпті. Келіп отырысымен Абылай: «Белдеріңді шешпес бұрын мына жұмбақты шешіңдер», — деп әлгіні айтыпты. Нияз би: «Меніңше жердің құты – жаңбыр, елдің құты – азамат, ауылдың құты – жақсы әйел, аймақтың құты — әділ басшы», — депті». Нияз бидің бұлайша талдап таразылап, жердің, елдің, ауылдың, аймақтың құтын дәл анықтауы ойшылдығынан, білімділігінен, парасаттылығынан ғой.
Адамның жан-дүниесін түсіне білушілік. Би адамның жан-дүниесін терең түсіне білмесе, ақ пен қараны айыра алмауы мүмкін. Екі жақтың биі болып қарсы пікір таластырғанда, төбе би болып шешім шығарғанда ешкімнің де ар-намысына тимей, ұсақ-түйек кемшіліктерін теріп тізбей, шыққан тегін кінәламай тең ұстап сөйлесу, сезіміне әсер ету психолог – биге тән қасиет. Нияз бидің бойына біткен бір қасиеті қарсыласының жан-дүниесіне үңіліп, оның әрбір қимыл, қозғалысын, дауыс ырғағын үнемі қадағалап, соған сәйкес өзі де дауыс ырғағын біресе жоғарылатып, біресе төмендетіп, қимыл қозғалысы мен бет пішімін өзгертіп, айыпкерге әсер ете біледі екен. Бұл Әбдіғапардың әкесі Жанбосының естелігінен біз білген құнды деректер.
Әлсіздің жоғын жоқтап, қорлық, зорлық көргендерді қорғап халықты имандылыққа, адалдыққа, әділдікке, тәртіпке шақырған билер өзінен кейінгі ұрпақтың да ел ұйытқысы болғанын қалағаны талас туғызбас ақиқат. Олар өз балаларының бірін немесе елдегі көкірегінде көзі бар жастардың бірін би болуға, ел басқару өнеріне баулып тәрбиелеген. Өзінің ру, тайпасындағы ұл-қыздардың парасатты, елін, жерін сүйген перзент болып өсуін мұрат тұтқан. Ата-бабаларынан қалған ұлағатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен ойлы жырларды жас ұрпақтың құлағына құйып, олардың тәрбиелі жан болып өсуіне ат салысқан. Өзінің әділ билігімен, ізгі істерімен жан-жағындағы адамдарға ой салған. Отбасында, туған-туыстарының арасында, қоғамдық ортада өздерін үлгілі ұстап, жан-жағына шипалы шуағын төккен.
Абылай бабамызды хан атаған Ұлттық сананы оятқан Тәуелсіздік жолы қайсар рухты қаһармандыққа, ауыр сындар мен сан қатпар сырларға толы. Солардың ішінде Абылай хан дәуірі, сол заманда қазақ халқының ұлт болып ұюы үшін ғұмыр кешкен баһадүр бабаларымыздың киелі бейнесі қанша ғасыр өтсе де, ұлт жадында, тарих бетінде ұмытылмайды. Абылай хан билікті ақыл-парасат, халықтық тәжірибе, біліктілік пен білімділік таразысына салып, қазақ халқының мәртебесі мен мерейін асқақтатса, қазақ хандығы басшысының атақ-абыройын айбарландырған Бұқар жырау, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қанжығалы Бөгенбай, Тілеулі батыр мен оның баласы Нияз би тәрізді ұлтымызға ұран болған халқымыздың ар-намысы, құрыш қорғандары еді. Мұндай дара данагөй, батыр, билерсіз Абылайдың хан болса да үш жүздің басын біріктіріп, мемлекетіміздің іргетасын нығайтуы мүмкін бе еді?! Әрине жоқ!

II. НИЯЗ ТІЛЕУҰЛЫНЫҢ МҰРАСЫ
2.1. Қазақтың шешен биі
Нияз бидің өмірге келу тарихы да қызық оқиғаға толы. Оның әкесі Тілеулі батырдың бір басында не-келі тоғыз әйелі болған. Бірі Аллаһ Тағаланың ақ жолымен, ата-баба салтымен атастырылып алынған асыл жары болса, екіншісі жаугершілікте жоңғарлар-дың жасағын ойсырата жеңіп, ордасын тасалқан етіп шапқанда қолға түскен дұшпан жақтағы бектер мен батырлардың сұлу қыздары. Осы тоғыз әйелінің бірі — Жапалақтама Есет батырдың туған қарындасы. Ол әубаста Тілеулі батырдың кіші інісі
Қоңдыбайға бесікте жатқанында құда түсіп, атастырылып қойғанды. Жапалақ есейіп, ержете бастағанында Қоңдыбай оның жүзінде көре алмай, қай-тыс болады да, қалың малы төленіп қойған жас ару оң жақта отырып қалады. Тілеулі батыр ағасы Тілеуімбетті қасына шақырып алып, туған-туыстары-ның алдында оған: «Қазақ-жетімін де, жесірін де жылатпайтын, ата-баба салтын бұзбайтын, бір-біріне берген анттан аттамайтын халық. Тама Есет батырдың қарындасына құда түсіп, қол алысып, мың жылдық құда болуға уағдаласқан едік, Аллаһ Тағаланың бұйрығына шара бар ма, Қоңдыбай қа-лыңдығын көре де алмай қайтыс болды. «Аға өлсе, орынын інісі жоқтатпас», — деген. Тілеуімбет, ата-бабамыздың әмеңгерлік салтымен бұл қызды енді сен ал, көп ұзамай «ұрын баруға» дайындал», — дейді. Тілеуімбет сол жерде орынынан атып тұрып:
— Екі қатын алып, сау басыма дау сатып алар жайым жоқ. Жапалақты өзің ал, мен жолымды бердім, — деп көп әйел алудан қашады. Ағасының ұсталық өнерге бейімі болғанымен, әйеліне дауыс көтере алмайтын момындығын білетін Тілеулі батыр мәнжайды түсініп, енді әмеңгерлік салтымен Жапалаққа үйлену сәті өзіне түсіп тұрғандық-тан, әулетінің «жесірін» жатқа жіберуді қаламайды. Ауыл молдасын, билерді, қадірменді ақсақалдарды шақырып алып, барлық әңгімені ортаға салып, қайтыс болған інісінің қалыңдығына өзі үйленсе, мұның шариғатқа, ата-баба салтына қайшы келе ме, әлде жоқ па, соны сұрайды. Ақ дастарқан басында үлкендердің, діндарлардың келісімін алған соң:
— Ағайын, Есет батырмен бірге жорықтарда жүрге-німде ауылында қонақ болып, Жапалақтың қандай қыз болып өсіп келе жатқанын көрген едім, көңі-лім толды. Бұл қызды сыртқа жіберуге болмайды, өйткені бұл қыздан тұл-ғасы биік аяулы ұл туады. Жапалақты көрген сайын, інімнің қалыңдығы есіме түскен сайын құдайдың құдыреті, басыма осындай ой келеді. Сіздер келісім бердіңіздер, бұл да бір Аллаһ Тағаланың бұйрығы шығар, мен оған көндім, — дейді. Сонан соң бүкіл туған-туыс болып той қамына кіріседі.
Біздің данагөй халқымыз: «Жақсы сөз – жарым ырыс», — деген ғой. Расында да кейін Жапалақтан тұлғасы биік аяулы ұл – Нияз би дүниеге келді. Нияз бидің ғұмырнамасы жөнінде екі түрлі дерек бар: «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында оның 1741 жылы туып, 1790 жылы қайтыс болды деп жазылуы – қате. Бұл дерек кезінде біз білетін кейбір қариялардың «шамамен сол жылдар болуға тиісті» деп айтқан жорамалынан алынған. Кезінде Нияз бидің шөпшегі – Жанбосынның ұлы Әбдіғапардың немересі -Қабден Қалиұлы ағамыз да «Нияз би шамамен 1735 жылы туған», — деп жазғанды. Кейін Нияз бидің бірінші әйелінен туған Айдаралының ұлы Жабайдан тарайтын Жанғожаның тұңғышы Байбосын атамыздың шежіресінде жазып кеткен естеліктері, Әбілқайыр, Абылай хандарға байланысты мұрағат материалдарынан табылған деректер бойынша, бұл қателіктердің бәрі түзетілді. Нияз би Тілеуліұлының 1733 жылы туып, 1784 жылы Қараөткелде қайтыс болғаны анықталды. Астана қаласының іргесін-дегі Тайтөбенің үстіндегі Нияз бидің ақ кесенесінің басындағы құлпытасына да осы деректер жазылды. Би өмірінің көпшілігін Қараөткелде, Көкшетау өңірінде өткізген. Нияз бидің әкесі Тілеулі батырдың басқа әйелдерінен туған аға-іні, қарындастары аз болмағанымен, өзімен бір анадан жарық дүниеге бірге келген бауырлары — Жоламан, Қосағал ғана.
