Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы «Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Кадирханова Алия Данияровна

0

Мектеп оқушыларына математиканы оқытудағы

қиындықтарды шешу

 

Кадирханова Алия Данияровна

Мақтаарал ауданы, «Тұран» мектеп-гимназия»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі

 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», — деп Президентіміз атап айтқандай , сабақты ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдана отырып өткізу – жаңа білім берудің басты шарты.
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған , білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгеріс- терге жол ашады.
Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады.
Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», — деп Ахмет Байтұрсынов айтқан.
Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай
болуы керек. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік
стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында:                    «ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру». Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп– кеме, білім– теңіз дейміз, ал осы кемені мектептегі біздің шәкірттеріміз десек, кеме теңізде жүзген кезде дауылға, қарлы жаңбырға қарамай, қиындықтарды жеңе отырып алға жүзеді. Біздің балаларымызда білім мұхитында білімнің көшбасшысы болып жаһандық білім теңізінде еркін жүзуі үшін өткізетін сабақтарымыз қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген құзіретті тұлға қалыптастыруға бағытталу керек. Ал ол бүгіннен, яғни біздің әр күнгі беретін сабағымыздан басталады. Оқушыны мектеп қабырғасынан тыс өмірге бейімдеу үшін оларды күнделікті өзін-өзі реттеуге, өз білімін өз бетімен алуды ұйымдастыруға, өзін және өзгелерді бағалай білуге, қиын мәселелерді шешуде ұтымды жолды таңдай білуге, мәселеге сыни тұрғыдан қарап, баға беруге үйретуіміз керек. Әрине мұның бәрін өз сабақтарымызда біртіндеп жүзеге асыруға тиістіміз. Ең бірінші оқушыны өз пәнімізге қызықтыру керек. Ал оқушы қай жағдайда оқуға қызығады? Ақпараттық технологияларды қолдана отырып  сабақты өткізуге арналған әдіс – тәсілдердің тиімдісін түрлендіріп қолданып отыруымыз керек, түрлендіріп отыру дегенде бір тамақты күнде күнде қанша дәмді етіп пісірсе де жалықтырады емес пе, әдіс – тәсілдер де сол сияқты, сондықтан сабақтарымыздың бөлімдерінде бірде TV шоу, бірде семантикалық карта, бірде ыстық орындық, стикерлермен диалог, ойлаудың 6 қалпағы т.б әдістерді тиімді қолдана отырып баланың білімге деген тәбетін ашуымыз керек. Кез келген оқытушы өзінің пәнін қызықты өткізуге, және де

оқушыларының білімін арттыруға тырысады. Қазіргі кезде көптеген білім салаларында интерактивті тақталарды қолдану кең өріс алып келеді. Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері өте мол:

а) уақыт үнемделеді;

ә) аз уақытта көп білім беріледі;

б) оқушылар өз бетінше де жұмыс істей алады;

в) оқушы тақтадағы берілген материалды ықыласымен меңгереді, оқушының қызығушылығы артады және есте сақтауға көмектеседі.

Өйткені естігеннен, оқығаннан гөрі көзімен көрген есте жақсы қалады. Математика пәнін оқытудың оқушы қызығушылығын арттыруда өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан оқушылардың мектепте алатын білімі мен тәрбиесін жетілдіруде оқытудың жаңа формасы тиімді болмақ. Қазіргі кезде оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін, белсенділігін арттырады. Сабақтарымды электронды оқулықтарды қолданамын. Білім беруде «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі теориялық тақырыптарды графикалық иллюстация түріндегі әртүрлі суреттер сызба нұсқалар арқылы береді. Оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркемдеп безендірілген. Оқушылар үшін – электрондық оқулықтар мектепте оқылған жылдардың барлығындада өздері толықтыра отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық-дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жете меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Бұл оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілімен логикасында өзіне тән етіп таңдап алып отыр, осы сәтте ең керекті деген материялды қарап шығуға мүмкіндік береді. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясына іздеп таба білуде, әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптыстырады, модульдерде берілген алгоритм оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндігін береді мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып белсенділігі арта бастайды электрондық оқулықты пайдалану мұғалімніңде ғылыми-әдістемелік потенциялын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Кейде сабақ үстінде түсіндіру мүмкін емес құбылыстар мен тәжірбиелер жетерлік. Оларды компьютер көмегімен слайд немесе сабақ барысында интерактивті тақтаны қолдана отырып, көруге болады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» — деп Елбасы атап көрсеткендей, оқытудың жаңатехнологияларының бірі- ақпараттық технологияның оқу үрдісінде қоодану тиімділігі зор.

Жаратылыстану- ғылыми білім беруде сабақ барысында электронды оқулықтарды пайдалану арқылы мұғалімінің- оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылады. Сонымен қатар заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер берілуде. Осы орайда өз сабақтарымда ақпараттық технологияны қолдану мақсатында электрондық оқулықтарды тиімді пайдаланып жүрмін. Математика сабақтарында электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасалыады және оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар әр оқушы тадаған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Бұл әрине тақтаға жазып, түсіндіргеннен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Білім сапасын арттыру, оқушылардың өз бетінше іс- әрекеттерін жетілдіру, жандандыру мақсатында пән мұғалімі төмендегідей міндеттерді алға қою қажет:

— Оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастыру;

— Оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қою;

— Мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым- қатытасты сақтау;

-Жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуына күш салу;

— Тақырыптарға сәйкес қызықты есептерді жиі қолдану;

түрлендіріп өту;

— Күрделі есептерді шығаруға машықтандыру.

Интерактивтік құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

-пән бойынша базалық білімді меңгеру;

-алған білімді жүйелеу;

-өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

-оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Сонымен қатар әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгерту мүмкін.Олар сабақтан тыс уақытты жоспарлауға сондай-ақ сабаққа дайындалуға,оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. Сабаққа дайындық барысында электрондық оқулықтар, Internet желісінің ақпараттары қолданылады.        Математика сабағында ақпараттық технологияны тәжірибеде қолданудың екі бағытын айқындауға болады.

1.Жаңа тақырыпты өту барысында формулалар, дәлелдеулер, кейбір есептерді «кілт» ретінде шығару жолдарын, сызбаларды, графиктерді слайдқа жазып көрсету уақытты үнемдесе, әрі оқушының қызығушылығын арттырады.

2.Орындалған тапсырманың дұрыстығын оқушылар өздері компьютер арқылы тексереді. Математика туралы қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты есептер мен ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табады.

Заманға сай білім сапасын арттыру үшін әр оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.Оқушыларға терең де тиянақты білім беру- мұғалімнің басты мақсаты.Осы мақсатты жүзеге асырғанда ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.Білім сапасын арттыруда  сабаққа  әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып,оқушылардың танымдық шығармашылығын дамытуға кӛңіл бӛлу керек. Оқушыларға тапсырманы сабақтан тыс уақытта,үйірме жұмыстары кезінде де берген тиімді. Нәтижесінде қазіргі заманға лайық өмірден өз орнын табатын бейімді іскер, ойшыл оқушыны қалыптастыру. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру,ережелерді айта білулері, есептерді шығару барысында қолдана білулері тиіс. Іскерліктерін өз бетімен еңбектену сезімдерін білімдерін дамытуға қорытындылау, қайталау сабақтарында үнемі көңіл бөлу керек. Казіргі ақпараттандыру дәуірінде математиканың негізін меңгеру,жас ұрпаққа білім беру  тәрбиелеудің бірден-бір негізгі элементі болып табылады. Казіргі заман талабына сай барлық мектептерде оқушыларға электрондық оқулықпен білім беруде.         Жаңа оқыту технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.  Математика сабағындағы жаңа технологияны қолдануда қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін артады. Оқушылардың алған білімдері тереңдеп, сабақтың сапасы жақсарады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады. Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану  болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат- бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор  міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Демесінова С.Оқушылардың ойлау қабілетін логикалық есептер арқылы дамыту. 2. Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі. Математика және Физика. 2011ж.Ж.Караев
  2. Ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың теориялық негіздері. Қазақстан мектебі журналы.
  3. М.Жұмабаев. Педагогика. — Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
  4. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканың логикалық-құрылымдық курсы, — Алматы, 1996.
  5. Курт Мередит, Джинни Стил, Чарльз Тэмпл, Скот Уолтер. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал.Алматы, 2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру