ОҚО Арыс қаласы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Утелова Раушан Лесбековна

0
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты- жөні Утелова Раушан Лесбековна 8-сынып С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
Сабақтың атауы «Виет теоремасына есептер шығару»
Сілтеме Алгебра 8- сынып, Ә. Н. Шыныбеков, слайдтар, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты Сабақтың мақсаты: Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету.
Міндеттер 1.     Білімділік:

2.     Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету.

3.    Дамытушылық :
1. Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру.
2. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жүргізілген бекіту сабағы.

 

Мұғалім үшін оқу нәтижелері Квадрат теңдеудегі келтірілген теңдеулерді және Виет теоремасын жеке, жұп болып жұмыс жасауды және шығарылған есептерді талдауды игереді.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері Оқытудағы жаңа тәсілдер, ой толғау, жеке және жұптық жұмыс, деңгейлік тапсырмаларды орындау
Сабақтың көрнекілігі Оқу құлардары, таратпа материалдар
Күтілетін нәтиже Оқушылар келтірілген квадрат теңдеудің анықтамасын және Виет теоремасын, түрлерін шешу тәсілдерін өз бетімен меңгере отырып, есептерді тиімді тәсілдермен шығарады. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Сабақтың барысы Мұғалімнің әркеті Оқушы әрекеті

 

Сабақты ұйымдстыру 5 мин 1.       Оқушыларды түгелдеу

2.     Оқу құралдарын тексеру

3.    Үй тапсырмасын тексру

4.     Сыныпты 4 топқа бөлу

5.    Патриоттық ұран

 

Орындарын тауып, сабаққа дайындалады
    Сабақтың ұраны Мен білемін,

Менің білгім келеді,

Мен жетістікке жетемін.

Тапсырмалар
Қызығушылығын ояту: 7

мин

Интерактивті тақтаға

«Қайталау- оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

 

1.                       түріндегі теңдеу қалай аталады?

2.             формуласымен есептелетін сан қалай аталады?

3. Егер D>0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?

4. Егер D=0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?

5. Егер D<0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?

6. Қандай жағдайда квадраттық теңдеу келтірілген квадраттық теңдеу деп атайды?

7.                                        теңдеуінің  коэффициенттерін атап шығыңдар.

8. Егер квадраттық теңдеуінде коэффициенттердің бірі – b не с немесе b мен с-ның екеуі де 0-ге тең болса, мұндай теңдеулерді қалай атайды?

 

Оқушылар интерактивті тақтадан кез- келген ұяшықты таңдайды да, топ мүшелері кезектсіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
Топтық жұмыс

Тарихқа саяхат

Фишбоун

10 мин 1571ж. Франция. Тақта кароль Генрих ІІІ. Франция мен Испания арасындағы соғыс кезі. Ал біз болсақ француз, матматик, әрі юрист Француа Виеттің уйіндеміз. Француа Виет бір нәрсе жазып отыр. Дәптеріне үңіліп қарасақ: Түбірлері бар бірнеше келтірілген квадраттық теңдеудің түбірлерін, түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін табыңдар және жауаптарын кестеге толтырыңдар.

Теңдеулер:

х2 – 2х – 3 = 0

Х2 + 5х – 6 = 0

х2– х – 12 = 0

х2+ 7х + 12 = 0

х2– 8х + 15 = 0

Түбірлері бар бірнеше келтірілген квадраттық теңдеудің түбірлерін, түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін табалы және жауаптарын кестеге толтырады.

 

Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс

7 мин №151 есептер шығару

Тарихи дерек

Дәптерге №151 есптерді шығарады
Шифрын шешу 5 мин 1580ж. Ф.Виет мемлекет қызметкері. Франция мен Испания арасындағы соғыс кезінде Испания мен Нидерланды арасындағы жасырын хат ұсталды. Ол хат 600-ден астам әріптер мен символдармен жазылған. Виет сол шифрланған хатты шешті.

 

х²+х+2= 0 (2;1) У

х²-3х+2= 0 (3;-5) А

х²-х-6= 0 (-2;-3)С

х²+2х-15= 0(3;-5)А

х²+2х-15= 0(2;-3)Н

х²+х-6= 0(-2;3)Ф

х²+2х-48= 0(-8;6)Р

ФРАНСУА

Сергіту сәті Атаның сөзі – ақылдың көзі. 3

мин

”Зерде” ойыны.
Атаның сөзі – ақылдың көзі.
(Виет теоремасын ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыру).
Ойынның шарты: екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері,
Осы сандарға байланысты мақал- мәтелдер құрастырып
Олардың мағнасын, мазмұнын түсіндіру керек.

Мысалы: жауабы 1 тапсырманаң ( бір тал кессең, он тал ек)
2 тапсырма (7 рет өлшеп 1 рет кес)
3 тапсырма ( жігіт 8 қырлы 1 сырлы)
4 тапсырма ( 7 ұлттың тілін біл, 7 түрлі білім ал)
5 тапсырма (ұлға 30 үйден, қызға 40 үйден тыю)
6 тапсырма (алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел
болса төбедегі келеді)
7 тапсырма (1 ауызға 2 елі қақпақ)
№ Теңдеу Х1 Х2 Мақал-мәтел
айту
1. х² -11х+10=0 1 10
2. х²  -8х+7=0 7 1
3. х² -9х+8=0 8 1
4. х² -14х+49=0 7 7
5. х² -70х+1200=0 30 40
6. х² -10x+24=0 6 4
7. х² -3х+2=0 1 2

Виет теоремасын қолданады, мақал- мәтелді айтады, олардың мағынасын, мазмұнын түсіндіреді
Сабақты қорыту

Сөзжұмбақ шешу

3 мин  1.                       түріндегі теңдеу қалай аталады?

2.             формуласымен есептелетін сан қалай аталады?

3.Дәлелдеуді қажет ететін математикалық тұжырымдама қалай аталады?

4.Теңдеуді дұрыс теңдеуге айналдыратын айнымалының мәнін қалай айтамыз?

Жасаған еңбегінің нәтижесін білу, күнделік ұсыну
Бағалау

 

3 мин Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.

 

 

 

Топтағы оқушылар бірін- бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды

 

 

 

Үйге тапсырма 30 сек № 152, 153 Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу
Рефлексия 30 сек Оқушыларға рефлексия парағын таратамын.

 

Оқушылар толтырып берді.

 

Тапсырмалар Үй тапсырмасы Қайталау- оқу анасы Тарихқа саяхат Біліміңді сынап көр.(Оқулық) Шифр шешу «Зерде» ойыны Сөзжұмбақ Рейтинг
Аты-жөні
                 

Бағалау парағы:

 

 

 

Бағалау шкаласы:

 

1-3= “3”       4-7= “4”            8-10= “5”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру