Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж «Дене шынықтыру және спорт мұғалімі» Тлеуғазы Бақытжан Есболұлы

0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж

БАЯНДАМА

«Ұлттық спорт ойындары –

мектеп өмірінде»

Орындаған:

«Дене шынықтыру және спорт мұғалімі»

мамандығының ІІ курс білім алушысы:

Тлеуғазы Бақытжан Есболұлы

Ғылыми жетекшісі:

Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы

п.ғ.м. Кабимолдина Айгуль Кайрбековна

Семей, 2016 жыл

Жоспар

1. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы

2. Ой – ойын арқылы дамиды

3. Оқу үрдісінің сапасын арттырудағы – ойынның рөлі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

1. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы

Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп қарым-қатынас барысында біледі.

Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталады, оның негізі болашақ өмірінде жалғасын табады.

Ойынды балалардың жазғы дем алатын орын сауықтыру лагерьлерінде кеңінен пайдаланған жөн. Ойын арқылы балаларды өмірге ең қажет қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейміз. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақтың түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын элементтерін оқу үрдісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. “Ой — ойыннан басталады” десек, балалардың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін мұғалімінің қолданатын басты тәсілі — ойын. Н.К.Крупская өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы — баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға үйретеді.

Осы пікірлерге сүйенсек оқушыларыдың оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың, пайдаланудың орны бөлек.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрлысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.

Баланың бойында

Ойлау тапқырлық шыдамдылық ұйымдастырушылық белсенділік қасиеттері қалыптасады.

Әрбір оқушы өз денесін жан-жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл-қозғалыста болуы керек.

Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын »ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

* Ойын – сауық

* Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

* Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)

* Коррекциялық (өзін-өзі түзету)

* Әлеуметтендіру

Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:

* ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;

* жеке оқыту маңызының артуы;

* оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.

Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.

Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.

Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.

2. Ой – ойын арқылы дамиды

Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те. В.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ол дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын-ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар отын»- деген ой айтқан.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтер, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзингтің «Ойыншыл адам», Д.Б.Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В.Вербицкий, Т.В.Кудрявцев, И.П.Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров т.б.

Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезінде ойын әрекетінің психологиялық негізінде құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын оның интеллектуалдық ортасына байланысты.

Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.

Мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру әрбір педагогқа оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Ол үшін әрбір педагог өзінің инновациялық даярлығын қалыптастыруы қажет. Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған педагогтың белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті – оқытудың ойын формасы деп аталады.

Оқытудың ойын формасын (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, баланың ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттігі. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Баланың психологиясында сапалы өзгерістер туғызады. «Ой-ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін, тәрбиешілердің, жалпы ұстаздардың қолданатын басты әдісі ойын болуы керек.Ойынның сабақтағы орны бірнеше факторларға байланысты: баланың дайындығына, меңгерілетін материалға, сабақтың мақсатына. Ойынның нәтижесіне жету тәрбиешіге байланысты. Тәрбиешінің балаға деген сенімі, көзқарасы дұрыс болса, олар ойынды ғана емес, басқа да жағдайларда өздерін көрсете алады.

Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды.. Баланың сенсорлық дамуы ойында психикалық үрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу әрекеттері арқылы қалыптасады. Сәбилердің бірінші тобында басталатын сезім, түйсік, қабылдау сияқты психологиялық процестерді жетілдіру сенсорлық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл міндетті орындауда берілетін білім, білік дағдылары

балаларға оқыту үрдісі кезінде ойын әдістері арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да І кіші топ балаларының сенсорлық дамуын қалыптастыруда қолданып жүрген танымдық ойындарды іс-тәжірибе ретінде ұсынамын.

Психологтар баланың сенсорлық қабілетін дамытуда зейін үлкен қызмет атқарады деп санайды. Зейін қойып тыңдау – дұрыс ұғуды, түсінуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Ол туралы психолог Қ.Жарықбаев былай деген: «Адамға тән әрекетінің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз – айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу». Бұдан баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастырудың маңызы зор деген қорытындыға келуге балады.

«Мен сияқты жаса» ойынын ойнатудағы негізгі мақсатым: Құрылыс материалдарын көлемдері мен пішіндері бойынша орналастыру.

Жүру барысы: Ойын балаларға арналған құрылыс жинағының негізгі детальдарымен ойналады. Алдымен, екі-үш пішінді ойыншықтардан шағын құрылыс тұрғызамыз. Бала тәрбиешімен бірге сол түсті пішіндерді тауып құрастыруы керек. Ойынның күрделі нұсқасы «жасырылған құрылыс» болады. Мұнда бала көзін жұмып отырады, қалай құрастырып жатқанын көрмейді. Көзін ашып құрылысты жасауы керек.

Нәтиже: Балалар зейінін тәрбиешінің іс-әрекетіне аудару арқылы құрылыс материалдарын көлемі, түсі, пішіні бойынша салыстыра отырып, дәл тәрбиеші жасағандай құрылыс құрастырады.

Балада есте сақтау белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса,оған не әсер етсе,не қызық болса,соны ғана есте сақтайды. Мысалы: «Қуыршаққа арналған сыйлықтар» ойынында

шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып түстері бойынша заттарды топтастыра білуге үйрету.

Ойынның айқын біртіндеп дамитын жүйесін пайдалана отырып,тәрбиеші балалардың дене құрылысы дамуының тиімділігін арттырады. Ол ойында балалардың шат, сергек көңіл күйін туғызады, ал эмоциялық ахуалдың дұрыс болуы баланың дене құрылысы жағынан толыса дамуының кепілі.

Тәрбиеші ойын түрлерін балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып,жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, балалар ұғымын тиянақтау,яғни сабақтың кез – келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады. Ойын үстінде ақыл-ой міндетін шеше отырып, сәби өз еркімен есте сақтауға және қайта айтып шығуға, жалпы белгілері бойынша заттарды немесе құбылыстарды жіктеуге, заттардың қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, белгілеріне қарай оларды анықтауға жаттығады.

Ойын іс-әрекеті үстінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Ойын кезінде қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін сәбидің өзі де аңғармайды, яғни тәрбиеші оқытудың ойын формасын қолдану арқылы сәбидің оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады.

3. Оқу үрдісінің сапасын арттырудағы – ойынның рөлі

Мектептегі сабақ пен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаттарының бір, айырмашылығы — тек ұйымдастыру — әдістемелік жағында ғана екенін естен шығармау керек.

Мектеп мұғалімдері дене тәрбиесі мұғалімімен келісе отырып, сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлерін іріктеп алады да, оқушыларды алдымен ойын мазмұнымен таныстырады. Сонан кейін оны қалай ойнаудың жолын үйретеді. Ойындарды оқушылар жиындарда, үзіліс арасында, сыныптан тыс бос уақыттарында пайдалану үшін белсенді қабілетті оқушылардың жетекшілік ролін пайдаланған жөн. Мұғалімдер ұжымы осы оқушы белсенділер көмегімен, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта ойындарды ойнатуды жалғастырады. Оған бақылау, басшылық жасайды.

Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну осы ойындардан басталады.

Ойын арқылы оқу үрдісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өэ мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден-бір таптырмайтын құрал.

А.М.Горькийдің «Бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің саздылығын ұғынады». дегендей, сабақтарды дәйекті жүргізу үшін, мұғалім бірінші күннен бастап оқушылардың мінез-құлқын бақылай отырып, оларды ерекшеліктеріне қарай топ-топқа бөледі. Оқушылардың бірінші күннен бастап оқу құралдарын қалай пайдалану керектігін еркін меңгеріп әкетуі оңай емес. Ойынды не үшін жүргізгелі тұрғаны мұғалім үшін белгілі. Сондықтан мұғалім алдымен ойынның тәртібін балаларға түсіндірді де, ойынды өзі бастап, ойнау тәртібін көрсетеді.

Баланың ой көлемі кеңейген сайын жас ерекшелігі мен санасының қабылдау қасиетіне қарай жұмбақтардың да шешуі қиындалып, мағынасы тереңдеп, күрделене береді. Олардың тапқырлық, ойланғыштық қасиеттеріне қарай лайықтала, өлшене айтылатын түрлері кездеседі.

Жаңылтпаштар, жұмбақтар сияқты мақал-мәтелдер де балалар үшін өзіндік тәрбиелік ерекшеліктерімен танылған асыл ойының көркем жиынтығы. Бұл мұраның негізгі мазмұны бала тәрбиесіне арналған. Ол балалардың ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын өмір құралы.

Мысалы “Орман аралаған үйші болады, ел аралаған сыншы болады, көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады”, — деп еңбектенудің, талаптанудың арқасында осындай игілікке, алға қарай ұмтылуға болатынына балалардың сенімін арттырып, ынталандыра, қызықтыра түседі. Баланың күнделікті ойынының өзі, өзіне тән еңбегі бола тұрса да, “еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”, — деп оны ең алдымен еңбек үрдісімен таныстырып, еңбектенуді сүйе білуге үйрету.

Мақал — нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады.

Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру балаларды жалықтырары сөзсіз.

Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар өтіп отырған сабақ мазмұнына баса көңіл аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

Ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын байыта түседі, оқушылардың бойындағы білуге деген талпыныс пен құштарлықты оятады, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі, өмір тәжірибелерін молықтырады. Біздің пікірімізше, бұл ойындар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта жүйелі, тиімді пайдалана білсе, оқушылардың ой-өрісін дамытып, дүниені танып, білу қабілеттерін кеңейте берері сөзсіз.

Мектепке келмей тұрып-ақ бала сандық ұғым туралы мағлұмат ала бастайды. Бірақ оны саналы түсінбейді. Осы құбылысты сезген халық — балаларға сан ұғымы туралы мағлұмат берудің алуан жолдарын ойлап тауып, олардың ақыл ойын арқылы өте шеберлікпен жетілдіре білген. Сан ұғымын есептер арқылы, ауыз-екі әңгіме арқылы немесе нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы да жеткізген. Сан ұғымын заттық негізде, сол заттың бейнелі суреті арқылы беру — бала зердесінде өшпес із қалдырып, санасынан мықтап орын тебері сөзсіз. «Аз»,»көп» деген ұғымдарды баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес.

Я.Коменский өзінің «Ұлы дидактикасын-да» Баланың бойында білімге деген құштарлықты арттыру үшін қажет деген ең қарапайым тәсілдің өзі табиғи болуы шарт. Оның үстіне осы тәсілмен қабілеттері оянуы үшін оны ақылдылықпен жандандырып, балаға жағымды еткізіп жеткізе білуі керек. Түсіндірілер сабақ қандай маңызды болса да, әңгімелесу, сайыс, жұмбақ жасыру немесе мысал мен аңыз мазмұнында өткізілгені жөн» деп жазды. Бұл арада К.Ушинскидің «Ойын баласын — ойын үстінде үйрет» дегенін айта кеткен де орынды.

«Балалардың ойлауын дамыту» туралы М.Жұмабаевтың еңбегінде ойлау жанның өте бір қиын терең ісі, жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан мұғалім ойната отырып ойлантуға жүйелі сөйлеуге ұмтылдыру қажет. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар.

Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір — біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өзінің қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір — біріне деген сенім арттырады.

Оқу үрдісінде –кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол-дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын талап – оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.

Қорытынды

Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, мұғалімдердің де ролі зор. Біздерге, яғни ұстаздарға болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.Жалпы тәрбие ісі білім берумен ғана шектелмейді, бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниені оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Адамзаттық құндылықтарды бала бойына іс-әрекет барысында, түрлі ойындар арқылы беруге болады.

“Тәрбие дегеніміз өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу – яғни қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық — қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз.

Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жастарға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік қасиеттер жиынтығынан туындайды.

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі озық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, біздер ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жүмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануымыз, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануымыз қажет екені анық.

Бүгінгі мектеп оқушылары жоғары мәдениетті, ой-өрісі кең, мамандығын еркін таңдай алатын, білімді болумен қатар, өз халқының, өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын, салт-дәстүрін, тарихын, адамгершілік пен имандылықты дәріптейтін мінез-құлық қасиеттерді бойында қалыптастыру керек.

Бір заманда халық қиялымен туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды құралына айналған ұлттық ойындар ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі тәрбие жұмысына пайдалануға қолайлы.

Егеменді ел болып өз жерімізге, өз елімізге жанашырлықпен қарай бастаған осы заманда жастар тәрбиесі – болашақ ұрпақ алдында тұрған үлкен міндет. Ұрпақты тәрбиелеу ісінде тарихи білімдерді пайдалануды халықтан үйренген жөн. Адамдардың рухани байлығының өзі – ең алдымен олардың білімділігі, ана тілін білуі және мәдени деңгейі, адамгершілік, сезімталдығы жағынан дамығандығы. Оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындардың қолданылуы балалардың білім қорын жүйелі меңгеруге көмектесетінің зерттеу жұмысымыздың өн бойында толық көзіміз жетті. Ойын – баланың шығармашылық қабілетін оятады.

Курстық жұмысты қорытындылай келе, мынандай тоқтамға келдік: халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуына ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Халықтың рухани бай қазынасының бірі, бірден-бір тәрбие құралы — халық ойындары. Халық оның алуан түрін тауып, өз ұрпағын өрелікке, ойшылдыққа, тапқырлыққа, шеберлікке тәрбиелеген. Ойын – халық қазынасы іспетті. Оның бойына ақыл-ой дене тәрбиесінің мол қоры жинақталған. Сондықтан оның дидактикалық білімдік маңызы жоғары. Оларды бүгінгі ұрпақты тәрбиелеу ісіне лайықты пайдаланудың әрі білімдік, әрі тәжірибелік маңызы зор. Ойындары халық педагогикасының бір

саласы. Олай болатыны қазақ халқының өнер туындылырының өмірге келіп, тұсау кесетін орны. Сол сияқты ертегі дастандар да, эпостық жырлар да көпшілік жиналаған ойын сауықтарда айтылып, ауыздан-ауызға тарап, ел есінде сақталған. Мұны естіген жас балалар ойын үстінде үлкендерге еліктеп өз арасында қайталайтын болған. Соның нәтижесінде сонау көне дәуірде жасалаған мәдениет, өнер туындылары бізге жетіп бүгінгі және келешек ұрпақтардың игіліктеріне айналуға мүмкіншілік алып отыр. Бүгінгі заман талабы оқу-тәрбие үрдісінде ойын элементтерін қолдана сабақ жүргізу әрбір мұғалімнің алдында қойған мақсат мұраты болмақ.

Ойын үрдісі табысты болуы үшін сабақта психологиялық климат тудыру өте қажет. Мұнда білім деңгейі шамамен 70-75 пайызы жетеді деп есептеуге болады. Ойын кезінде оқытушы қатал сарапшы немесе төреші емес, керісінше жақсы қарым-қатынас құратын қайырымды кеңесші болуы керек. Педагогикалық ойындар қарекет бойынша физикалық интелектуалдық, еңбектік, психологиялық, әлеуметтік болады. Ойын әдістемесі бойынша пәндік, сюжеттік, іскерлік, рөлдік, имитациялық, драмалық болып бөлінеді.

Қорыта келе, сабақ үстінде ойындар-оқушылардың жан-жақты білім алуына, өмір тәжірибелерін кеңейтуге, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіре түсуге көмектесетін аса қажетті тәрбие құралдарының бірі болып табылады. Мектептің оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балаларадың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Адамбаев Б. Шешендік өнер. 196.. Халық даналығы, 1976. Қазақтың шешендік өнері, 1983.

2. Бейсенбаева А.А. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық

байланыс, — Алматы, 1991 — 16б

3. Ғаббасов С. Жас ұрпақ тәрбиесі туралы толғаныс. Ғылыми-

педагогикалық орталық хабаршысы.,1991, №4

4. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен

тарихы. Алматы, Рауан, 1998

5. Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір

ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы, 1993

6. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, Рауан, 1991.

7. Тәнекеев М.Т. Адамбеков Қ.І. Қазақстың ұлттық спорт ойындары. – А, 1994

Пікір қалдыру