Шалқар Мирас Маңғыстау обл. Жаңаөзен қаласы № 8 орта мектеп .7 А сынып оқушысы Барлық жануарлар біздің досымыз

0

Шалқар Мирас

Маңғыстау обл. Жаңаөзен қаласы

№ 8 орта мектеп .7 А сынып оқушысы

Барлық жануарлар біздің досымыз

Үй  керек  бұл  әлемде бәріне,

Жан – жануар,ұшқан құсқа

Құрт – құмырсқа , жәндікке де! Әңгімемді  осы жерден бастайын.

Жаз мезгілі еді. Ағалы-інілі  Асан мен Үсен деген ағайынды балалар болыпты.Асан  күшікті, ал Үсен  мысықты өте қатты жақсы көреді екен , оларды  калапты.Олар бізде күшік пен  мысық  жоқ деп қапаланатын.Бұны естіген анасы балаларына жаз айларында алып  береміндеп  уәде  береді.Сүйтіп  Асан мен Үсен  жаз  айын асыға күтеді. Жаз айы көзді ашып- жұмғанша өте шығады.

Асан мен Үсен жаз айы болды деп қуанып далаға достарымен ойнап келуге шығады.Сонда Асан мен Үсен:

-Жаз келді алақай,

Ойнаймыз  далаға–ай.

Қамалып отырмай,

Жүріңдер балақай ! -деп  өзінің  достарын шақырады.Асан мен Үсеннің  достары көп, оларды  сағынып ойынның қызығына тоймай,барлығы асыр-салып ойнап,шаттанып, күліп  ойнап жүр. Ойынның қызығына тоймаған  Асан мен Үсен кеш түскенінде байқамай қалды.Асан мен Үсен үйге барар жолда бір күшікті  көріп қалады да қуанып кетеді.Асанға  анасы берген  уәдесі есіне түсіп кетеді.Күшікке қарап тоңып, аш екенін біліп оны үйіне алып кетеді.Үсен қапаланып келе жатады сосын кенет ағаштың басында түсе алмай тұрған  кіп-кішкентай ала мысықты көреді, оны құтқарып мысықтың жаурап және аш екенін біліп оны да үйіне алып келеді.Үйіне келсе анасы жок екен, анасы болмаған соң Асан мен Үсен күшікпен мысықты жуындырып, тамақтандырады, тіпті оларға атда қояды.Күшіктің аты-мойнақ ,ал мысықтың атын Майса деп қояды. Сосын Асан күшігіне:

-Күшігім ,менің күшігім,

Үй күзетер пысығым.

Үргені де шамалы,

Тамақ берсең болғаны, -деп айтады.

Сосын Үсен мысығына:

-Мысығым, кел,кел маған,

Сүт берейін мен саған.

Ит кеп қалса, қорғаймын,

Көтерейін, сен маған , -деп айтады.

Сосын жандарына анасы келіп:

-Бұл кімнің күшігі мен мысығы ?-деп сұрайды.Сосын Асан мен Үсен барлық болған жәйді айтып береді де, сосын сіздің уәдеңізде есімізге түсіп кетті деп айтады. Сосын анасы балаларына карап:

-Жарайсындар,  сендерге рұқсатымды бердім,барлық жануарларға да үй керек кой! -деп айтады. Балалары қуанып кетеді.

Сосын Асан күшігіне:

-Тентек болма, ақ күшік,

Еріншек болма,ақ күшік.

Кең далада сенімен,

Жарысып мен жүгірем!-дейді.

Сонда Үсен ала мысығына қарап:

-Ала мысық тырнама,

Тырнағаның бола ма?

Ұстайыншы  қолыңнан,

Ойнайық, ер соңымнан !-деп күлімсіреп айтады.

Сосын Асан мен Үсенге анасының барлық жануарлар біздің досымыз деген сөзі есіне түсіп кетеді. Олар барынша жануарларға көмектеседі, құстарға ұя жасап , ағашқа іліп қояды.Анасы оларға риза болады.

Пікір қалдыру