Мұғалімі: Жубаниязова А.М.

0

Сабақ : Қош келдің, Наурыз! Мектеп: Новенький ЖОББМ

Күні: 18.03.16. Мұғалімі: Жубаниязова А.М.

Сынып: 3 «А» Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты: (мақсаттары) 2.1.1.1 «Қош келдің,Наурыз!»мәтіні арқылы оқушыларға Наурыз-жыл басы, ұлттық мейрам екенін меңгерту.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: А. Мәтіннің мазмұнын оқып біледі. Оқушылардың басым бөлігі: В. Мәтінніңмазмұнына сай бөлімдерге бөледі Кейбір оқушылар: С. Мәтінжелісін өмірмен байланыстырып постер қорғайды.

Тілдік мақсат Оқушылар: Мәтінніңкөркемдеп айтып үйренеді, мазмұнын өз сөзімен жеткізе біледі Негізгі сөздер мен тіркестер:Сөздікпен жұмыс Байлаулы, деуге сыяды,тіршіліктің арқауы, шаруа кенеледі. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым) Наурыз мейрамы ұлттық құндылыққа жатады, себебі… Сіз неліктен …. екенін айта аласыз ба?(айтылым) Ұлыстың ұлы күні екенін дәлелдейді Жазылым бойынша ұсыныстар: Жоспар бойынша мәтінге талдау жасап, жазады. Үш тілде сөздер жазу Көктем-весна-spring, күн-солнышко-sammer

Алдыңғы оқу «Күннің шуағы» арқылы көктем тарауы туралы сауал әдісімен тексеру. 1.Көктемде неше ай бар? 2.Көктем қай айдан басталады? 3.Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады? 4. Көктем несімен ұнайды? 5. Көктемде қандай еңбек түрлері басталады? 6. Көкек жылдың қай мезгілінде келеді?

7.Осы тараудан Қасым Аманжоловтың қандай өлеңімен таныстың? 8. Көктем сәні ертегісінің кейіпкерлерін ата. 9. Жазғытұры кімнің өлеңі? 10. Төрт түліктің төлдерін ата. 11. Көктемде қандай мерекелер болады?

Жоспар

Жоспарланған

уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) Формативті бағалау (ОҮБ) Ресурстар

Басталуы Кіріспе. Ширату Ширату (Қимыл жаттығуы ) Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, әрі жарық, мейірімді, Болып кетер сонда жан-жағым. Топқа бөлу: «Бәйшешек», «Қызғалдақ» топтары Жаңа сабақтың табыс критерийін бірге анықтау. Әртүрлі түстер

Ортасы Негізгі бөлім Ой шақыру: Бейнебаян көрсету -Бұл бейнебаяннан не көрдіңіздер? (өз ойларын айту) -Ендеше,бүгін сіздер, М.Дулатовтың «Қош келдің,Наурыз!» шығармасы- мен танысамыз. Дәптермен жұмыс: Күннің ретін,тақырыбын жаздыру. «Қош келдің, Наурыз!» Міржақып Дулатов. Автор туралы мәлімет беру: Мәтін

Міржақып Дулатов 1885 жылдың 25-қарашасында Торғай уезінің Сарықопа облысы Бірінші ауылында(қазіргі Қостанай облысы Жанкелдин ауданында Қызбел ауылында) дүниеге келген. 1935жылы тұтқында көз жұмады. Мансабы: ақын, жазушы, саясаткер .Шығармалары: Алғашқы кітабы «Оян,Қазақ!», «Азамат», «Терме» атты өлеңдер кітабы бар. Мағынаны ашу: Оқулықпен жұмыс (Тақырыпты түсініп оқу,мазмұнын талдау). Қызығушылығын ояту: Топпен жұмыс: Шығармашылық жұмыс 1-топ: Өлең құрастыру 2-топ:Мақал-мәтелдер құрастыра отырып,мағынасын ашу 1, Еңбек етсең ерінбей,… (тояды қарның тіленбей) 2, Жері байдың –… (елі бай) 3. Өз елім –… (өлең төсегім) 4.Қына тасқа бітеді… (Білім басқа бітеді). 5.Оқусыз білім жоқ… (Білімсіз күнің жоқ). 6. Ата көрген оқ жонар… (Ана көрген тон пішер).

Аяқталуы Бекіту Постер қорғау: «Наурыз-ұлттық мейрам» тақырыбында Бағалау Үйге тапсырма Мәтінді түсініп оқу Рефлексия (кері байланыс) «Бармақ» әдісі арқылы Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды! Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек. Ортаңғы бармақ– маған ұнаған жоқ. Төртінші бармақ – бұл жерде орта… Кішкентай бармақ– маған жеткіліксіз болды… Критерий арқылы Сөздер жазылған парақшалар Парақшалар

Қосымша ақпарат

Интернеттен «Наурыз мейрамы» бейнебаян қарап, салыстыру (өз бетімен)

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Дарынды және талантты

оқушыларға серпілген

сауалдағы жоғары дәрежелі

сұрақтары ұйқас түрлеріне

өлең құрастыру, төмен

деңгейдегі оқушыларға

сұрақ-жауап пен сөздікпен

жұмыс берілді. Қалыптастырушы бағалау әдістері, критерий арқылы бағаланды Қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері Оқушылардың жұптық, топтық жұмыс жасау арқылы ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті нығая түсті. Оқушыларды топқа бөлуде әлеуметтік, мінез-құлық,

эмоционалдық ерекшеліктері мен Power Point программасында таныстырылым ұсынуда санитарлық ережелер ескерілді. Досына көмек көрсету, қиындықты бірге жеңу адамгершілік құндылықтары дамиды.

Рефлексия

Сабақ/оұу мақсаттары

шынайы ма? Бүгін

оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай

болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді

болды ма? Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай

түзетулер енгіздім және

неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағамдау

Пікір қалдыру