Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназия

0

 Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназия

Тізбектелген сабақтар топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Тізбектелген төрт сабақты 5-сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен жоспарладым.

1-сабақ: «С.Жүнісов. «Ақырғы бәйге» әңгімесі.

2-сабақ: «Шығарма кейіпкерлері, көркем тілі».

3-сабақ: «І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы мен С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» әңгімесінің үндестігі, негізгі ойы».

4-сабақ: «Шығармадағы заман көрінісі».

Алдыма келесі мақсат қойдым: жеті модульді ықпалдастыра отырып,  тапсырмаларды  жеңілден күрделіге  бағыттап, оқушының қызығушылығын арттыру. Ізденістен алған білім нәтижесін оқушы  жадысында ұзақ сақтауға, алған білімін өмірде  пайдалана алатын, келешекте негізі қаланған, саналы тұлға қалыптастыру.

Бағдарламаның жеті модулі мен  Блум таксономиясын негізге алып, орташа мерзімді жоспарын  құрдым. Тапсырмалар оқушылардың  жас ерекшеліктеріне  сәйкес құрылды.

Тізбектелген  сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын қолдану нәтижесінде оқушылар  өз бетінше ізденуді, жұпта, топта жұмыс істеуді, сыни тұрғыдан ойлануды, тұжырым жасауды, сұрақ қоюды, қорытынды жасауды үйренеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері ашады.  Өз жұмысын сыни тұрғыдан бағалауды, өзара бағалауды үйренеді. Сөйлеу, ойлау дағдыларын жетілдіреді,  топтаса жұмыс жүргізу арқылы  ынтымақтастық атмосферасын құрады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушылар диалогке түседі. Оқушылар еркін сөйлеп, ойларын ашық айтуға, білімді өз бетімен меңгеруге дағдыландыруды мақсат еттім. Жоспарды құру барысында барлық оқушыны сабаққа тарту ескерілді. Соның нәтижесінде дарынды балалармен жұмыс түрлері жоспарланды. Мұғалім ретінде мен тек қана бағыт беруші боламын.

Сабақ барысында өздеріне қажет материалдарды жинақтау үшін ғаламтор материалдарын ала отырып, АКТ-ны  қолданады.  Орта мерзімді жоспарлау барысында  жеті модульді ұстана отырып, бәсекеге жан-жақты қабілетті, жұпта, топта жұмыс атқара алатын, сыни тұрғыдан ойлай алу қабілеттері жоғары, қабілеттері шыңдалған жеке тұлға қалыптасады деп ойлаймын. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетінің дамуына, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде:

— Оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеп үйренеді;

-Диалогке түсу арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптастады;

-Білімді өз бетімен ала отырып, бірін- бірі бағалауды үйренеді.

Болашақта осы жүйемен жұмысымды жоспарласам, оқушыларым  үлкен жетістіктерге жететіндеріне сенемін. Сонымен қатар өзімнің де кәсіби біліктілігім арта түседі деп үміттенемін.

Сабақтың жалпы мақсаты:

  1. Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер.
  2. Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары
  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  4. АКТ
  5. Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
  6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық
  1.Сабақтың тақырыбы 2. Оқып үйренудің негізгі мақсаттары

 

3. Оқытуда  қолданылатын әдіс-тәсілдер   4. Оқып үйренудің нәтижелері

 

5.Бағалау, оқыту үшін бағалау 6. Барлық оқушыларды сабаққа тарту  жұмысы (инклюзивті оқыту)

Оқытуды басқару және көшбасшылық

7. Негізгі

дерек көздер

 

1 Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» («Ақан сері» романынан үзінді)

Білу

Түсіну

Қолдау

 Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Ақырғы бәйге» әңгімесінің мазмұнын меңгеру

 

Таныстырылым (С.Жүнісов өмірі мен шығармашылығы туралы)-4

Сергіту сәті-1

Ынтымақтастық атмосфераны құру-1 «Жүрек жылуы» тренингі

Таңдаған түске қарай топқа бөліну-1

Сөзжұмбақ-2

«Эстафета»-2

«Ара ұясы»-2

«Оңай және қиын сұрақтар» -2

«Қошемет»-3

«Құлагер» әні-4

Оқушылар  Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алады, «Ақырғы бәйге» әңгімесінің мазмұнын меңгереді

 

Жауабына байланысты формативті пікір айтылады.-3

«Екі жұлдыз, бір тілек»-3

Топтық жұмысты критерий бойынша бағалау

Өзін-өзі бағалау

Кері байланыс.

(Смайликтер).

 

   Оқушылардың ретті  жұмыс істеуін ұйымдастыру,  бақылау жүргізу, өзгерістер енгізу-7. Бақылауға алынған оқушылардың іс-әрекетін бақылау

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сұрақтар, тапсырмалармен жұмыс жасау-6.

Топпен және жұппен жұмыс жасау барысында оқушылардың қабілеттері ескеру-7

Сұрақтар арқылы әр түрлі деңгейдегі оқушыларды қамту-5

Дарынды оқушыға жеке тапсырма беру-5

Зейінін, жадын, ойлауын дамыту-7

 Оқулық авторы:  Ә.Дайыр,Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Ғ.Құрманбай,. «Атамұра», 2010.

