Ақтөбе Әйтеке би. Аралтоғай ауылы С.Оразалин атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Акимова Гулшат Амановна«Мәңгілік ел – менің арманым!»

0

Мәңгілік ел – менің арманым!
Мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетіміздің одан әрі нығайту. Отанымыздың басынан кешкен оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру. Сана мен мәдениет және құқық пен міндеттің орындалуына тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ҚР Конституциясының кітапшасы, Ту, Елтаңба, шарлар, гүлдер, нақыл сөздер жазылған плакат.
Сабақтың барысы Қазақстан – туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты.
Әнұран орындалады
Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы: «Мәңгілік ел – менің арманым!»

Тренинг: «Тілек гүлі» шаттық шеңберінде тқрып бір- біріне жылы тілек айту арқылы гұлді сыйлап, көңіл – күйлері көтеріледі.

Оқушылар  Шаттық шеңберінде  «Біз бақытты баламыз!» сөйлемін айту арқылы      3 – топқа бөлініп отырады.

Поэзия минуты:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Қазақстан біздің сүйікті — Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып — жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» — деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихы, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.
Мұғалім: Ал қане, балалар,
30 тамыз күні қандай мереке?
30 тамыз күні 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституция – Ата Заңымыз қабылданған күн. Ата Заңымыз 98 баптан тұрады. Әр баланың, адамдардың құқығы қорғалады. Ата Заңым – бабалардың лебізі. Ата Заңым – барлық заңның негізі. Арқа сүйер Ата заңда адамды. Артық санау кемсітудің жоқ ізі. Ата Заңым мемлекет айбыны Ата Заңым асыл ойдың айдыны Туған жердің — Қазақстан елінің Ата Заңмен қорғалады байлығы.
Ой – қозғау:

Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
«Отан отбасынан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?

Отан — өз үйім, ата – анам, достарым, бауырым, тау, тас, өзен — көл, туған жер, бәрі Отаным болады.
— Дұрыс айтасыңдар. Ендеше Отан туралы балалар не дейді?
Қазақ елінде тұратын адамдардың  Отаны – Қазақстан Республикасы.
1 — оқушы
Туған жер – алтын таң.
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
2 — оқушы
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен.
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
3 — оқушы
Отан дейміз кең — байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ән: «Менің Қазақстаным»

Қазақ елінде ұанша ұлт өкілдері тұрады?

ҚР халқы қай тілде сөйлеуі керек?

Біздің тұңғыш Президентіміздің аты жөні кім?

Мұғалім: Бүгінгі қазақстанымыз – қашан да мақтанышымыз. Біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңай келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді  бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз көркейіп, гүлденді. Өзге елдерімен терезесі тең болып; болашаққа жол ашты.Астана – бас қаламыз болды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында  Қазақстан Халқы Ассамблеясының мерейтойлық XXII сессиясы өтті. Бейбітшілік пен келісім- Елбасымыздың саясаттағы негізгі ұстанымы. «Ассамблея» – достық,бірлік деген сөз.

1992 жылы Қазақстан Ассамблеясын құру туралы идея жарияланды.

1995 жылы Қазақстан Ассамблеясы құрылды.
Қазақстанның рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
4 — оқушы
Қазақстан Республикасыныңболашағы елім, жерім, ата — бабамкүрескен, кіндік қаным тамған туған жерім.
5 — оқушы
Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн.
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын.
Қазақстан Республикам – елім менің!
6 — оқушы
Егеменді ерікті ел екенбіз
Жылдан – жылға дамыған берекеміз.
Бостандықтың таңы ашқалы
Халайық, құтты болсын мерекеміз.
7 — оқушы
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев атамыздың тәуелсіздігіміздің
Келешегі жолында жүзеге асырып
Жатқан жұмыстарын толық қолдаймыз
8 — оқушы
Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын
Қазақстан Республикам менің.
«Веер» әдісі арқылы топтық жұмыс
Мұғалім: Біздің Республикамыз қалай аталады?
— Қазақстан Республикасы
— Қазақ жері қандай?
— Қазақ жері өте бай, әрі кең.
— Отанымыздың астанасы?
— Астана қаласы
— Ал сең білесің бе, осыған дейін қандай астаналар болған?
— Бұған дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астанамыз болған
— Астана қаласы бұл 13 — ші астанамыз екен.
— Астана қаласы күннен — күнге жаңарып, гүлденіп, көркейіп келеді.
— Аз ғана уақыт ішінде жаңа тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтеріп қалған
Қорытынды:

«Ия — жоқ» тұжырымдамасы
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық — өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан
Біз көппіз және бәріміз бір елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен келісім мен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына айналдырдық.

Біз бәріміз – бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар – ол, тәуелсіз Қазақстан

Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

«Мәңгілік ел — менің арманым!»деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда.
Ән: «Атамекен»

 

Сабақтың тақырыбы:
Менің Отаным — Қазақстан (1 — сынып)
Біздің Отанымыз – Қазақстан (3 — сынып)
Мақсаты: Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту;
Сабақтың әдістері: Сұрақ — жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақ барысы
I. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ.
Бағдарлау — мотивациялық кезең
«Қызықты ұйқастар» шешу арқылы білімімізді қорытындылаймыз.
«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым… /қазақ/
2. Аман болсын қарттар
Суықты болар…/қаңтар/
3. Құт — береке жауғыз,
Келе жатқан…/наурыз/
4. Ашытылған қамыр
Мерекелі… /мамыр/
5. Суда жүзер сазан
Айдың бірі… /қазан/
6. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз… /Астана/
7. Менің досым салмақты
Бұрынғы астанамыз…/Алматы/
8. Партаның бетін жырма
Күзде басталады…/қырман/
9. Тынықтырар түн
Қуаныш сыйлар…/күн/
— Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі.
Мысалы: Қаңтар айында қандай мереке бар? Наурыз айында ше? Т. б.
— Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық?
-«Қазақстан»
— Ендеше «Біздің Отанымыз — Қазақстан» атты жаңа сабағымызды бастаймыз.
1. Өткен күн.
Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі)
2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/
Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым — қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік.
Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.
ІІ. Сараланған бөлім.
Операциялық — орындаушылық кезең.
1. Суретпен жұмыс.
2. Оқулықтан тыс жұмыс.
Ақтөбе қаласы бойынша төмендегідей негізгі өнеркәсіп өнімдері өндіріледі:
Мұнай
Ілеспе газ
Хром рудасы
Ферро қорытпа
Ақтөбе облысы бойынша мынадай кен байлықтары бар:
Никель
Мыс
Мұнай
Конденсат
Хромит рудасы
Алтын
Асбест
Фосфорит
3. Оқулықпен жұмыс.
«Менің Отаным — Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады.
4. Дәптермен жұмыс.
Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:
Ресей
Түрікменстан
Өзбекстан
Қырғызстан
Қытай
ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық — бағалау кезеңі.
Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық — өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан
Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық.
(Әнұран орындалады.)
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Менің Отаным — Қазақстан», «Біздің Отанымыз — Қазақстан». Мазмұнын айту

Пікір қалдыру