Қалымбетова Мадина Жұмабекқызы Сыныбы: 4 «А»

0

Пәні : Әдебиеттік оқу
Бастауыш сынып мұғалімі: Қалымбетова Мадина Жұмабекқызы
Сыныбы: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Сабырсыз,арсыз,еріншек
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен
таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу .
Дамытушылығы: Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып
түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.Оқушылардың сөздік
қорын молайта отырып, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Өлең жолдары арқылы адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден
бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады.
Өлеңді мәнерлеп оқиды,мағынасын түсінеді.Адам бойындағы жағымсыз қылықтардан
аулақ болуға тәрбиеленеді.Өз ойын ашық айтуға машықтанады.
Көрнекіліктер: суреттер,үлестірмелі қағаздар,тірек-сызбалар
Сабақтың әдісі: «Сұрақтар қорапшасы», «Айналмалы бекет» әдісі, «Торкөзді талқылау»
Сабақтың барысы
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті
І.Білу

1.Ұйымдастыру
кезеңі.
2.Үй тапсырмасын
тексеру
ІІ.Түсіну

Оқулықпен жұмыс

«Сұрақтар қорапшасы» әдісі
«Мен не білемін?»

Сұрақ -жауап 1Ынтымақтастық
атмосферасын
қалыптастыру.
2.Топқа бөлу.
С.Көбеев «Орындалған арман»
1.Әңгіменің басында «Үлкен той
болды»деп қандай
тойды айтып отыр?
2.Әңгімеден Хамза
Қаражасовтың сөзі
бұларға неге ұнамады?
3.Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп,жүзі сұп-сұр болып кетті?
Абай Құнанбаев
туралы білетіндерін сұрау.
Абай Құнанбаев-
қазақ халқының
ұлы ақыны,асыл
сөздің зергері.Азан
шақырып қойған
аты-Ибраһим.Әжесі
Зере сүйкімді де
сүйікті немересін
Абай деп еркелеткен.
Осыдан кейін Ибраһим дейтін шын аты аталмай,ел арасында Абай атанып кетеді.
«Сабырсыз,арсыз,еріншек»
өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Сөздік жұмыс
Алауыз – береке-бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Күндейді – қызғанады.
Мертігеді – бір жері сынады,шығады.
Міндейді – мін тағады, жамандайды.

1.Ақын бұл өлеңде адам
бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды
сынайды?
2.Абайдың қандай
өлеңдерін білесің?

Бір-біріне
жақсы тілек айтып,
бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
Топқа бөлінеді.
С.Көбеев туралы
жинаған дерктерін
айтады.

Сұрақтарға
жауап береді.
Абай Құнанбаев
туралы жинаған
мәліметтерін
айтады.

Өлеңді кезектесіп
оқиды.
Сұрақтарға
жауап береді.
ІІІ.Қолдану
«Мағынаны аш» 1-топ Сабырсыз
2-топ Арсыз
3-топ Еріншек
4-топ Өлеңдегі жағымсыз
қылықтарды айт. Сабырсыз — байсалды емес, шыдамсыз, төзімсіз, ұстамсыз, тағатсыз, өзін- өзі ұстай білмейтін адам
Арсыз — ұятсыз, бетсiз, бетбақ. шектен шыққан жағымсыз мiнез .
Еріншек — кежip, жалқау, бойкүйез.
ІV. Талдау
Сергіту сәті «Айналмалы бекет» әдісі бойынша
Топтық тапсырма
1-топ. «Бес жолды» өлең
2-топ .Абайдың өлеңдері
3-топ. «Абай» топтастыру
4-топ. Абайдың 1-ші қара сөзін оқып,түсінгенін айту.

«Желсіз түнде жарық ай»
әнін тыңдату

Топ болып берілген тапсырманы
бірлесе орындайды.

V. Жинақтау
«Салыстыру»
әдісі Адамның мінез- құлықтар

Жағымды Жағымсыз
талап сабырсыз
еңбек арсыз
терең ой еріншек Жағымды ,
жағымсыз
қылықтарды
айтады.
Бағалау Топтық бағалау
Аты-
жөні

Әрбір топ
басшыда
бағалау
парағы
болады.
Топ мүшелерін
жауап бергені
бойынша
белгілеп
отырады.
Кері байланыс
Үйге тапсырма «Тор көзді» талқылау Ұнағаны
Ұнамады

Таң қалдырды Сұрағым
бар

Өлеңді мәнерлеп оқу
Смайликті
өзі қалаған
нұсқаға
жабыстыра-
ды.


 

Пікір қалдыру