ОҚО Арыс қаласындағы С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салимбекова Сабира Датхаевна

0

«Өзін-өзі тану» сабағы

Мектебі: С.Сейфуллин

Мерзімі:23.02.2016

Тақырыбы: «Мейірімді жан»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиет: Сүйіспеншілік, бауырмалдық, достық

Мұғалім:Салимбекова Сабира Датхаевна

Сыныбы: 4 «Б»

Саны:24

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыруда,сүйспеншілік кудылыгынын манин ашу Сабақтың міндеті: Окушыларға сүіспеншілік, бауырмалдық, достық ұғымдарын қалыптастыру. Білімділік:Оқушылардың сүйіспеншілік, бауырмалдық, достық ұғымдарын арттыру. Дамытушылық:Оқушылардың сүіспеншілік, бауырмалдық, достық ұғымдарын кеңінен дамыту. Тәрбиелік:Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік сүйіспеншілік құндылықтарына тәрбиелеу. Ресурс: құралдар, суреттер, қағаздар, түрлі қарындаш.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.Жағымды ойға келу.

Тыныс алуға зейін қою

Мұғалім:Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды

өтінемін.

Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз.Тыныс алуға зейін қойған

икезде, біздің ақылымыз дем алады. Демді сырқа шығарған кезде

өзіміздегі мазасыздықтарды сырқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық балалар.Көзімізді жұмамыз…., арқамызды

тіктейміз…., қолдарыңды тізеге қоюға болады….

Үй тапсырмасы: С.А.Назарбаева туралы мәлімет жинау

Сұрақтар: 1.Сара Алпысқызы дегеніміз кім? 2. Сара Алпысқызын біз неге өзін – өзі тану пәнімен байланыстырамыз? 3. Қоғамға жасап жатқан жақсылықтары туралы не білесіңдер? 4. С.Алпысқызы қандай марапаттауларға ие болған? 5.Ол қай оқулықтың авторы?

3.Дәйек сөз. «Адамның адамшылығы – жақсы ата, жақсы ана, жақсы

құрбы, жақсы ұстаздан болады» С.А.Назарбаева

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.

1.Жасқсы ата-ананы кімдер тәрбиелейді?

2.Aдaмның қандай қасиеттері бар?

3.Сара Алпысқызы кімдерге қамқорлық жасады?

4.Өздерің кімдерге қамқорлық көрсетесіңдер?

5.Отбасының жылулығы неде?

4.Әңгімелесу: «Мұғалім сыйы»

Оқушыларға Сара Алпысқызы туралы, өмірбаяны айтылады.

С.А.Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы,

Бұқаржырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Қазақстанның қоғам қайраткері, ҚР Тұңғыш Президентінің зайыбы,

Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы.

Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең

ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне

мән береді.

Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім

балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде

республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық

үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт», жасөскіндер үйлері

ашылуда.

Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу

орындары және колледждерде білім алып жүрген жатқан жетім

балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара

Алпысқызы осындай жастарға ай сайын «Бөбек» қоры арқылы

қайырымдылық көмек көрсетеді. «Өзіңді өзің тану» атты балаларға

рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы

болып табылады.

Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және

бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева

С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен,

Философияда өзіңді — өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі

үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен,

«Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық

қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының

ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау

ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек»

сыйлықтарымен марапатталған. Әкем-біреу, анамда біреу менің, Мен жығылсам, сүйенер тілеулерім, Олар барда – мереке. Көрген емен, Қабақтарын шытқанын түнергенін Әке-білек, саусағы-балалары, Қан тамырмен жалғасқан аралары. Ана-тамыр бойымен бәріне де, Тіршіліктің жылуы таралады. Оқушылар, олай болса осы біздің ашық сабағымызға әдейі дайындалған «Ата – ана мен бала ортасындағы махаббат» атты видеоролигімізді бірге көрейік. 1.Роликте не көрдіңдер? 2.Ең қымбат жан кім? 3.Балалар тәрбиені кімнен алады? 4.Бала кімді көп күтті? 5.Ананың аялы алақаны қандай?

5.Шығармашылық жұмыс.Топпен жұмыс.

І‐ топ С.Назарбаева мәлімет

ІІ‐топ Мейірімділік қайырымдылық туралы ойларын айтады.

ІІІ‐топ Мейірімді жанға сурет салады.

IV‐топ Мейірімділікке шығарма өлең жазады.

6.Топпен ән айтады.

Сөзін жазған Л. Ошанин Әнін жазған А. Островский

Аударғандар І.Мәмбетов, К. Ыдырысов

Әрқашан күн сөнбесін

1. Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған өзі,

Жазылған бар сөзі.

Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін,

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.

2. Айрылмас дос, айнымас дос,

Бейбіт өмір керек елге.

Отыз беске біз келсек те,

Тұрар жүрек сөз есте.

3. Анда солдат, мында солдат,

Халық оқтан шошынады.

Сұм соғысты, кан төгісті,

Болдырмаймыз сәби үшін

7.Үй тапсырмасы. 23 cабақ 106 бет Ата – анамызға, отбасымызға, бауырларымызға деген махаббатымызды шығарма арқылы көрсету керек.

8.Соңғы тыныштық сәті.

Пікір қалдыру