«Жігіт болсаң – шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол», — деген ғой. Балаң Нияз жетісегіз жасынан-ақ сөзге жүйрік шешендігімен талайларды таң-тамаша қалдырады. Тілеулі батыр баласының бұл талабына қуанып, бетін қақпайды. Қайта қасына ер-тіп жүріп, ауыл арасындағы дау-жанжалды шешуге қатыстырып, билік айту өнеріне баулиды. Нияз он жасқа толғанында әулет арасындағы дауларды шешуге қатысып, үлкендердің рұқсатымен төрелік те айтады.
Байбосын атамыздың шежіресінде мынандай бір әңгіме жазылып қалыпты: «Тілеулі батырмен көршілес қонған ауылдағы Кенжебай деген кісінің әйелі қайтыс болып, жарының жылын берген соң төсек «жаңғыртуды» ойлайды. Сонан соң ақыл-кеңес сұрау үшін өзі қатты сыйлайтын Тілеулі батырға баруды жөн көріп жолға шығады. Біраз жүрген соң ауылды, оның шетінде тал шыбықты ат қылып мініп, ойнап жүрген балаларды көреді. Бұл өзінің атын соларға бұрып, қастарына жақындайды. Балалардың іші-нен жүріс-тұрысы мен сөзі құрбы-құрдастарынан гөрі ересек бозбалаға ұқсаған бір жеткіншек алға шығып сәлем береді. Кенжебай жас баланың сәлемін алып: «Ауылда Тілеулі батыр бар ма? Айтатын шаруам бар еді», — дейді. Жаңағы жас бала: «Ол кісі ауылда. Мен сол кісінің баласы Ниязбын. Баласынбасаңыз, шаруаңызды маған-ақ айтыңыз», — дейді. Мынандай сөзді естимін деп ойламаған Кенжебай алғашқыда не айтарын білмей, аңтарылып тұрып қалады. Сосын іштей: «Өзі жас та болса бас болайын деп тұрған бала екен. Келе жатқан шаруамды әкесінен бұрын баласына айтып көрейін», — деп шешеді де, аттан түсіп, жайлы бір орынға жайғасқан соң сөз бастайды:
— Тілеулі батыр осы өңірдегі ең үлкен абыз ақсақалымыз ғой. Айтайын деген шаруам: әйелімнің қайтыс болып, тіземді құшақтап қалғаныма бір жыл болды. Үйленгім келеді. Бірақта көңілім ұнататын үш әйелдің қайсын өзіме жар етіп алуды біле алмай басым қатып жүр. Үш әйелдің бірі – жесір жеңгем, екіншісі – жас қыз, үшіншісі — өмірі бала таппаған тұл әйел. Солар-дың қайсына үйленсем екен, бала Нияз дана Нияз болсаң соның жауабын айта қойшы? Кенжебайдың әңгімесін естіп, үнсіз отырған Нияз:
— Аға, жеңгеңізді алсаңыз – «Өзім білемін» — деп тұрады. Жас қызды алсаңыз – «Өзіңіз біліңіз», — деп тұрады. Тұл әйелді алсаңыз – «Көңілімді табыңыз, таппасаңыз…», — деп тұрады, «Шу, жануарым!», — деп астындағы ағаш атын сабалап, құрбы-құрдастарына қарай шаба жөнеледі. Кенжебай Нияздың сөзіне қатты ойланып қалады. Кейін қайтайын десе, ауылға келіп тұрып Тілеулі батырға сәлем бермей кері бұрылуы – үлкенді сыйламағандық. Атына мініп, ауылға жетеді де Тілеулі батырдың үйіне түсіп, сәлем береді, әңгіме үстінде болған жағдайды, Нияздың айтқан сөздерін ортаға салады. Тілеулі батыр:
— Кенжеке, маған айтпақ болған шаруаңыздың шешімін балам айтыпты ғой, — дейді. Оны талдап, түсіндіріп бер, десеңіз тыңдаңыз: «Жеңгеңізді алсаңыз, қандай істі де саған қаратпай, өзі шеше береді. Есік көрген, жасы үлкен. Оның «өзім білемін» деп тұратыны сондықтан. Жөн-жосықты танып үлгірмеген, әрі жасы кіші қызды алсаң қай істе де «Өзіңіз біліңіз» деп сызылып, әдеп сақтап тұрмайды ма. Ал енді бала таппаған тұл қатынды алсаң, әрдәйім көңілін табамын, жанына жағамын деп әлек болып жүресің. Әйтпесе, алданатын баласы жоқ, «көңілімді таппасаң» деп ол шіренбей қайтсін. Нияз шаруаңызды дұрыс шешіп отыр, таңдауы өзіңізде. Кенжебай әрі ойланып, бері ойланып, кедей болса да жас қызға үйленіп, ұл-қыз сүйеді, тату-тәтті шаңырақ құрады. Әйелі қашанда «Сіз» деп сызылып тұрады. Сонда Кенжебай: «Бала болса да дананың сөзін айтқан, Ниязжаннан айналайын, қатарыңның алды бол!» деп ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп отырады екен». Қарт-шежіре деректері бойынша тағы бір бізге жеткен өмір шындығы: Тілеулі батыр қатты бір сырқаттанып қалғанында барлық балаларын жанына жинап алып, оларға: «Шырақтарым, менің адам танитыным рас болса, осы Нияз жас болса да Бас боларлықтай. Бәріңде Нияздың соңына еріп, іргелерің сөгілмей, еңселі ел болыңдар», — деп өсиет айтады. Нияздай ұл бергені үшін үнемі Жаратқан Иемізге ризашылығын білдіріп, Нияздай ұл туғаны үшін Жапалақты ерекше құрметтеп өтіпті, «Нияздың тентек болмай өсуі өз аталары да, нағашылары да текті ғой» деп тамаларды да айрықша ардақ тұтыпты.

2.2. Нияз бидің таусылмас мұрасы
Қайран, қазақтың баһадүр батыр, билері түгілі, қара шалдарының да ауызы дуалы ғой. Нияз арғынқыпшақтың арқа сүйер дана биі болып талай – талай ел намысын қорғайды. Оның ағайынды береке – бірлікке шақырған сөздері, қара қылды қақ жарып айтқан, билігі ел жүрегін жаулап алады. Ол көп ұзамай ауыл арасындағы ұсақ-түйек мәселелерден гөрі мемлекеттік маңызы зор істерге де араласып, үлкен айтыс-тартыстарға да қатысады. Нияз бидің ханға да, қараға да ықпалы артып, ел өміріндегі орыны даралана түседі. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында оның қазақ хандығы мен мемлекеттігін нығайтудағы рөліне былайша әділ бағасы беріліпті: «Нияз Тілеулі ұлы – Абылай ханның Бас билерінің бірі. Ұзын Қыпшақтың алтыс тармағынан шыққан. Тапқырлығы мен әділдігіне риза болып Абылай Нияз би талантын жоғары бағалаған. Би өмірінің көпшілігін Қараөткелде, Көкшетау өңірінде өткізген. Зерттеушілер Ақмола (қазіргі Астана) қаласы атауының тарихын Нияз би қабірінің басына орнатылған ақ моламен байланыстырады. Ұзын Қыпшақ Торғай өзені алқабындағы қазіргі қоныстарына 18 ғасырдың ақырында Нияз және Кенжетай билердің нұсқауымен келіп мекендеген. Нияздан Айдаралы, Байдалы, Жақсы-лық, Айдарбек, Байғазы ұрпақтары тарайды».
10 томдық «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабының Бас редакциясының мүшелері ішінде есімі елге белгілі Е.Ғарифолла, С.Зиманов, Ә.Кекілбаев, Ә.Қайдар, С.Қасқабасов, М.Қойгелдиев, С.Сартаев, О.Сүлейменов, И.Тасмағамбетов, Ш.Уәлиханов тәрізді ғалымдар, мемлекет, қоғам қайраткерлері, тарихшы, жазушылар бар. Осындай энциклопедияның Бас редакциясы алқасының талқылауынан өтіп, тарихи, ғылыми тұрғыда дәлелденген деректер Нияз бидің тарихта болғанын, қазақ хандығының, мемлекеттігінің дамуына үлес қосқанын айғақтайтын ақиқат, құнды құжат болып саналды. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясында Нияз бимен бірге есімі қатар аталатын Кенжетай би тарихта болған адам. Ол да Абылай ханның биі. Мұны Балтабай Адамбаевтың құрастыруында «Ана тілі» баспасынан шыққан «Қазақтың шешендік сөздері» атты кі-таптағы деректер де растайды. Кезінде торғайлық Жиентай Ділдебайұлы болса облыстық «Торғай таңы» газетіне берген сұхбатында: «…Кенжетай – Нияз хан жақтайды, хан жақ-таса хан қалжақтайды», — деген сөз күні осы уақытқа дейін халық аузында ұмытылмай жүргені анық. Кенжетай дегеніміз Жангелдин Әлібидің аталары болса керек», — дегенді. Данабике Қаралдина апамыз да суы ащы Қабырға бойына Бекбауылдың ауылы қоныстанғанын айта келіп, «Кенжетай» бірлестігі-нің атауы Кенжетай бидің басына үйілген обасына байланысты қойылғанын, Кенжетайдың шөбересі Бекбауыл екенін жазып қалдырғанды. Тағдырдың тауқыметі: қазақтың кең байтақ жеріне қалмақ та, қырғыз да ашкөзділікпен қарап, жүздер мен рулардың басы бірікпеген жерлеріне жойқын шапқыншылық жасап, ата-баба қоныстарын уақытша болса да басып алып, иемденіп отырды. Содан, 1723 жылы жоңғарлардан жеңіліс тапқан қазақтар Түркістандағы қонысынан босып шығып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» сергелдеңіне ұрынды, «Қаратаудың басынан көш ке-леді», – деп, «Елім-ай»-ға салды. Түркістаннан табаны көтерілген халық жан-жақ-қа шұбырды. Орта жүз бен кіші жүз Жемге, Елекке, Орға, Тобылға, Есілге, Нұ-раға, Құлан өтпеске, Сарысу басына, Жаман көң, Жақсы көңдерге, Керейге, Қыпшаққа, Терісққанға, Ырғызға, Торғайға, Өлкейікке құлады. Ол кезде Жем мен Електе қалмақтың Торғаұт деген руы тұратын, Үй, Тобыл, Бозбие (Тобыл саласы, М.С.) бойларында башқұрттар болды. Ертіс басының алабында қалмақ, Темірқа-зық жақта орыс пен Сібір татарлары өмір сүрді. Келген екпінімен қазақтар қалмақты Жайыққа қарай төңк-керіп тастап, башқұртты Орал тауына қарай ығыстырды. Сол кезде батыстан аламаншыл түрікпен, оңтүстіктен қарақалпақ пен сарт, Қытай жақ қабырғадан жоңғар шүршіттер қазаққа қаруын кезеп, маза бермеді. Әбілқайыр қазақ елін Ресейдің қанатының астына кіргізуді ойлады. Ол қазақ жерін жоңғардан азат етумен бірге қазақ елінің іргесін солтүстік-батысқа және солтүстік бағытқа кеңейтіп, оған Жайық, Елек, Есіл, Тобыл өзендері аймақтарын қосты, көшпелі қазақ рулары арасындағы алауыз-дықты тоқтатты. Абылай хан Әбілқайыр ханның саясатын одан әрі жалғастырып, дамытты. Оған батыр, билері демеу болды. Манаш Қозыбаев, Әбіш Кекілбаев тәрізді ғалымдар, жазушылар атап көрсет-кеніндей, олардың ішінде Тілеулі батыр, Нияз би бабаларымыздың болуы біз үшін қандай мәртебе, мерей, мақтаныш десеңізші.
Абылай хан әскерімен 1750 жылдар шамасында жоңғарды Ертіс басына қуып, қазақтар Ертістен өтіп, Ертіс пен Обь арасындағы кең далаға келіп орналасты. Қыпшақ Қошқарбай батыр 1755 жылы жоңғарды Обьтан өткізе қуып шықты. Қазақтар сол жылдан бастап Ертістің шығыс бетіне де өтіп, көшіп-қонып жүрді. Абылай 1770 жылы қырғызды Шудан асыра қуып, Қызылсу, Шамшының бойында қанды қырғын соғыс болып, ол кейін «Жайлау қырғыны» деп аталды. Абылай Хожент пен Ташкентпен де соғысып, Жизақты алды, Әзірет сұлтан, Сайрам, Шымкент, Созақты өзіне қаратып, Ташкентке салық салды. Өзі Түркістанда тұрды. Кейде Абылай хан өзінің қатты ұна-татын қонысы Көкшетауға келіп, сол жерді жайлап жатты. Тельжан Шонанұлының жазуынша, «ХҮІІІ ғасырдың орта шеніндегі қазақтың екі жүз қонысы ауданының анық шегі мынау болды. Жайық сағасынан Орынборға, Орынборда Жаманқалаға, Жаманқаладан Тал қалаға дейін (шек Жайық) онан Үйдің басына құлап, өзенді ағып отырып, Тобыл құ-лап, Бағлан барады. Онан Есілді кесіп өтіп, Омбы құлап, Ертісті өрлеп, «Ертіс басына» дейін, яғни Зайсан көлінің Сауыр – Алтай жағымен Тарбағатайдан асып Жетісу құлайды. Іле басы қазақта. Талас өзенінің бас-аяғы қазақта, онан Сырдария құлап, 44 градуспен Аралды жарып отырып Каспий теңізіне құлайды».
Қазақтардың осынау ұлы дала төсіне қайта қоныстануына Абылай хан жарқын жол ашып берсе, бұл істі жүзеге асыруға Тілеу-лі батырдың да, Нияз бидің де сіңірген еңбегі айрықша. Тілеулі батыр қазақ даласында көптеген ұлы оқиғалардың дәл ортасында болды. Ол қайтыс болғанға дейін Орскъ жақта да тұрды. Ор өзені бойындағы шайқаста қаза тапты. Нияз тәрізді ұлы да, баба билердің, батырлардың ел үшін, халық үшін атқарып кеткен игі
істерін өшпестей етіп, тарих беттеріне түсіріп, мәңгі есте қалдыру алдағы міндетіміз.
Қорытынды
Нияз Тілеуліұлы (1741 – 1790) – Абылай ханның бас билерінің бірі. Ұзын қыпшақтың алтыс тармағынан шыққан. Тапқырлығы мен әділдігіне риза болған Абылай Нияз би талантын жоғары бағалаған. Би өмірінің көпшілігін Қараөткелде, Көкшетау өңірінде өткізген. Зерттеушілер Ақмола (қазіргі Астана) қаласы атауының тарихын Нияз би қабірінің басына орнатылған ақ моламен байланыстырады. Ұзын қыпшақтар Торғай өзенінің алқабындағы қазіргі қоныстарына 18 ғасырдың ақырында Нияз және Кенжетай билердің нұсқауымен келіп мекендеген. Нияздан Айдаралы, Байдалы, Жақсылық, Айдарбек, Байғозы ұрпақтары тарайды. Әкесі Тілеулі батыр 92 баулы Қыпшақ жұртының құрама қолын басқарған Аңырақай, Қалмаққырған, Қалақұм тағы сондай атақты шайқастарда талай-талай ерлік көрсеткен Абылай ханның жеңімпаз батыры болыпты. Осындай ұлы батырлардың, билердің ортасынан тәлім алған Нияз ержете келе Есіл, Нұра жағаларын, Атбасар, Қараөткел атырабын мекен еткен елдерді басқарып, оларға әділ билік жүргізген. Елдікті, ерлікті, бірлікті, ынтымақты, адалдықты, адамдықты уағыздап келген. Нияз бидің тапқыр, шешендігі жөнінде мына бір аңыз ел есінде калыпты. Атақты Абылай ханның он екі биі болыпты. Бері шетінен «сен тұр, мен сөйлейін» дейтін нағыз дана, шешен екен. Талай айтыс, тартыста, билік, шешім кезінде әлгі билер бірінен-бірі асып түсіп отырған. Мұндайда бірін-бірі күндеу, қызғаныш та болады емес пе? Өзге он би:
-«Нияз бен Кенжетай ханды қалжақтайды. Ал, Абылай болса оларды жақтайды» — дейді екен. Бұл мәтел айтыла келе елге жайылып кетеді, Абылайдың құлағына да шалынады. Абылай хан әлгі он биді сынап байқамақ болып, оларға былай депті:
Жердің құты не?
Елдің құты не?
Ауылдың кұты не?
Аймақтың құты не? — Билер бұл сұраққа дәл жауап бере алмапты. Сөйтіп отырғанда хан ордасына Нияз бен Кенжетай сәлем беріп кіріп келеді. Абылай хан енді бұл екеуін сынамақ болып:
— Белдеріңді шешпей тұрып мына бір сұраққа жауап беріңдерші? — деп, әлгі төрт сұрақты қайталапты. Кенжетай би:
— Ныке, сіздің жасыңыз үлкен ғой, алдымен сіз айтыңыз, сізден сөз қалса мен айтайын деп, әдеп көрсетіпті. Сонда Нияз би, алға бір қадам басыпты да:
— О, о, Хан ием,
Жердің құты — жаңбыр,
Елдің құты — ер-азамат,
Ауылдың құты — жаксы әйел,
Аймақтың құты — әділ басшы — емес пе? Бұған кімнің таласы бар!? — деп, бүктелген жез қамшысын төсіне басыпты. Бұған риза болып масаттанған хан:
— Жауабың жауап-ақ екен, төрге шық, қасыма кел, — деп, өзінің оң жағынан Нияз биге орын беріпті. Мұндай тапқыр шешен сөздер Нияз биде көп болған. Оның ілуде бірлі-жарымы бізге жетіп отыр. Зерттеуші Қуаныш Ахметов «Қазақ өдебиетіндегі» (7 каңтар 1998) бір мақаласында атақты сері ақын Иманжүсіптің:
Абылай аспас қазақтың сары белі,
Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі.
Қырық мың жылқы су ішсе лайланбас
Аюлы мен Нияздын Қараөткелі — деген өлең жолдарын келтіре отырып, Нияз бидің қонысы Қараөткел екенін, оның қайтыс болғанда сонда жерленгенін, басына кесене, сағана тұрғызылғаны, оны кейін ел «Ақмола» деп атап кеткеніне былайша дәлел келтіріпті: «Қараөткелден Нұраға қарай жүргенде 18 шақырым жерде төбе басына салынған сол ақ бейіт Нияз бабамыздың кесенесі, Ақмола атауының осыдан шыққандығын дәлелдейтін нақты құжат Омбының мемлекеттік архивінде жатыр» [11]. Дәлел сенімді. Тек қана оны тағы да анықтай түсіп, толықтыру ләзім. Нияз тәрізді ұлы да, баба билердің, батырлардың ел үшін, халық үшін атқарып кеткен игі істерін өшпестей етіп, тарих беттеріне түсіріп, мәңгі есте қалдыру алдағы міндетіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: ЖШС «Қазақстан», 2001, — 592 б.
2. Қазақстан: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы, 1998 ж.
3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы:Аруна, 2005, — 356 б.
4. Сүлеймен Мақсұт. Нияз би Тілеуліұлы. – Астана, 2011жыл, 12 б.
5. Төреқұл Н. Даланың дара дiлмарлары. — Алматы: Қазақстан, 2001. – 592 б.
6. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2005 жыл, 7 том, 65 б.
7. Адамбаев.Б. Шешендік сөздер. – Алматы: «Отау» 1992.
8. Қазақ халқының ауыз әдебиеті1-кітап.– Алматы, 1972ж.
9. Шешендік сөздер жинағы.– Алматы, 2000ж.
10. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991.

Пікір қалдыру