Интербелсенді тақта,

Ғаламтор желісі,

А.Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»  Алматы. 2013.

 

2 Шығарма кейіпкерле-

рі, көркем тілі.

Талдау

 Шығарма кейіпкерлері, көркем тілі.  Психологиялық ахуал-1 (Күй)

Ұлттық ойындар суретін тыңдап, топқа бөліну-1

«Ыстық орындық»-2

«Адасқан әріптер»-2

«Кубизм»-2

«Бестармақ»-2

Топтастыру-2

Сергіту сәті-1

 

Шығарма кейіпкерлерін бейнесін ашады, көркем тіліне талдау жасайды  Жауабына байланысты формативті пікір айтылады-.3

Бағалау критерийлері бойынша  бағалау. Топтық жұмысты бағалау-3

Өзін-өзі бағалау-3.

Кері байланыс.

« Конверттер» әдісі

 

  Оқушылар арасында келешекте көшбасшы болуға қабілеті бар балалардың анықтау-7

Оқушылардың ретті  жұмыс істеуін ұйымдастыру,  бақылау жүргізу, өзгерістер енгізу-7

Бақылауға алынған оқушылардың іс-әрекетін бақылау -7

Топпен жұмыс істеу кезінде белсенділік танытпаған оқушыларға сабақта бекіту кезеңінде жеке сұрақтар қою арқылы тарту-7

Деңгейлік тапсырмалар-Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сұрақтар, тапсырмалар беру

Топпен және жұппен жұмыс жасау барысында оқушылардың қабілеттері ескерілу -6.

Сұрақтар арқылы әр түрлі деңгейдегі оқушыларды қамту-7

Сабаққа жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы өзгерістер  енгізу

 

Оқулық авторы:  Ә.Дайыр,Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Ғ.Құрманбай,.«Атамұра», 2010.

Интербелсенді тақта, ғаламтор желісі.

А.Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»  Алматы .2013.

 

 

3 І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы мен С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» әңгімесінің ұқсастығы мен үндестігі, шығарма

ның негізгі ойы

Жинақтау

 І.Жансүгіров «Құлагер»поэмасы  мен С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» әңгімесінің үндестігін табу, негізгі ойын ашу

 

 Ынтымақтастық атмосфераны құру.  «Құпия дос» әдісі.Тілек Айту ережесі: әр сөздің арасында қол соғып, тыныс белгіден кейін аяқпен  дыбыс шығару.

«Тұлғаны танып біл»-2

Венн диаграммасы-2

Мазмұнды сызба-2

Сергіту сәті-1

Үшбу хат-2

Интервью-2

 

 І.Жансүгіров «Құлагер» мен С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» әңгіменің ұқсастығы мен үндестігін табады, негізгі ойын ашады

 

 «Галерея шарлау»-3

«Екі жұлдыз, бір  тілек»-3

«Бағдаршам»-1

Критерия бойынша бағалау-3

Өзін-өзі бағалау

Мазмұнды сызба  де

Кері байланыс.

«+», «-», қызықты кестесі-«Бағдаршам»-1

 

 Оқушылардың ретті  жұмыс істеуін ұйымдастыру,  бақылау жүргізу, өзгерістер енгізу-7

Зерттеуге алынған оқушылардың іс-әрекетін бақылау -7

Сындарлы ойлауға бағыттау-Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сұрақтар, тапсырмалар беру

Топпен және жұппен жұмыс жасау барысында оқушылардың қабілеттері ескерілуі тиіс -6. Дарынды оқушыларға қосымша материалдар беріп, үлгермей отырған оқушыларға кеңес беруге, көмектесуге ұсыныс беру-5

 

Оқулық авторы:  Ә.Дайыр,Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Ғ.Құрманбай,. «Атамұра», 2010.

Интербелсенді тақта, ғаламтор желісі.

А.Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»  Алматы. 2013.

 

4 Шығармадағы заман көрінісі

Бағалау

Шығарма бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытынды ой шығару

 

Ынтымақтастық атмосфераны құру.

«Көршінің суреті»-1

Сергіту сәті-1

«Ойлаудың алты қалпағы»-2

Үш минуттық эссе-2

Интервью-2

«Құлагер» кинофильмінен үзінді-4

 

Шығарма бойынша алған білімдерін жинақтайды, қорытынды ой шығарады.

 

«Бағдаршам»-1

Мадақтау арқылы бағалау-3

Өзін-өзі бағалау-3

Топтық жұмысты бағалау-3

«Бағдаршам»-3

Кері байланыс-3

Эссе «Сабақтан алған әсерім»

Оқушылардың ретті  жұмыс істеуін ұйымдастыру,  бақылау жүргізу, өзгерістер енгізу-7

Бақылауға  алынған оқушылардың іс-әрекетін бақылау -Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сұрақтар, тапсырмалар беру

Мұғалім әр топтағы әртүрлі деңгейдегі оқушылардың қарым-қатынастарын бақылайды-7.  Сабақ барысында топ басшылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп отыру-7

Оқулық авторы:  Ә.Дайыр,Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Ғ.Құрманбай,. «Атамұра», 2010.

Интербелсенді тақта, «Құлагер» кинофильмі

(үзінді), ұялы телефон

А.Әлімов. «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері»  Алматы. 2013.

Пікір қалдыру