А.З. Миханова, №21 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

0

Қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

А.З. Миханова, №21 ОЖББМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Сыныбы 4 «б»

Сабақтың

тақырыбы Бейнелеу өнері сабағында

Мақсаты Тақырыпқа байланысты сөздік қорын байытып,өз ойын айтуға үйрену.

Күтілетін нәтижелер

А: Мәтінді түсініп оқиды, сұрақ қояды, түстерді біледі В: Оқушылар сурет салып, әңгімелейді. Өлең мазмұнына сурет салады. С: Берілген сурет бойынша өз ойын жеткізіп, тақырыпты тұжырымдайды.

Табыс критерийлері

А: Мәтінді түсініп оқу, сұрақ қою, түстерді білу. В: Өлең мазмұнына сурет салу, оны әңгімелеу. С: Берілген сурет бойынша өз ойын жеткізу, тақырыпты тұжырымдау.

Керекті жабдықтар АКТ, флипчарт, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, түрлі түсті бояулар, маркерлер, суреттер.

Тапсырмалар

2, 3,4, 5, 6,7

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе

5минут

Оқушылармен амандасу. -Біз «Пәндер» модулін өтіп жатырмыз. Қандай пәндерді білеміз? — Қандай пәндер туралы өттік? «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар мұғаліммен амандасады. Өздері білетін пәндерді атап шығады. Математика және еңбекке баулу сабақтары туралы өттік. Сұрақтарға жауап береді. «Бағдаршам» арқылы өзін –өзі бағалайды.

Бағалау критерийі:

Сұраққа толық, дұрыс жауап бердім Жасыл түс Сұраққа толық жауап бере алмадым Сары түс Сұраққа мүлдем жауап бере алмадым Қызыл түс

Тұсаукесер

Табыс критерийлерімен таныстырады. «Тірек символдары» арқылы ой қозғау. Тақтадан не көріп тұрмыз? Бұл оқу құралдарын қай сабақта қолданамыз? Бүгінгі тақырыбымыз: Бейнелеу өнері сабағында Алдымен топқа бөлініп алайық. Түсті қарындаштар мен қылқалам суреттері бойынша топқа бөлу. Алдағы сабаққа басшылыққа алады. «Тірек символдары» арқылы ойларын білдіреді. Сұрақтарға жауап береді. Суреттер бойынша топқа бөлінеді. І топ Қылқаламдар тобы ІІ топ Қарындаштар тобы

Негізгі

бөлім

1.Сөздікпен жұмыс жүргізеді. 2. Мәтінмен топтық жұмыс. «Пицца» әдісі арқылы мәтінді бекіту Табыс критерийін беру. Сөздерді оқиды. Сөйлемдер құрайды. Оқушылар мәтінді бөліп оқиды. Әр топтан үш оқушы бір-бір сөйлемнен оқып шығады. Әр топ пицца әзірлеп, оны үш бөлікке бөледі де, мәтін бойынша үш сұрақ әзірлейді. Қарсы топтың қойған сұрағына жауап беріп, пицца алады. Табыс критерийі арқылы өзара бағалайды. Топтық жұмыс І топ

3. Топтық жұмыс Өлең мазмұны бойынша постер (сурет салу). Компьютерде жұмыс ұйымдастыру 4. Топтық жұмыс Суретші қай мезгілді бейнелеген? Зерттеушілік әңгіме негізінде тақырыпты тұжырымдау. Берілген өлеңді оқып танысады, мазмұны бойынша сурет салып, постер қорғайды. ІІ топ «Көктем белгілері» Компьютерде сурет салып, не салғанын және оның қандай түсті екенін айтады. Топтар «Сыйлық» әдісі арқылы өзара бағалайды. Топтық жұмыс. Суретші қай мезгілді бейнелеген? Берілген суретті зерттеп, ой бөлісіп, ортақ ойға келіп тұжырымдайды. Табыс критерийі арқылы өзара бағалайды.

Қорытынды

«Қар үйіндісі» арқылы сабақты қорытындылайды. Кері байланыс: «Блоб» ағашы Үйге тапсырма береді. 1.Сөздік жаттау. 2. мәтінді мазмұндау 3. Көктем тақырыбына сурет салып, әңгімелеу Сабақта үйренгендерін айтып, қар үйіндісін салады. Табыс критерийі арқылы өзін-өзі бағалайды. Кері байланыс жасайды. Үй тапсырмасын жазып алады.

Пікір қалдыру