Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылы «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ Торгеев Айдос Рахымжанұлы сызу-бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

0

 Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылы

«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

 Торгеев Айдос Рахымжанұлы

сызу-бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі            

 Бейнелеу өнері, 4-сынып

                          

Тақырыбы: Композиция

Негізгі мақсат: Оқушыларға композиция туралы жан-жақты мәлімет беру, бейнелеу өнеріндегі композицияның маңыздылығын жете ұғындыру.

Күтілетін нәтиже:

а/ барлық оқушылар композиция дегеннің не екенін біледі

ә/ оқушылардың басым бөлігі композицияның бейнелеу өнеріндегі маңыздылығын

түсінеді

б/ кейбір оқушылар композицияны үйлестіре отырып, қылқыламмен жұмыс істеу

шеберліктерін (сурет салу арқылы) таныта алады

Сабақ барысында қолданылатын сын тұрғысынан ойлау тәсілдері:

Топтық жұмыс, Серпілген сауал, Миға шабуыл, Венн диаграммасы

Көрнекі құралдар: сурет альбомы, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, композиция туралы қосымша мәліметтер, композициялық сурет үлгілері

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Алдыңғы оқу: үйге берілген суреттің салынуын тексеру

Ұйымдастыру кезеңі:

а/ шаттық шеңбері

ә/ топқа бөлу /үйлесімді түстер арқылы/

б/ топ ережесін қайталау

«Қызығушылықты ояту» кезеңі

              

Миға шабуыл

Сұрақ: Композиция туралы алғашқы ойларың?

«Ой бұлттары» әдісі арқылы әр топтың ойларын ортаға салу

1- топ

Композиция

құрылым

 

үйлесім                                        шығарманың құрылысы (әдебиет сабағында)

?

 

 

«Мағынаны тану» кезеңі

«Жанұя-1» әдісі арқылы әр топ композиция туралы өз беттерінше оқып, мағлұмат алады. Топтар бір-біріне түсіндіреді және қарсы топқа жаңа тақырып бойынша сұрақ қояды.

Композиция – латын сөзі «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген мағынаны білдіреді. Композиция – шығармадағы заттар мен адамдардың қоршаған ортамен, яғни табиғатпен үйлесімділігі, яғни дұрыс құрастырылуы.

Ереже шығару: Суреттің мазмұнын ашу, пішінді дұрыс табу, шығарманың көлемін дұрыс таңдау. Осының бәрі композициялық құрылым деп аталады.

Қосымша мәлімет: Композиция шығарманың мазмұнымен тығыз байланысты болуы керек. Олай болмаған жағдайда туынды сәтсіз болып шығады. Демек композиция суретшінің шығармасы үшін ең маңызды рөл атқарады.

Үлгі сурет көрсету: «Қыс» тақырыбына салынған сурет

Бұл суретті салу үшін суретші ең алдымен салынатын суреттің көлемін анықтап алады. Содан кейін ішкі көріністерді бір-бірімен өзара байланыстырып, үйлесімдік тудыру керек. Кемшіл болған тұстарын қосымша толықтырылады. Ол үшін бірнешеу етіп эскиздер жасалынады. Соның ішінен дұрыс әрі әдемі болып шыққан эскиз таңдалып, сол үлгі бойынша сурет салыну керек.

«Ой толғау» кезеңі

Графикалық жұмыс: үш топ «Жыл мезгілдері» тақырыбында композиция құрастырады

1-топқа: Жаз

2-топқа: Күз

3-топқа: Көктем

Топтар бірін бірі критериалды бағалау және «Бас бармақ» әдісі  арқылы бағалайды.

Критериалды бағалау үлгісі:

  • Суреттің мазмұны
  • Түстер мен бейнелердің өзара үйлесімділігі
  • Композициялық құрылымның танылуы

 

Сабақты пысықтау:

«Серпілген сауалдар» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.

Сұрақтары: Композиция дегеніміз не?

Композициялық құрылым дегенді қалай түсіндің?

Композицияға симметрияның қандай қатысы бар?

Сурет салу үшін композиция қаншалықты маңызды?

 Венн диаграммасы:

 

Бейнелеу өнеріндегі композициялық құрылым
Әдебиеттегі шығарманың композициялық құрылымы

сурет жанры                                                                                                  шығарма жанры

жазушының

екеуі де құрылымға негізделген

суретшінің қылқалам шеберлігіне                                                                қиял шеберлігі

тікелей байланысты                                                                                       арқылы танылады

Бағалау кезеңі: Тақырып бойынша оқушылар шығармаларын салыстыра отырып баға

                             беру

 

Үйге тапсырма: Абай шығармаларына сюжетті иллюстрация жасау

Пікір қалдыру