Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж «Дене шынықтыру және спорт мұғалімі» Аңсағанов Ерсұлтан Мейржанұлы

0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж

БАЯНДАМА

«Ұлттық спорт ойындары –

мектеп өмірінде»

Орындаған:

«Дене шынықтыру және спорт мұғалімі» мамандығының

ІІ курс білім алушысы:

Аңсағанов Ерсұлтан Мейржанұлы

Ғылыми жетекшісі:

Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы

п.ғ.м. Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

Семей, 2016 жыл

Жоспар

1. Ұлттық спорт ойындары – халық педагогикасының құрамдас бөлігі

2. Оқу — тәрбие үрдісінде ұлттық спорт ойын түрлерін пайдалану жолдары мен ерекшеліктері

3. Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды тиімді пайдалану

әдіс-тәсілдері

Қорытынды

1. Ұлттық спорт ойындары – халық педагогикасының

құрамдас бөлігі

Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі ХІІ-ІХ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалардың құрылу дәуірі. Кезіндегі өндіріс күштерінің құралына пайдалануға икемделген тас, ағаш, сүйек т.б. табиғи заттар осы дәуірдегі қалыптасқан ұлт ойындарына да сол өндіріс құралдарының материалдары қолданылды. Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектілігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.

Көшпелі қазақ тайпаларының арасында ұлт мәдениетінің бір саласы ретінде қалыптасқан ұлт ойындары әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріп дами берді.

Ұлт ойындарының келесі бір даму кезеңі ХҮ ғасыр, яғни Қазақстан жерінде алғашқы хандықтардың қалыптасу дәуірі. Бұл қазақ халқының ұлт ойындарының дамуының жаңа бір сатысы болды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі көшпелі қазақ халқының этнографиясын зерттеуші ғалымдардың назарынан тыс қалған мәселелердің бірі ұлт ойындарының тәрбиелік маңызы.

Бұл негізде Ә.Диваев жан-жақты зерттей келіп, “кім де кім қазақ халқының арасында болып, күнделікті тұрмысымен танысса, сол отбасындағы бала тәрбиесінің әрқилы жақтарын, ойыншықтардың ойындардың, бала тәрбиелеуде қаншалықты мәні бар екенін біледі”, — деп ескертеді.

Қазақ халқы шыр етіп жерге түскен баласына салт – дәстүрлі тәрбиелерін бере отырып, балаларға арналған түрлі ойындарды үйреткен. Ол ойындардың тәрбиелік маңызы зор. Тұрмыстық заттардың атын білуді, санай білуді үйрету, тіл дамату, төрт түлік малдың төлдерінің аттарын үйрету сияқты жаттығу ойындары баланың ой – өрісін дамытады. Бесіктегі бала анасынан бесік жырын тыңдаса, тәй-тәй басқан балаға саусақ санатып, сол сандарға күнделікті тұрмыста кездесетін заттардың атын қосып үйретеді.

Ұлттық ойындарды төрт топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа бір жасқа дейінгі нәрестені тәрбиелеудегі “Бесік жыры”, “Саусақ санау” және “Тұсау кесу” жырлары жатады. “Бесік жырында ата-ананың баласына деген ізгі тілегін, жақсы ниетін еңбек сүйгіш те өнерлі болып, тәрбиелеуді аңсаған ойын көруге болады.

Қазақ халқының арасына кең тараған бес саусақтың аттары бар: бас бармақ, сұқ қол, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ. Осы саусақтарын бала тілінде ұғынықты да жеңіл айтылу үшін басқаша айтады: бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.

2. Оқу — тәрбие үрдісінде ұлттық спорт ойын түрлерін пайдалану жолдары мен ерекшеліктері

Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталады, оның негізі болашақ өмірінде жалғасын табады. Қазақтың ұлттық спорт ойындары туралы арнайы еңбек жазған Базарбек Төтенаев “Ұлттық ойындардың қалыптасуы тек балаларға керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды” деген пайымдау жасады.

Ұлттық спорт мұраларының бірі – ұлттық спорт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай, ұлттық спорттың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтіретін тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.

Біздің, әсіресе ұлттық спорт ойындардың тәрбиелік мүмкіндіктері мол екеніне көзіміз жетті. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас етіп кеткен. Ойнай білген бала сол ұлттық спорттың мінез-құлқынан, ой санасынан, тұрмыс-салтынан хабар алады. Ұлттық спорт ойындары -ұлттық спорт педагогикасының негізгі бір саласы ретінде оқушыларға жан-жақты білім беруде, олардың өмір тәжірибелерін кеңейтуде, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіруде, денесін шынықтыруда, дене мішесінің сау да түзу болуына аса қажетті тәрбие құралдарының бірі. Ұлттық спорт ойындарын отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында, үзілісте де, бос уақыттарды өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерді, қосымша пайдалануға болады. Спорт ойындарын балалардың жазғы дем алатын орын сауықтыру лагерьлерінде кеңінен пайдаланған жөн. Спорт ойындары арқылы балаларды өмірге ең қажет қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз.

Ұлттық спорт ойындары арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды.

Тәрбиелік мақсатта қолданылатын ұлттық спорт ойындарды атауға болады: “Қуаласпақ”, “Соқыртеке”, “Ақ сандық — көк сандық”, “Көкпар”, “Бәйге”, “Аударыспақ”, «Қыз қуу» т.б.

Ұлттық спорттық педагогиканың құрамы ұлттық спорт ойындар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастары мен мінез-құлқының қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құрамы деп те ерекше бағаланған. Ұлттық спорт ойындар ұлттық спорт сандаған ұрпақтың керегені жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді. Дегенмен ұлттық спорттың ұлттық спорт ойындарының неше алуан түрлерін туғызып қана қоймай, соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімділік жақтарын да көре біледі.

Ұлттық спорт өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Бала отбасы тәрбиесі және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән беруге тиіс.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрлысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.

Әрбір оқушы өз денесін жан-жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл-қозғалыста болуы керек. Ол үшін әрбір тұлға бос уақытында дене шынықтырумен айналысу қажет екенін өмір көрсетіп отыр. Дене тәрбиесі арқылы қажетті қимыл-қозғалыс түрлерін жасау тәсілдерін үйреніп, оларды сабақтан тыс уақытта өз беттерімен орындай алатын дәрежеге жету үшін үнемі спорт жаттығуларымен таныс болуы керек. Спортпен үзбей шұғылданған бала күшті де батыл, икемді де төзімді, сымбатты да сұлу болып өседі. Дене тәрбиесі оқушыларды жанжақты жетілдіріп денсаулығын нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды.

Бұл мақсаттарға жетуде жеке дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері қолданылады. Олардың ең негізгісі дене шынықтыру сбақтары және сабақтан тыс уақытта ойындарды қолдану болып табылады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта да ұлттық спорт ойындарын ойнату барысында да іске асырылады. Сабақтан тыс уақытта ойнатылатын спорт ойын түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Қазақтың ұлттық спорт ойындарын тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы болып табылады. Ұлттық спорт өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, қазақтың ұлттық спорт ойындарын бүгінгі педагогикалық білім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі. Дене шынықтыру сабағында ұлттық спорт ойындарын пайдалану мұғалімнің күнбе-күнгі сабағына әзірлену кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында көрсетіледі. Мектептің табалдырығын жаңа аттап отырған балалар үшін дене шынықтыру сабағын бірден бастап кету мұғалім үшін де, оқушылар үшін де қиындық көрсетеді.

3. Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды тиімді пайдалану әдіс-тәсілдері

Спорт ойыны — дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Мектеп табалдырығынан алғаш аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға, олардың дене шынықтыру сабағын сүйіп оқуына, қатысуына жету үшін ұлттық спорт ойындарын тәрбие құралы деп қарауға болады. Ұлттық спорт ойындарды бағдарламаның қимыл — ойындары деген бөлімінде ғана пайдаланатындай етіп қана қоймай, әр сабақтың мақсатына қарай, мазмұнына сай, сабақ кезеңдеріне орай пайдалануға болады. Мектеп оқушылары үшін сабақтан тыс уақытта ойналатын ұлттық спорт ойындарын іріктеп, оқушының жас ерекшелігіне байланысты ойнауды ұсынған дұрыс.

Дене тәрбиесі мұғалімімен басқа пән мұғалімдері немесе сынып жетекшілер келісе отырып, сабақтан тыс уақытта ойналатын спорт ойын түрлерін іріктеп алады да, оқушыларды алдымен ойын мазмұнымен таныстырады. Сонан кейін оны қалай ойнаудың жолын үйретеді. Ұлттық спорт ойындарды оқушылар

жиындарда, үзіліс арасында, сыныптан тыс бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік ролін пайдаланған жөн.

Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ұлттық спорт ойындарынан басталады. Мысалы, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ойнауға мынандай қазақтың ұлттық спорт ойындарын ұсынуға болады “Айгөлек”, “Арқан тарту”, “Белбеу тастау”, “Соқыр теке”, “Қойыңа қасқыр шапты”, “Ат құма”, “Жаяу көкпар”, “Көрші-көрші”, “Түйе-түйе”, т.б. Ойындарды өткізу арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрімен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қарай дамытуға, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Қазақтың ұлттық спорт ойындарын сабақта өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырады, денсаулығын нығайтып, шыңдайды. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау үрдісіне де әсер етеді.

Дене шынықтыру сабағында ұлттық спорт ойындарын пайдалану мұғалімнің сабағына әзірлену кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында көрсетіледі. Ұлттық спорт ойындарын сабақтың басында да, ортасында да, соңында да пайдалануға болады. Мектептің табалдырығын жаңа ғана аттап отырған, балалар бақшасында болмаған, топтасып әрекет жасап қалыптаспаған балалар үшін дене шынықтыру сабағын бірден бастап кету мұғалім үшін де, оқушылар үшін де қиындық келтіреді. Мысалы, бағдарлама бойынша бірінші сыныптың оқушыларына гимнастика сабағы «Сапқа тұру және қайта өзгеріп тұру» сабағынан басталады. Осындағы сапқа тұру, колоннада бір-бірден жүру, т.б. толып жатқан ұғымдарды оқушыларға бірінші күннен бастап түсіндіре қою қиынға соғатыны белгілі. Мәселе оның мұғалім үшін қиыншылығында емес, балалардың бірден күрделі ұғымдар мен қимылдарды меңгеріп алуының күрделілігінде. Сондықтан алғашқы он-он бес минут уақытты мұғалім ұлттық спорттың ұлттық спорт ойындарымен бастап, балалардың қимыл бірлігі қалыптасып, бір-біріне жақындаса бастаған кезде, ойыннан сабаққа біртіндеп көшкені жөн.

Қорытынды

Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың кейінгі жастарға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан келе жатқан адамгершілік қасиеттер жиынтығынан туындайды. Жылдар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері, салт-дәстүрлері, ойындары жас ұрпаққа әсер етіп, санасына сіңсе, ол ұлттық мәдениетті игерген, инабатты асыл қасиеттерге ие болады.

Ұлт мектебі болудың басты белгісі онда ұлттық рухы болу шарт. Ол мектептің барлық тіршілік тынысынан, тәрбие жұмыстарының кең саласынан айқын көрініс табады. Ұлттық тәрбие әр мектеп оқушысының бітімінен, мінез-құлқынан бастау алуы керек.

Бүгінгі мектеп оқушылары жоғары мәдениетті, ой-өрісі кең, мамандығын еркін таңдай алатын, білімді болумен қатар, өз халқының, өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын, салт-дәстүрін, тарихын, адамгершілік пен имандылықты дәріптейтін мінез-құлық қасиеттерді бойында қалыптастыру керек.

Бір заманда ұлттық спорт қиялымен туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды құралына айналған ұлттық ойындар ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі тәрбие жұмысына пайдалануға қолайлы. Бұл жерде атап айтатын нәрсе, ұлттық спорт ойындарын бүгінгі педагогикалық талаптарға сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі. Қоғамның тарихи даму тәжірибесі бала тәрбиесінің проблемалары үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттеріне байланысты болып келгенін көрсетеді. Балалардың өмірі мен жан-жақты жетілуінде, қалыптасуында ұлттық ойындардың орынды және тиімді қолданылуын назарда ұстауымыз қажет.

Егеменді ел болып өз жерімізге, өз елімізге жанашырлықпен қарай бастаған осы заманда жастар тәрбиесі – болашақ ұрпақ алдында тұрған үлкен міндет. Ұрпақты тәрбиелеу ісінде тарихи білімдерді пайдалануды ұлттық спорттан үйренген жөн. Адамдардың рухани байлығының өзі – ең алдымен олардың білімділігі, ана тілін білуі және мәдени деңгейі, адамгершілік, сезімталдығы жағынан дамығандығы. Оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындардың қолданылуы балалардың білім қорын жүйелі меңгеруге көмектесетінің зерттеу жұмысымыздың өн бойында толық көзіміз жетті. Сондықтан ұлттық ойындар білім беру жүйесінде ақыл-ой, тәрбиелік, танымдық міндеттерді шешу үшін қолдануылуы тиіс.

Ұлттық ойындар – аға ұрпақтан келіп жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын асыл қазынамыз. Ұрпақ тәрбиелеуде оны оқып, үйренудің, білудің пайдасы зор. Ойын – баланың шығармашылық қабілетін оятады. Ұлт ойындарын ойнап өскен бала ептілік, шапшаңдық, ұқыптылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерді бойларында қалыптастырады.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Адамбаев Б. Шешендік өнер. 196.. Ұлттық спорт даналығы, 1976. Қазақтың шешендік өнері, 1983.

2. Ақ сандық, көк сандық — Алматы, 1988 — 234 б

3. Арғынбаев Х. Қазақ халқының этнопедагогикасы. Бағдарлама. Алматы, 1989

4. Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқыту методикасы. — Алматы, 1991

5. Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер — Алматы, 1972. -121б.

6. Әлімбаев М. Ұлттық спорт — ғажап тәлімгер. Рауан, 1994

7. Әлімбаев М. Ұлттық спорт — қапысыз тәрбиеші — Алматы, 1977. — 112 б.

Пікір қалдыру