Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі География пәнінің мұғалімі Мұстафаева Кенжекүл Мұзапбарқызы

0

    Сынып: 8 «а,ә,б»

    Тақырыбы: Қазақстанның табиғат кешені

   Сабақтың  мақсаты:Қазақстандағы  табиғи-аумақтық  кешеннің бөлінуі,географиялық  зоналардың таралуы және қалыптасу  факторларының ерекшеліктерін  анықтай білуге үйрету.Топтық,ұжымдық  іс-әрекетте  жұмыс  жасау  арқылы оқушылардың пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Күтілетін  нәтиже:Тіл байлығы артып,ойлау қабілеті  артады,бір-бірін  құрметтеуге үйренеді.

.Сабақтың түрі: СТО оқыту  технологиясын сабақта  қолдану.

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: топпен, проблемалық тапсырмалар

Құрал-жабдықтар:Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері. Интербелсенді тақта

Сабақтың барысы

Кезең Мұғалімнің     іс-әрекеті Оқушылардың       іс-әрекеті
Ұйымдас

тыру

1мин

Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді. Мұғаліммен орындарынан  тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді.
 

Үй тапсырма

сы

 

10мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты  ояту

1.Психологиялық дайындық

2.Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу.Бағалау парақтарын  тарқату.

3. Мұғалім өткен сабақтардан оқушылардың алған білімдеріне сүйеніп сұрақ қояды.

«Таным таразысы»

1.Биосфера д-з не?

2.Флора,Фауна д-з не?

3.Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың қанша түрі бар?

4.Зоогеографиялық адандарға сипаттама бер.

5.Адамға қауіп төндіретін омыртқасыз жәндіктер.

6.Қазақстанның қызыл кітабы алғаш қашан жарық көрді?

7.Қазақстандағы қорықтарды ата.

8.Қазақстан жануарлар дүниесінің азаюына әсер ететін факторлар.

9. Жер бедерін өзгеріске ұшырататын қандай  күштер?
Ішкі және  сыртқы күштер.

10.Елімізде  қанша эндемик өсімдіктер бар?

. Оқушылар  сурет қиындыларын құрастыра отырып топқа бөлінеді,өз топбасшысын тағайындайды.

Топ ережесін еске түсіреді.

Әр оқушы өз білетіндерін  еркін  жауап береді.

1.Жердің тірі организмнен тұратын ж-е оларды қалыптастырушы тіршілік ортасы.

2.Флора -өсімдіктер,Фауна –жануарлар жиынтығы.

3. Сүтқоректілер-178,құстар-489

4. Дала, орманды дала, шөл, шөлейт,таулы аудандар.

5.Қарақұрт,бүйі,шаян,жылан,кене,маса т.б.

6.1978ж(жануарлардың87түрі енді)

7.Ақсу-жабағылы,Наурызым, Алматы,Барсакелмес,Үстірт,Қорғалжын,Б.Алтай,Алакөл,

Марқакөл,Қаратау.

8.Судың,топырақтың ластануы,антропогендік,

тіршілік ететін ортаның өзгеруі

9. Ішкі және  сыртқы күштер.

10. 730-дан астам.

Әр топтан топ басшылар топ мүшелерінің жауабына бағалау парақтарына баға қойып отырады .

Оқушылар нақты дәлелдермен  жауап беріп отырады.

Жаңа сабақ

 

 

 

    21мин

Мағынаны тану.

1.Суретпен жұмыс.

Суретті талдау бойынша жаңа сабақ тақырыбы ашылады.

Жаңа сабақ;Қазақстанның табиғат кешені

2.Жаңа сабақтың мағынасын ашу.Уақыт береді.Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын

қадағалайды.Жолдастар-ң жауаптарын  тыңдауын, толықтыруын қадағалайды.

А) 1-топ Табиғи-аумақтық кешен дегеніміз не?Қандай топқа бөлінеді?

Ә) 2-топ Географиялық зоналардың таралуы ж-е қалыптасу факторы.

