Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Ойлыбаева Рита Аманжоловна №7 ОЖББМ-тің I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

0

Қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

Р.А. Ойлыбаева, №7 ОЖББМ-тің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Сыныбы 11 «А» Күні 9.12.2015

Сабақтың тақырыбы Қазақстанның экологиялық қауіпті аймақтары.Жалғауларды қайталау.

Мақсаты

Оқушыларға Қазақстастанның экологиясы тақырыбы төңірегінде ауызекі сөйлеуге, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Қоршаған ортаны, туған елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

А Тақырып бойынша білімдерін кеңейте алады. В Ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыта алады. С Өзін-өзі, өзара бағалай алады.

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі топшамалар, кесте, презентация

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе

Үй

тапсырмасын

тексеру 1.Ұйымдастыру бөлімі: 3 минут 1.Оқушыларды түгендеу. 2.Психологиялық ахуал тудыру. «Жүректен жүрекке» тренингі. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын. Балалар, біз бүгінгі сабағымызды да әдеттегідей тренингтен бастаймыз. Ол үшін ортаға шығып шеңбер болып тұрайық. Енді бір – бірімізге жылы лебіздер айтайық. Көңіл-күйлерің қалай? 3. «Шаңырақ» әдісімен топқа бөлінеді. Енді мына шаңырақ астына бірігейік. Сонан кейін уықтар түсімен 2 топқа бөлінеміз. Жарайсыңдар! Топтық ережені еске түсіру. Енді, балалар, үй тапсырмасын тексеруге кірісейік. 3 минут 1 Үй тапсырмасы стикердегі диалог.арқылы диалог түрінде тексеріледі. Бірақ бұл тапсырмада сұрақтар мен жауаптар сендерге араластырылып берілген. Бірінші оқушы сұрағын оқыса, екінші оқушы жауабын табу керек. Мұғаліммен амандасады. Оқушылар шеңбер болып тұрады Сабаққа дайындықтарын көрсетеді. (Бас бармақты не көтереді, не түсіреді) Оқушылар уықтарды алып топқа бөлінеді. Топ ережесін қайталайды. Бағдаршам арқылы өз-өзін бағалау.

Өте жақсы, жауапты тез және дұрыс таптыңдар. Жарайсыңдар. Енді келесі тапсырмамыз тест жұмысы. Тест. 5 мин. (Жұп болып бір – бірін тексереді Жарайсыңдар, балалар, үй тапсырмасын жақсы меңгергенсіңдер. Табыс критерийі арқылы бағалайды.

Тұсаукесер

Қызығушылықты ояту. 2 мин. «Қазақстан экологиясы» презентациясын көрсетіп, кеңейтілген сұрақ арқылы жаңа сабақты ашу. Балалар, алдарыңыздағы презентацияны көру арқылы бүгінгі күні еліміздің қауіпті мәселесі қандай деп ойлайсыңдар? Не себепті? Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстырып, табыс критерийлерін құру. Сабақтың тақырыбын анықтайды 2 мин. Табыс критерийін құрады.

Негізгі бөлім

2.Мағынаны тану. 1. Мәтінмен жұмыс.Оқылым. «Өкіл»әдісімен мәтінді меңгерту. 10 мин. 1-топ Арал теңізі туралы. 2-топ Каспий теңізі туралы. Мәтінді жеке оқып, одан кейін топта кактейл таяқшаларымен бір – біріне айтып береді.Топтың үздігі анықталып, өкіл келесі топқа барып әңгімелейді. 2.«Пицца» әдісімен мәтінді пысықтау. 5 мин 3.Мәтін бойынша 4 жалғаудың түрлерімен сөздерді құрамына талдау.10 мин. Мәтінді оқып, әңгімелейді Негізгі сөйлемдерді дәптерлеріне жазады. Оқушылар пицца жасайды, сұрақтарға жауап береді.. Диалог қүрастырады «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» әдісімен өзара бағалайды Ережені қайталайды. Дәптерлеріне талдау жасайды. .

Қорытынды Ой толғау. « Қапшықтағы фасоль» әдісі Оқушылар сұрақтарға

бойынша сұрақтар қою.3 мин. «Бағдаршам» әдісі арқылы тақырыпты түсінгендерін тексеру Үй тапсырмасы: Мәтіндерін мазмұндау. Диалог қүрастыру. Рефлексия : «Алма ағашы» 5 мин. жауап береді. Үй тапсырмасын күнделікке жазады Оқушыларға стикерлерге таратылып беріледі. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып, оқиды, плакатқа жабыстырады

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Ойлыбаева Рита Аманжоловна

№7 ОЖББМ-тің I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікір қалдыру