ОҚО, Түлкібас ауданы Сырттай оқыту мектебі Туребекова Зульфия химия пәнінің мұғалімі

0

КӨМІРТЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ

 

Сабақтың тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1.Көміртек  және оның қосылыстарының табиғатта  таралуы, негізгі қасиеттері,

қолданылуы туралы  түсінік беру.

Дамытушылық: Сабақтың  мазмұны  бойынша оқушылардың  зейінін, танымдық  белсенділігін,  өзіндік  пікірін  қалыптастыру,тұлғалық  қасиеттерін  дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды  алғырттыққа, өз  бетінше ізденуге , бірлесіп  жұмыс  жасауға,  өзгенің  пікірімен  санасуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Периодтық жүйе,  көміртектің табиғи қосылыстарының суреттері, электрондық оқулық.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Топтық сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, тест, венн диаграммасы

 

Сабақ барысы:

 

І Ұйымдастыру

 

Қызығушылықты ояту

ІІ Үй тапсырмасы

ІІІ Мағынаны тану

ІV Ой толғаныс

V Қорытынды

VІ Үйге тапсырма

ІІ

Менен –сұрақ,сізден–жауап

 

  • Ақыл-ой элементі (фосфор)
  • Фосфор атомындағы электрон қабаттарының саны (3)
  • Фосфордың агрегаттық күйі (қатты)
  • Фосфордың аллотропиялық түр өзгерісі (ақ,қызыл,қара)
  • Фосфор қышқылы күшті қышқыл ма? (орташа күшті қышқыл)
  • Фосфор қышқылының тұздары қалай аталады? (фосфаттар)
  • Фосфор қышқылының қалдығына сапалық реакция жасау үшін қандай ион қолданылады? (күміс ионы, Ag3РО4)
  • Н3РО4құрамындағы фосфордың тотығу дәрежесі (+5)
  • Қоректік элементтерінің табиғатына қарай тыңайтқыштар нешеге бөлінеді, атаңдар? (3,азотты, калийлі,фосфорлы)Көміртек және оның қосылыстары
  •  Жаңа тақырып:
  1. Периодтық жүйедегі орны
  2. Атом құрылысы
  3. Табиғатта таралуы
  4. Физикалық қасиеттері
  5. Алынуы
  6. Химиялық қасиеттері
  7. Қолданылуы
  8. Қосылыстары
  9. Көмір қышқылы, карбонаттар.

Көміртек адамзатқа көмір күйе түрінде ерте заманнан белгілі. 1780 жылы А.Лавуазье көміртектің табиғатын зерттеді. Оған латынша «карбонеум» көмір деген атау 1827 жылы берілді.

Атом құрылысы

  1. Ядро заряды –   +6
  2. Электрон саны – 6
  3. Протон саны – 6
  4. Нейтрон саны – 6
  5. Электрондық қабат саны-    2
  6. Валенттік электрондардың саны, формуласы – 4,   2S2  2p2

7.Сыртқы  қабаттағы  электрон  саны  –  4

Табиғатта  таралуы:    Алмаз, Графит, Карбин

Табиғи қосылыстары:  доломит,  магнезит,  сақар,  мәрмәр

 Фуллерен.

Олар көміртек атомдарының белгілі бір сандарынан – С 60, С70, С84  және  т.б. тұратын тұйықталған  құрылымдар.

Фуллерендер аккумуляторлық батареяларды шығаруға қолданылуда. Оның өз «ағайындарынан» айырмашылығы — сыйымдылығы бес есе көп, салмағы өте аз, жоғары экологиялық сапасы мен санитарлық қауіпсіздігінде. Батареяның бұл түрін жеке компьютерлер мен дыбыс аппараттарының қоректену көзіне пайдаланады.

Көмірдің немесе басқа қатты, сұйық заттардың өз бетінде газдарды немесе сұйықтарды сіңіру қабілетін адсорбция деп атайды.

Көмірдің немесе басқа қатты, сұйық заттардың өз бетінде газдарды немесе сұйықтарды сіңіру қабілетін адсорбция деп атайды.

 Химиялық қасиеттері Жай заттармен оңай әрекеттеседі

1.     Жану  реакциясы:

а) 2С + О2 = 2СО                  ә) С + О2 = СО2

2. Хлормен  әрекеттескенде төрт хлорлы көміртек  түзіледі:

С + 2СІ2 = ССІ4  (өрт сөндіруде  қолданылады)

3. Металдармен әрекеттесіп карбидтер түзеді:

2С + Са = СаС2  (ацетилен алынады)

4. Күкіртпен күкіртті көміртек түзеді:

C + 2S = CS2  (еріткіш)

5. Сутекпен әрекеттескенде метан түзіледі:

С + 2Н2 = СН4  (отын-ол табиғи газдың құрам бөлігі)

 Күрделі  заттармен әрекеттеседі

1.     Сумен әрекеттескенде газдар қоспасы (су газы) бөлінеді:

С + Н2О = СО + Н2 (су газы-бағалы отын)

2. Конц. азот  қышқылымен әрекеттескенде тотығады:

С + 4НNO3 = CO2 + 4NO2 + 2H2O

3. Конц. күкірт  қышқылымен әрекеттескенде тотығады:

С + 2Н2SO4 = CO2 + 2SO2 + 2H2O

Көміртектің сутекті қосылысы Метан – СН4

СН4 – түссіз, иіссіз газ. Ол шалшық немесе кеніш газы деп те аталады, себебі метан көмір бассейндерінде көмір өндіргенде жинақталады, кейде сол газ жарылып апатты жағдайлар туып жатады, яғни мына реакция жүреді:

СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О

Метан – суда ерімейтін, ауадан жеңіл газ

Көміртектің метандағы тотығу дәрежесі: -4

Көміртегі оксидтері

Физикалық қасиеттері. Көміртек (ІІ) оксиді түссіз, иіссіз, дәмсіз, ауадан сәл жеңіл, улы газ, суда нашар ериді, қайнау температурасы өте төмен -192°С

Физиологиялық әсері.

Көміртек моноксиді СО газын “иіс газы” деп те атайды. Оның ауада 0,2% болуы өмірге қауіпті. Тұрмыста көміртек (ІІ) оксидімен уланғанда “иіс тиді” дейді, “иіс газы” деп атау осыдан шыққан. Оның улы болу себебі, СО- мен тыныс алғанда, қандағы гемоглабинмен оттекке қарағанда СО газы берік байланыс түзіп, оттектің организмге келуін қиындатады. Иіс газымен уланған адамда қанының түсі ашық қызыл болады, басы ауырып, есінен танып қалады .

Физикалық қасиеттері.

Көміртек диоксиді иіссіз, түссіз, ауадан 1,5 есе ауыр газ .

Ол жанбайды және басқа заттардың жануын қолдамайды. Осы қасиетіне сәйкес өрт сөндіруге қолданылады. Атмосфералық қысымда СО2 газы -78°С-та қайнайды. Физиологиялық әсері. Көмірқышқыл газы ауада 0,03%-тен (көлемі бойынша) артпайды, адам дем шығарғанда, ауамен қоса 4%-ке дейін СО2 бөліп шығарады. Құрамында 10% көмірқышқылы бар бөлмеде адам есінен танады. Сол себепті адам көп жиналған бөлмені әлсін-әлсін желдетіп отыруы керек.

 Атмосферадағы көмір қышқылы газының көлемдік шоғырлануы, атмосферадағы барлық газдардың 0,0314%-ын құрайды. Қазіргі кезде атмосфераға 5 млрд. т. СО2 одан көп мөлшерде шығарылады .

Сонғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ға өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ал, жылу эффектісі өз кезе-гінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мұхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кауіпті циклондар мен цунамилер, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр.

Көмір қышқылы, карбонаттар

Н2СО3 – әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл. Ол тек ерітіндіде ғана болады. Әлсіз электролит, диссоциациялану дәрежесі 0,17%.

Құрылымдық формуласы: Н – О – С – О – Н

Алынуы:

1) Көмірқышқыл газын суда ерітіп:

СО2 + Н2О = Н2СО3

2) Тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:

Na2CO3 + 2HCI = 2NaCI + H2CO3

Екі негізді болғандықтан сатылы диссоциацияланады:

Н2СО3        Н + НСО3     НСО3 -гидрокарбонат-ион

НСО3          Н + СО3         СО3 – карбонат-ион

Қорытынды:Сен қалай ойлайсың?

Көмірқышқыл газы қандай жағдайларда түзіледі?

Иіс газымен адам уланып қалды.

Не істер едің?

Үйге тапсырма: Көміртек  және оның  қосылыстарын оқып келу.

«Көміртектің  табиғаттағы айналымы» реферат жазу.

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру