«Қазақ тілін пән ретінде оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді

0

Өтетін орны және мерзімі: Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Абай даңғылы 14,

Кіші зал, 26 ақпан сағат: 15-00

01Мемлекеттік тілді дамыту институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2012-2014 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар», «Жұмсалымды грамматиканың негіздері», «Қазіргі егемен Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қызмет етуі мен дамуы», «Түркі тілдері», «Развитие и функционирование государственного языка в суверенном  Казахстане» атты бес ғылыми еңбекті әзірлеп, жарыққа шығарған болатын. 2016 жылы 26 ақпанда Алматы қаласында аталған дөңгелек үстел барысында осы кітаптардың таныстырылымы болады:

Қазақ тіл білімінде оны пән ретінде оқытудың нақты шекарасы, ауқымы әлі нақты анықталып болған жоқ. Мәселен, орыс аудиториясына қандай грамматика оқытылуы керек, қазақ аудиториясына (мектепке, жоғары оқу орындарына, ғылыми ортаға) оқылатын грамматика қандай болуы керек деген мәселе бүгін әлі күн тәртібінде тұр. Оқушыға да, студентке де, аспирантқа да дәстүрлі грамматиканы (бастауыш пен баяндауышты) оқыта беру дұрыс емес. Жоғарғы мектепке тек жүйені ғана емес, оның жұмсалу ортасын, қолдану заңдылықтарын қоса алып қарастыратын, оны адамның ойлау, шығармашылық әрекетімен байланыстыра қарайтын жұмсалымды грамматиканы оқыту қажет. Нақты ғылымдарда нақтылық бар, мәселен, математикада қай деңгейде нені оқыту керек екендігі айқын, басы ашық мәселе. Бастауыш мектеп – арифметика, орта мектеп – алгебра, жоғарғы мектеп – жоғарғы  математиканы (выш.мат.) оқиды. Біздің тіл біліміне де осындай нақтылық керек-ақ.

Қазір біздің қазақ тілін оқыту бойынша барлық күш-жігеріміз бен дәулетіміз (капитал) тек орыс аудиториясына бағытталып кеткендей көрінеді. Сондықтан қазақ тілінің қазақ аудиториясындағы жай-күйін мамандармен бір талқылап алуды жөн көріп отырмыз. Қатысушыларға сертификат және аталған кітаптар тегін беріледі.

Сіздерді осы жиынға қатысуға шақырамыз.

Пікір қалдыру