БҚО Зеленов ауданы Новенький ЖОББМ аға тәлімгер, өзін-өзі тану пәні мұғалімі Кобыланова Гулден Ермековна

0

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

 

Мектеп: Новенький ОЖББ

Тақырып: Жақсылық жасай білейік №16

Құндылық : Қиянат жасамау

Қасиеттер: Әрқашан көмек көрсету,қамқорлық жасау,бірлік .

Мұғалiм:Кобыланова Гулден Ермековна  Батыс Қазақстан облысы.Зеленв ауданы.

Класс: 4      Оқушылар саны: 10

 

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылық жасайбілу туралы әңгімелей отырып,қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-әрдайым өзгеге көмектесуге үйрету;

-қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу;

-оқушылардың бірлігін,ынтымағын,достығын нығайту.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастырукезеңi.  5Т. Естеріне түсіру

2.     Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

3.     Үй тапсырмасын тексеру «Жақсылық пен жамандық»  Ертегі №16     79-82 бет

·        Неліктен  адам  Жақсылықтың  айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

·        Ертегідегі кейіпкеріміздің қандай қасиеттері басымырық болды?

·        Қиянат жасамау жолдарын атаңыз

Сабақ барысын талдау:
4.     Дәйексөз.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

                                                           Халық даналығы

—         Жақсылық жасай білетін адамның бойынан қандай қасиеттер басым болады?

—         Жақсылық жасап, қайтарымын күтесіз бе?

 
5.     Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы)

 

Арыстан мен тыщқан

Бір күні аң патшасы арыстан тыныштықты ұйықтап жатады. Жолшыбайкеле жатқан тышқан аңдаусызда арыстанның құйрығын басып кетеді. Кім менің тыныштығымды бұзған деп атып тұрған арыстан тышқанды көреді. Шошып кеткен тышқан өзінің кішкентай балалары барын,өзіне тиіспей қоя беруін өтінеді. Менің де бір керегім болар деп жалбарынады. Сонда арыстан:

—         Ей бейшара тышқан сеннен қандай көмек болар дейсің маған. Күлкіңді келтірдің ғой – депті. Бірақ өзіңе қиянат келтірмей жібере салайын, енді көзіме көрінбей жоғал- депті.

Күндердің күнінде аң патшасы арыстан аңшының құрып қойған торына түсіп қалады. Жан ұшыра айқайлаған арыстанның даусын естіген тышқан көмекке келіп, тістерімен торды үзіп, арыстанды құтқарып алады. Арыстан тышқанға өз ризашылығын беріп,өзінің кезінде оны менсінбегені үшін кешірім сұрайды.

—         Арыстан неліктен тышқанды жібере салды?

—         Әрқашан көмек көрсету,қамқорлық жасау,бірлік қасиеттері қандай құндылыққа жол ашады?

 
6.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

2 топқа бөлу.

Ітоп:  «Қиянат жасамау»  тақырыбында

сурет салу, талдау

ІІ топ: «Жақсылық жасау» тақырыбында

шығарма жазу, талдау.

 
7.     Топпен ән айту.

«Дос болайық бәріміз»

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз

Жақсы боп жүреміз,

Қиянатты жасамай

Қол ұшын біз береміз

Жақсы өмір сүреміз.

Қ/сы

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Қиянатқа қимаймыз,қимаймыз,

Нұрға толсын жанымыз!

 
8.     Үй тапсырмасы.

№17сабақ  83- бет «Талаптыға нұр жауар»

 
9.     Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (1 мин)

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

 

Пікір қалдыру