Б) 3-топ Табиғат зонасы дегеніміз не?Қазақстандағы табиғат зоналарының таралуы.

В) 4-топ Табиғи-аумақтық кешеннің өзгеріске ұшырау факторлары.

 

3.Тапсырмалар арқылы постер қорғау.

 

 

Құрастырған суреттер бойынша оқушылар  суреттің мағынасын ашады.

1-топ; Шөл зонасы

2-топ;Орманды зона

3-топ;Дала зонасы

4-топ;Табиғат зонасының картасы

 

Топқа берілген суреттер арқылы оқушылар өз ойларын айтып, әңгімелейді.

Табиғат компоненттерінің байланысы,табиғат зоналарының ерекшелігі туралы деректер  айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топта жеке,бәрі бірігіп  шартты белгілер қойып, талдау жасайды.

Әр топтан біреу  жауап береді. Негізгі жауапты таңдауға  үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді.

 

Мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап береді.

 

Мұғалімнің әр топқа берген тапсырмасы бойынша оқушылар  постер жасайды,оларды өз деңгейімен қорғайды

 

 

Сабақты бекіту

 

 

 

10мин

Ой-толғаныс

Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді:        1)Графикалық диктант. (ия +,жоқ-)

1.Табиғат кешенінің көлемі әртүрлі

2. Табиғат кешендері экватордан полюстерге қарай өзгереді.

3. Тірі ағзалар тіршілік ететін қабат-литосфера

4.Табиғат кешені антропогендік факторлардың әерінен өзгереді.

5. Жердің сыртқы қабаты ядро мантия литосфера қабаттарын құрайды

2) Проблемалық сұрақтар беріледі

Ой-қозғау

А)Табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер

Ә)Егер мен табиғатты қорғау министрі болсам……….

Б) Құмды шөл табиғат кешенін көз алдарыңа елестетіңдер.сусыған құм, тікенекті сирек өсімдік,құмға бейімделген жануар.Енді осы табиғат кешеніне өзен суын бұрып,канал жүргізгенде қандай өзгеріске ұшырайды?

В)Біздің елімізде табиғатты қорғау мақсатында қандай шаралар жасалуда?

•      «Экологиялық есеп» сайысы

Топтарға бірдей тапсырма беріледі.

1. Тауық өсіретін кешендерден тәулігіне 350метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас зат құйылады?

2. Бір автомобиль тәулігіне 20кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1айда қанша газ бөліп шығарады?

 

Графикалық диктантты барлық оқушылар орындарында орындайды, тақтадағы дұрыс жауабымен бір-бірінің жұмысын  тексереді,бірі-бірін бағалайды.Жұмыстың бағасын топ басшы  бағалау парағына қояды.

Дұрыс жауабы;

1 2 3 4 5
+ + +

 

Мұғалімнің Ой-қозғау кезеңінде берген тапсырмаларын орындайды:

Ауызша тапсырманы орындай отырып,еркін өз ойларын жетізеді.

Топтан бір–екі оқушы сөйлеп тапсырманың толық орындалуын топ басшы қадағалайды.

Бағалау парағына  топ мүшесінің бағасын әділ қояды.

 

Есепті топпен жылдам орындайды  жауаптарын өздері тексереді.Дұрыс жауабын  тақтадан көрсетіледі. Топ басшы тексеріп бағалайды.

 

 

1. Шешуі: 365*350=127750м(куб)

 

2.Шешуі:6*20=120; 120*30=3600(кг)
 

2мин Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай,

топ басшылардың бағалау парақтарына қарап  бағалайды.

Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.
 

 

 

Үй тапсырмасына §36 оқу, «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап» немесе «Табиғат кешендерін қорғау» тақырыбына мәнжазба жазу

 

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.
 

2мин

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап,  оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды. Сабақтан алған әсерін стикерге жазып, плакатқа бекітеді.

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру