Облыс — Оңтүстік Қазақстан облысы Қала -Арыс қаласы Мектеп -С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі Жусипбекова Сулушаш Куралбаевна

0

Облыс — Оңтүстік Қазақстан облысы
Қала -Арыс қаласы
Мектеп -С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты -жөні: Жусипбекова Сулушаш.Куралбаевна

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты: 1. Пайдалы қазбалардың түрлерін меңгерту, олардың адам
өміріндегі маңызын ұғындыру.
2.Қоршаған орта туралы танымдық қабілеттерін дамыту.
3.Табиғаттағы пайдалы қазбаларды үнемдеуге қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: пайдалы қазбалар,суреттер, карта, интербелсенді тақта, А3 форматы:
Сабақтың әдісі: «Өрмекшінің торы, миға шабуыл,»»Ойлан, жұптас, талқыла»,
«Ақылдың алты қалпағы»

Сабақтың барысы Мұғалімнің іс — әрекеті Оқушының іс -әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Писихологиялық дайындық
Табиғат- біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын
Біз әдепті баламыз
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін меңгертер
Дүниетану сабағы. Шаттық шеңберін құрады, жылы лебіздерін айтады.Пайдалы қазбалардың шартты белгілері бойынша топқа бірігеді.

Үй тапсырмасы
«Өрмекшінің торы» әдісі Сұрақ-жауап алу.
1 Тау жыныстары дегеніміз не?
2 Пайдалы қазбалар деп нені
айтамыз?
3.Пайдалы қазбалар табиғатта қандай күйде кездеседі
4.Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
5.Бос тау жыныстарына нелер жатады?
6.Пайдалы қазбалар неше топқа бөлінеді?
7.Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады?
8.Кенді пайдалы қазбалар қандай тау жыныстары ?
9.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға нелер жатады?
Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды жауап береді
Қызығушылығын ояту
Диалогтық сұрақтар Пайдалы қазбалардың түрлерін көрсету.
-Бұларды жалпы қалай атаймыз?
-Олар қайдан алынады?
-Пайдалы қазбалар бізге не үшін қажет? Құм,саз, көмір,әктас,темір, мыс,алюминий,тұз.
Мағынаны тану
«Миға шабуыл» Күнделікті өмірде қолданатын заттарды көрсету.
-Бұл заттар неден жасалады?
-Пайдалы қазбаларды адам өміріне қалай пайдаланады.
-Пайдалы қазбаларды пайдаланбай өмір сүру мүмкін бе? Ыдыстар ,техникалық бұйымдар,әшекейлік бұйымдар, ас, тұзы, электр сымдары т.б.
Сергіту сәті Музыка тыңдау, би қимылдарын жасату. Әуен тыңдай отырып, би қимылдарын жасайды.
Картамен жұмыс

Қазақстандағы пайдалы қазбалардың кен орындарымен таныстыру.
Бейне көрініс. Қаныш Сәтбаевтың өмірі, зерттеулері туралы бейне көрініс көрсету.
Топтық жұмыс.
«Ойлан,жұптас,талқыла» Пайдалы қазбаларды адамдар күнделікті өмірде қалай пайдаланады. 1т. Жанғыш пайдалы қазбалар
.2т Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
3т.Кенді пайдалы қазбалар.
4т. Картадан кен орнындарын анықтау.

Ой толғаныс
«Ақылдың алты қалпағы әдісо. Ақ қалпақ.Фактілер.

Сары қалпақ Позитив. Жағымды.

Жасыл қалпақ. Креатив Идея.
Қызыл қалпақ.Түйсік
Қара қалпақ.Жағымсыз
Көк қалпақ.Шолу
1.Пайдалы қазбалар туралы не білеміз?

2. Пайдалы қазбалардың адам өмірінде маңызы бар ма?

3.Қазіргі кезеңде пайдалы қазбаларды пайдалануда кандай ойың бар?

4.Пайдалы қазбаларды үнемдеу,қорғаук қажет пе?

5.Пайдалы қазбаларды күндекті өмірде қолданудың зияны бар ма?

6.Осы айтылған пікірлерді қайсысымен келісесіз, немен келіспейсіз?
Бағалау. Оқыту үшін бағалау,оқуды бағалау бойынша қорытынды баға шығарады. Әр кезеңдер бойынша өзін-өзі бағалау парақшасына балл қойып отырады..
Үйге тапсырма Пайдалы қазбалар және олардың

Кері байланыс Не білдің? Не қызық болды? Сұрағым бар.?

Пікір қалдыру